Жастар саясатының 2014 жылға атқарылған жұмыстар бойынша есебі



бет1/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#7262
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Жастар саясатының 2014 жылға  атқарылған жұмыстар бойынша  есебі.

7 тамыз күні Партияның "Бақытты балалық" жобасы аясында Текелі қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалымен бірлесе отырып, "Алматы облысының жастар саясаты орталығы" КММ филиалы - "Текелі қаласының жастары" "Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен "Алтын  лагерінде "Dance Dance" атты флешмоб өтті. Шараның басты мақсаты лагерьде жан - жақтан келіп демалып жатқан жасөспірім балаларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлау, салауатты өмір салтын жандандыру, жастарды патриоттық сезімге баулу. Шара барысында балалар флешмоб билеп соңынан әсем әннің толқуында өз бойындағы өнерлерін белсене ортаға салып көрсетті. Кемесі өрге жүзген өнерлі жастарымыздың саны тек қана жоғарылайды деген сенімдеміз. Бұл күн лагерь демалушыларына ерекше әсер қалдырды!

Ағымдағы жылдың 5 тамыз күні қаламыздың 4 орта мектеп стадионында «Текелі қаласының туризм және дене шынықтыру бөлімі» ММ, "Алматы олысының жастар саясаты орталығы" КММ филиалы - "Текелі қаласының жастары" Жас Отан ЖҚ, ұйымдастыруымен жастар арасында "STREET WORKOUT" спорт ойыны өтті. Шараның басты мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың арасында жат-мінез, құқық бұзушылықтың алдын алу. Жүлделі 1 орынды Нұрмұханов Жайнарбек қанжығасына байлады, 2 орын Боранбаев Сұлтан, 3 орын Қуатбаев Нагашбай иеленді.

18 шілде күні "Алматы облысының жастар саясаты орталығы" КММ филиалы - "Текелі қаласының жастары" "Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен "Алтын чажа" лагерінде "Мен бақытты баламын" атты көңілді старт ойындары өтті. Шараның басты мақсаты лагерьде жан - жақтан келіп демалып жатқан жасөспірім балаларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлау, эстафеталық жарыстар ұйымдастыру мақсатында салауатты өмір салтын жандандыру, жастарды патриоттық сезімге баулу. Жастар өздерін белсенді көрсетіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды!

11 шілде күні қаламыздың бассейні салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қаламыздың белсенділері жас бүлдіршіндерге қызықты конкурстар өткізіп шағын концерттік бағдарламамен, ойындармен баулады. Бүлдіршіндер қызығушылық танытып белсене қатысты!

10 шілде күні қаламыздың №5 орта мектебінің стадион алаңында "Алматы облысынң жастар саясаты орталығы" КММ филиалы "Текелі қаласының жастары" ЖАс Отан ЖҚ, "Текелі қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі" ММ ұйымдастыруымен 2000 жылғы жастар арасында Астана күніне орай мини-футбол ұйымдастырылды. 1 жүлделі орын Тәуелсіздік к-ң балалары алды,2 орын- Қора-1 к-ң балалары,3 орын- Қора-2 к-ң балалары. Шараның басты мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спорттық шеберліктерін арттыру, жастардың бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттерін жоғарлату мақсатында өтті. Жастарға алдағы уақытта ізгі ниетпен "Текелі қаласының жастары" ойыншыларға тілек тілеп алғыс хаттармен, медальдар кигізіп,1 жүлделі орынға иленген командаға жаңа футбол формасы берілді.

26.06.2014 жылы қалалық мәдениет үйінде «Жас Өркен» және КММ "«Текелі қаласының жастары» ұйымдастыруымен "Біз есірткіге қарсымыз" атты би кеші өтті. Шара барысында жастарға есіркінің адам өміріне қауіптілігі жайында бет парақтар берілді. Жастар барынша би билеп көңіл көтеріп  «
Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет