Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет193/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ҮШ ЖАСТАҒЫ
ДАҒДАРЫС
23


ҚЫҢЫРЛЫҚ – бұл бала өзі соншалық қалағандықтан 
емес, талап еткендіктен өз дегеніне көндіргісі келетін 
жағдай. Көбінесе ата-ана, «кім кімді жеңеді» деген 
желеумен, қыңырлық көріністерін күшейтіп, нығайтып, 
баланы орын алған қақтығыстан абыроймен шығу мүм-
кіндігінен айырып, тұйыққа тірейді. 
ҚЫРСЫҚТЫҚ негативизмнен адамға емес, өмір салты-
на, осы сәтке дейін оның мінез-құлқын белгілеп келген 
ережелерге қарсы бағытталатынымен ерекшеленеді. Бұл 
- бала бұрын көргеніне қарсы шығарған жасырын бүлік. 
НЕГАТИВИЗМ (ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ) баланы өз қалауы-
на қайшы әрекет етуге итермелейді. Бала одан сұраған 
әрекетті жасаудан бас тартады – қаламағандықтан емес, 
тек одан солай істеуді өтінгендіктен ғана. Бала әре-
кетінің басты себебі – одан өтінгендей емес, керісінше 
істеу. 
ТІЛАЗАРЛЫҚ. Негативизм тілазарлықтан бөлек. Тіл 
алмағанда бала өтініш мазмұнына қарсы шығады және 
ересек адамның нұсқауларына ермейді, себебі, сол 
сәтте өзіне қызықтырақ басқа іспен қолы бос емес. Тіл 
алмағанда бала ересек адамның қалауына қарама-қай-
шы өз қалауына ереді. Негативизм жағдайында бала 
өз қалауына қайшы әрекет етеді. Негативизм әлеу-
меттік мәнге ие және өтініш мазмұнына емес, адамға 
бағытталған. Негативизм талғампаз: бала тек белгілі 
бір адамдардың ғана өтінішін орындаудан бас тартады, 
мысалы, тек анасының немесе тек әкесінің. Қалған басқа 
айналадағылармен ол тілағыш және жуас болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет