Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет218/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


ПСИХОЛОГ, бұл маманның міндеті - ата-анасының 
алаңдаушылығын тудыратын баланың мінез-құлқындағы 
ерекшеліктер (тіл алмау, қырсығу, ашушаңдық, бала-
лармен немесе ересектермен қарым-қатынас құрудағы 
қиындықтар, ұйқысының және тәбетінің бұзылуы) немен 
байланысты екенін түсіну. Аналар мен балалар үшін 
жеке дәрістер мен кеңестер, сонымен бірге, топтық 
дәрістер де беріледі. Олардың мақсаты – анасының 
көзінше балаға өзге балалармен қарым-қатынас құру 
мүмкіндігін беру. Мұндай дәрістер балақайға болашақта 
балабақшаға тезірек үйренуге көмектеседі. Кейде ата- 
анаға өз баласын түсіну қиынға соғады, себебі, оларды 
өз уайым-қайғылары мен қиындықтары мазалайды. Он-
дай ата-аналарға жеке кеңестер және топтық дәрістер 
көмектесе алады. 
ЛОГОПЕД – алғашқы байланыстарды дамыту маманы. 
Әр бала даму мүмкіндіктеріне ие. Сондықтан, көмек-
ті оған мұқтаж барлық балалар алады. Логопед сізге 
тез сөйлеп кетуі үшін баламен қалай тіл табысу қажет, 
қандай ойындар ойнағаны жөн екені туралы айтып 
береді, әрі көрсетеді. Әр бала тілді өзіне тән мәнерін-
де және өзіне тән қарқынмен меңгереді. Тіпті бала тіл 
дамытуда өз құрдастарынан қалып қалса да, есейгенде 
міндетті түрде қиындыққа тап бола бермейді. Алайда 
ондай балаға тіл игеруде ересек адамның көмегі қажет. 
Дамуында күрделі қиындықтарға тап болған балалар-
дың да адамдармен тілдесу мүмкіндігі болуы тиіс. Оны 
тек тіл арқылы емес, ым-ишарат көмегімен де жүзеге 
асыруға болады. Логопед сіздің балақайыңызға лайықты 
байланыс тәсілдерін табуға тырысады.
179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет