Овогенез
• Жумыртқа жасушасының қүрамында қоректік заты көп болғандықтан, ол ірі болып келеді.
• Көбею аймағы - митоз жолымен бірнеше қайталанып бөлінудің нәтижесінде
жасушалардың саны көбейеді. Нәтижесінде диплоидты овоциттер түзіледі.
Өсу аймағы - рибосомаЛар, РНҚ, нәруыз т.б. молекулалары қарқынды синтезделіп, әрбір
жануарлар түрінің жыныс жасушаларына тән мөлшерге келеді.
• Пісіп-жетілу аймағында - мейоздың бірінші бөлінуі басталады. Нәтижесінде көлемі
жағынан әртүрлі гаплоидты жасушалар түзіледі.
• Овоцит - цитоплазмасы өте көп ірі жасуша, бағыттаушы денешік - кіші жасуша.
• Іле-шала екінші мейоздық бөліну жүреді де, нәтижесінде үш бағыттаушы денешік пен цитоплазмасы мол овоцит жасушасы түзіледі.
• Қалыптасу кезеңінде гаплоидті хромосома жиынтығы бар бағыттаушы денешіктер
жойылып, гаплоидты хромосома жиынтығы бар жумыртқа жасушасы урықтануға қатысады.
Ұрықтану деп гаплоидты хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс
жасушалары ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны ЗИГОТА дейді.
• Моноспермиялы урықтану бір ғана жумыртқасы урықтанады. Мысалы, сүтқоректілер.
• Полиспермиялы урықтану жумыртқа жасушасына бірнеше сперматозоидтер енуі.
Мысалы, былқылдакденелілер, қосмекенділер, жорғалаушылар, жәндіктер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |