Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


 ЖАСТАҒЫ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛА



Pdf көрінісі
бет194/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ЖАСТАҒЫ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛА 
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ТӘН НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР
157
ҮШ ЖАСТАҒЫ
ДАҒДАРЫС
23


ДЕСПОТИЗМ (озбырлық) көбінесе жалғыз балалы 
отбасында жиі кездеседі. Ол бар күшін салып айнала-
сындағыларға билік жүргізгісі келеді, бұрын, бар қалауы 
орындалған ерте балалық шағындағы орнын иеленгісі 
келеді. Мұндай жағдайда бала «тақсыр» атанғысы келеді.
ҚЫЗҒАНЫШ. Егер отбасында бірнеше бала болса, бұл 
белгіні қызғаныш деп атауға болады. Бала бұрынғы-
ша билік етуге тырысады, бірақ билікті өзара бөлісуге 
мәжбүр бауырларына қызғанышын көрсетеді.
БІРБЕТКЕЙЛІК баланың қолынан келмесе де, бар-
лығын өзі жасағысы келетіні түрінде орын алады. Бұл 
ретте оның дербестікке ұмтылысы белгі береді.
НАРАЗЫЛЫҚ – бүлік бала мінезінің наразылық сипа-
тына ие болуымен өзгешеленеді, бала айналасындағы-
ларға соғыс ашқандай әсер қалдырады.
Наразылық-бүлік ата-анамен жиі ұрыс-керіс шығаруға 
алып келеді.
ҚҰНСЫЗДАНУ – бұрынғы заттарға, адамдарға, мі-
нез-құлық ережелеріне үйірліктің құнын қашыру. Бала 
бұрын-соңды үйде айтуға болмайтын балағат сөздер 
айта бастауы мүмкін. Сөзінде тек жаман, теріс мағынаға 
ие сөйлемдер пайда болады. Жақында ғана қастерлі 
болған ойыншықтар, кітаптар құнынан айырылуы мүм-
кін, бала оларды лақтыруы, жыртуы, жағымсыз атау беруі 
мүмкін.
158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет