ТУЫСТЫҚ Жақсы ма ол, жаман ба.
Бірге туған бауырың,
Бауырмен өсер бағаң да,
Көрсетер сыртқа сауырын.
Қара бұлт төнсе басыңа,
Сыртқа соғар дауылың
Топ құрап жүрсе қасыңда,
Қуатың берік, ауылың.
Ұжымшыл туыс жақын ғой,
Мақсат бір, бірге тілегі
Топтасса ортақ ақыл-ой,
Бірге соқса жүрегі.
Жарасты қандай туыстық,
Жүретін дәйім ағалап.
Сыйластық қандай тым ыстық,
Бір-бірін ұқса бағалап.