Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



бет2/2
Дата04.05.2017
өлшемі416,12 Kb.
#15536
1   2

2.1. Кіріспе

    1. Бұл жұмыс оқу бағдарламасы колледждің : 0301000 - «Емдеу ісі» мамандығына арналған. Жалпы курсқа 156 сағат берілген, оның ішінде: теория 156 сағат.

Қазақ әдебиеті пәні-білімдік, тәрбиелік үлкен жүкті көтеретін ең маңызды пәндердің бірі.

Әдебиет- сөз өнері, ол білім алушыларға көркем сөздің сыры мен қасиетін,сазы мен сағынышын жеткізетін,қиял әлеміне шарықтататын,ойлылыққа, шешендікке,көсемдікке тәрбиелеп баулитын пән.Әдебиет- сан ғасырлық жолдардан өткен қазақ әдебиеті. Ол –біздің халықтың көркем бейнесі, халықтың әдеби тұлғасы,жаны. Жаңа дәуірде қазақ әдебиеті барлық тарихи шындықты бастан кешірген әдебиет болып бізге жетті.


2.2. Курстың мақсаты: Қазақ әдебиетін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында оқытудың негізгі мақсаты:

-сан ғасырлық жолдан өткен көркем әдебиеттің озық үлгілерімен таныстыру;

-қазақ әдебиетінің ақын-жазушылары туралы мағлұмат беру;

-қазақ әдебиеті арқылы білім алушылардың бойына туған жерге, елге, ана тіліне деген шексіз құрмет сезімін дарыту;

-қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиеті мен салт санасына деген құрмет пен ілтипат сезімдеріне баулу:

-қазақ әдебиеті арқылы білім алушылардың адамгершілік қасиеті мен рхани дүниесін байыту, оларды азаматтыққа, арлылыққа, достыққа тәрбиелеу.

-Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында қазақ әдебиетін оқытудың міндеті-шығарманың тіл байлығын, сөз өрнегін, олардың әрқайсысының атқаратын идеялық эстетикалық мәнін жете түсіндіру.

-Әдеби шығарманы оқыту арқылы көркем ойдың адамгершілік, эстетикалық байлықтарын игерту, көркемдік талғамын қалыптастыру.

-Сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, игерген әдеби материалдар негізінде шығарма жазуға баулу.
Курстың міндеті: Студенттердің мектептегі әдебиет курсы бойынша алған білімдерін жүйелеу.Оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру.
2.3. Игеру керек:


  • оқуды; тыңдап түсіну;

  • монолог түрінде сөйлеуге үйрету;

  • оқығанды нақты түсіну арқылы толық ақпаратты жеткізу

  • сұраққа жауап қайтару;

  • мәтін мазмунын жеткізе алу;

  • шығарма жаза білу;



2.4.Пәндік біліктіліктер (құзыреттіліктер) қалыптасуы керек:

Бұл курсты меңгеру арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуі тиіс:

Білуі тиіс:

  • - эпикалық, лирикалық, драмалық туындылардағы басты кейіпкер келбетін;

  • көркем шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруді:

  • - көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра таңдай білуі:

  • - қазақ әдебиетінің әртүрлі даму кезеңдеріндегі көне әдебиет нұсқаларын және жалпы адами құндылықтарды салыстырады:

  • ақын-жазушылар шығармаларындағы кейіпкерлерді таңдай алуға:

  • - өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілетін қалыптастыруға:

  • -ақын- жазушылардың өмірі, олардың көркем шығармаларының негізгі мазмұнын, идеялық- тақырыптық мәнін айқындауды.

  • -мәліметтер жиыстырудың компютерлік әдісі, ғаламтордан қажетті мәліметті іздестіру,электронды оқу құралдарымен жұмыс істеуді:

  • көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық- тақырыптық мәнін айқындауды;

  • - мәнерлеп оқудың барлық элементтерін қолдануды;

  • көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарының түрлерін (эссе, шығарма, өлең құрастыру) орындай білуге;


2.5.Қалыптасатын дағдылар:

1. Қазақ әдебиеті пәні бойынша мазмұнын меңгерту

2.Теориялық білімді қолдана отырып,шығарма жазу

2.6.Жалпы құзырет:


  • Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Түрлері, тақырыптар. Эпостың өзіндік белгілерін білу, батырлар жырының тақырыбын білу, шешендік сөздерінің өзіндік белгілерін білу, жыраулар поэзиясының ерекшелігін білу, «жырау», «жыршы», «ақын» ұғымдарын білу. Қазақ халқының фольклоры. Көне әдебиет нұсқалары. XV ,XVII ғасыр поэзиясы XVII ғасырдағы қазақ әдебиеті XVII-XIX ғасырдағы жыраулар мен ақындардың шығармалары.

  • Ақпарат: ақпаратты жинақтайды және тәжірибеде қолданады.

  • XX ғасырдағы әдебиет. Ақын- жазушылардың өмірі және олардың шығармалары. Тәуелсіздік кезеңіндегі шығармалар.

  • Электронды пошта, ғаламтормен жұмыс жасау және ондағы мәліметтерге таңдау жасау қабілетін игеру

2.7. Пәндік құзырет:

1.Курстың пререквизиті.

Студенттер Әдебиет курсын игеру үшін келесі пәндерді білуі керек:



  • Орта мектептің “Қазақстан тарихы” курсын;

  • Орта мектептің “Мәдениеттану” курсын;

  • Орта мектептің “Жалпы тарих” курсын;

2.Курстың пререквизиті.

  • алынған білімді студент курстың жалғасы ретінде қолдана алады.


2.8. Пәннің мазмұнын игеру:

«Қазақ әдебиеті теориялық негіздері» пәнін меңгеру арқылы қазақ әдеби тарихын дәуірлеу сияқты ауқымды мәселелер туралы кең мәлімет алады. Әдеби бағыттағы тың зерттеулермен танысады. « қазіргі қазақ поэзиясының поэтикалық жүйесі» пәндерін толық та мәнді игеруге,әдеби тілдің теориялық мәселелерін қазақ әдебиеті материалдары негізінде талдап, пікір айтуға мүмкіндік алады.


2.9. Пән бойынша тақырыптық жоспар




Тақырыптар мен бөлімдердің атаулары


Сағат саны


Барлығы


Өткізілу түрі

І

Кіріспе.

ХV- XVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы


10




1

Сыпыра жырау

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

2

Асан қайғы Сәбитұлы

2


Оқулық, газет-журнал материалдары

3

Қазтуған жырау Сүйінішұлы

2


оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

4

Шалкиіз жырау Тіленшіұлы

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

5

Доспамбет жырау

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

II

ХVII ғасырдағы қазақ әдебиеті


6



1

Жиембет жырау Бортоғашұлы

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

2

Қожаберген жырау Толыбайұлы


2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

3

Тәтіқара ақын

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

III

ХVIII-XIХ ғасырлардағы ақындардың шығармалары


8



1

Бұқар жырау Қалқаманұлы

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

2

Ақтамберді жырау Сарыұлы

2


Оқулық, газет-журнал материалдары

3

Үмбетей жырау Тілеуұлы

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

4

Шал ақын(Тілеуке Құлекеұлы)

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

IV


ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет


10

Шығармалар жинағы, ақын портреті, буклет, хронологиялық кесте

1

Жалпы шолу

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

2

Дулат Бабатайұлы «Еспембет» дастаны

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

3

Махамбет Өтемісұлы. «Менің атым Махамбет», «Атадан туған ардақты ер», «Нарын», «Тайманның ұлы Исатай»

2


Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

4

Майлықожа Сұлтанқожаұлы. «Толғау», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Жылдың төрт мезгілі»

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

5

Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Әділеттік орнаса», «Сүйінбайдың Тезек төреге көңіл айтуы», «Бала Жамбылға бата», «Төреге, Үмбетәліге»

2


Оқулық, газет-журнал материалдары

V


ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет


36




1

Мұрат Мөңкеұлы. «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған» Мұрат Мөңкеұлы. «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған»

2


Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

2

Шоқан Уәлиханов

2


оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

3

«Ыстықкөл күнделігі», «Жоңғар очерктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері»

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

4

Ыбырай Алтынсарин

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

5

«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері»

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары



6

Абай Құнанбаев. «Сегіз аяқ», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?»

2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия

слайдтар


7

«Ескендір» дастаны

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары



8

Қарасөздері: «Бесінші сөз», «Жетінші сөз», «Он тоғызыншы сөз»

2

Оқулық, газет-журнал материалдары

9

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Бір Аллаға сыйынған арам өлмес», «Кәрілік туралы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

10

«Еңлік-Кебек» дастаны

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

11

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Хал ахуал», «Шайттанның саудасы», «Гүлшат- Шеризат»

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

12

Біржан сал Қожағұлұлы. «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Жанбота», «Көкек»

2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

13

Ақан Қорамсаұлы. «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша»

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

14

Ахмет Байтұрсынов. «Маса», «Қырық мысал»

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

15

Міржақып Дулатов. «Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

16

«Бақытсыз Жамал» романы

2




17

Жүсіпбек Аймауытов. «Қартқожа» романы

2

Оқулық, газет-журнал материалдары

18

«Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары



VI


ХХ ғасыр әдебиеті


86




1

Мағжан Жұмабаев. «Жазғы таң», «Толқын», «Туған жер», «Сен сұлу», «Шолпы», «Сырдағы Алашқа», «Мені де өлім,әлдиле»-

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

2

Сәкен Сейфуллин өлеңдері: «Нұра», «Көңіл», «Біздің жігіттер», «Сыр сандық».

2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

3

«Көкшетау», «Аққудыңайырлуы» поэмалары.

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

II семестр

4

Бейімбет Майлин. «Қара шелек», «Айт күні», «Ұлболсын» «Шұғаның белгісі»

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

5

Ілияс Жансүгіров«Құлагер», «Күйші» дастандары

2


оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

6

Мұхтар Әуезов

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

7

«Абай жолы» эпопеясы.

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары



8

Драмалық шығармалары («Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан»)

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

9

Шығарма жұмысы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

10

Сәбит Мұқанов.

2

Оқулық, газет-журнал материалдары

11

Ғабит Мүсірепов. «Қазақ солдаты» романы

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

12

ҚасымАманжолов. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

13

Әбділда Тәжібаев. «Портреттер», «Монологтар»


2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

14

ХамзаЕсенжанов. «Ақ жайық» романы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

15

Жұбан Молдағалиев. «Мен қазақпын» поэмасы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

16

СырбайМәуленов. «Боранда», «Қош бол, сәулем» өлеңдері

2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

17

ТахауиАхтанов.

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

18

«Боран» романы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

19

Әбдіжәміл Нұрпейісов.

2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия

слайдтар


20

«Қан мен тер» трилогиясы


2

Оқулық, газет-журнал материалдары

21

Зейін Шашкин. «Доктор Дарханов» романы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

22

Әзілхан Нұршайықов

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

23

« Ақиқат пен аңыз» романы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

24

Зейнолла Қабдолов. «Менің Әуезовім» роман-эссе үзінді

2

Оқулық, газет-журнал материалдары

25

Мұқағали Мақатаев.

2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия

слайдтар


26

«Көктем де келер», «Қайран Қарасазым-ай», «Туған жерге», «Қабағы таудың қатулы»

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

27

ШерханМұртаза.

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

28

« Қызылжебе» романы.

2




29

Мұхтар Шаханов« Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» өлеңдері

2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия

слайдтар


30

Сәкен Жүнісов. «Заманай мен Аманай» повесі

2




31

Қадыр Мырза-әлі. «Домбыра» өлеңі.

2

Оқулық, газет-журнал материалдары

32

Тұманбай Молдағалиев. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбаттым менің» өлеңдері

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

33

Қабдеш Жұмаділов

2

Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

34

«Тағдыр» романы

2




35

ӘбішКекілбаев.


2


оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

36

«Үркер», «Елең- алаң» романдары

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

37

Мұхтар Мағауин

2

оқулық, кеспе қағаздар, хрестоматия, слайдтар

38

«Аласапыран» романы

2

Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары


39

Оралхан Бөкей. «Қар қызы» повесі.

2


Тақырып бойынша сұрақтар,тест,

40

Қазіргі қазақ айтысы

2


Хрестоматия, оқулық, газет-журнал материалдары

41

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті. Әдебиеттану мәселелері. Проза. Поэзия

2


Тақырып бойынша сұрақтар,тест,


42

Президент Н.Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындағы «Тәуелсіздік толғауы»

2

Оқулық, газет-журнал материалдары

43

Қайталау. Сынақ.

2


Тақырып бойынша сұрақтар,тест,





Барлығы:

156




2.10.Студенттің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) бойынша тапсырмалар, олардың түрі, таратылуы және орындалған СӨЖ бағалау.

Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), аудиторлы жұмыспен бірге білім беру үрдісінің бір түрін құрайды, сонымен қатар, ғылыми, оқу және клиникалық біліктілігін арттырып, өз бетінше жұмыс жасау машықтарын қалыптастыруға арналған. Жаңа білім берулік парадигмаға сүйенсек, жұмысын алғаш бастаған маман фундаментальді білімді, кәсіптік біліктілік мен машықтанумен толық игеруі қажет

СӨЖ түрлері әртүрлі. Тақырыпты бөліп берген кезде студенттер әдістемелік нұсқаулар, қажетті әдебиет тізімі мен бағалау критеийлерімен танысады.

СӨЖ 5 деңгейін бар, оның негізіне орындаушылық пен шығармашылық үрдістердің бірлестігі алынған. (Ипатова М.А., 2004).



Бірінші деңгей СӨЖ – ақпараттың тікелей жеткізу (рефераттар).

Екінші деңгей – үлгі бойынша өзіндік жұмыс: дәрістер мәтініне сұрақтар қою, тест сұрақтарын құру. СӨЖдің бұл түрі тапсырманың жауабын табу үшін студенттердің ойлау қабілетіне бағытталған.

Үшінші деңгей – реконструктивті-өзіндік жұмыс, оларға ребустар, сөзжұмбақ,ситуациялық сұрақтар жатады, яғни дайын затты жинақтау.

Төртінші деңгей – оқытушы берген қиын ситуациялық сұрақтарға жауап беру ; іскерлік жұмыстарға дайындау.

Бесінші деңгей – шығармашылық (зерттеулік) өзіндік жұмыстар.

Кафедрада өзіндік жұмыс ретінде келесі тапсырмалар түрлері берілген:



  • Тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізу

  • Әр тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру

  • Презентация дайындау

  • Тест тапсырмаларын құрастыру

Пәннің жұмыс бағдарламасының әр тақырыбы бойынша студенттерге қалауынша 6 тапсырма түрі беріледі. Студенттер бір тапсырманы 2-3 адамнан бірлесіп орындауына немесе бір өзі ғана орындауына болады. Студенттер көмегіне кафедрада СӨЖ орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар құралған. СӨЖ тапсырмаларын барынша дұрыс бағалау үшін арнайы баллдық бағалау критерийлері құрастырылған, олар силлабусқа енгізілген.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар.



СӨЖ тақырыптары

Өткізу формасы

Еңбегі акад. Сағ бойынша

1

2

3

4

1.

XV-XVII ғғ. қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ерекшелік сипаты

Реферат дайындау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша эссе жазу.

2

2.

Ақындар мектебінің әдеби даму барысы және дамуы

Баяндама дайындау. . Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша шығарма жазу

2

3

XVIII-XIX ғғ.қазақ жазба тілінің көрінісі.

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша глоссарий құру. Сөзжұмбақтар дайындау.

2

4

Дулат поэзиясы тілінің көркемдік сипаты.

Т.Медетбектің «Махамбет рухының монологі» өлеңі.



Реферат дайындау.. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Өлең талдау

2

5

М.Мөңкеұлы шығармаларының көркемдік әсерлігімен,ой қуаты жөнініндегі сипаттама

Реферат дайындау. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Ой толғау жазу

2

6.

Абай тілі- әдеби тіл. Абай дамуындағы жаңа белестер.

Баяндама дайындау. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Эссе жазу. Өлең жаттау.

2

7.

М.Әуезов әңгімелеріндегі адамгершілік мәселелерінің «Абай жолы» романымен үндестігі жайлы түсініктері

Реферат дайындау. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Мәтін құрау.

2

8.

Шәкәрім поэзиясындағы ғылым жолындағы талапкерлерге берер кеңестері

Баяндама дайындау. Әңгімелеу. Тесттер әзірлеу.

2

9

Біржан өлеңдері- қазақ поэзиясының үлкен арнасы

Ойтолғау жазу. Біржан әндерін жинақтау. Тесттер әзірлеу.

2

10

Ахмет Байтұрсынов- ұлт күрескері

Шығарма жазу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу.

2

11

Бейімбет Майлиннің әңгіме жанрын дамытудағы қосқан үлесі.

Баяндама дайындау. Әңгімелеу. Тесттер әзірлеу.

2

12

Сіздің ұғымыңыздағы ұлттық құндылықтар

Пікір жазу. Тест тапсырмаларын орындау.

2

13

«Заманай» көркем фильмінің көркемдік деңгейі

Пікір білдіру. Зерттеу жұмыстарын жүргізу

2

14

Тәуелсіздік есімдерін айқындаған тарихи тұлғалар

Эссе жазу. Буклеттер дайындау.

2

15

Қазіргі қазақ жастар поэзиясы

Баяндама дайындау. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша глоссарий құру.

2




Барлық сағаттар




30

Әрбір студент 1 өзіндік жұмыс орындауы қажет

2.11. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Тұрсыналиева С.Ч. Такишева А.Ж. Қазақ әдебиеті: оқулық 10-сынып. Астана 2014ж. 2.Әдістемелік құрал.10-сынып. Астана «Арман-НВ» 2014 3.Әдібаев Х. Қазақ әдебиеті. Оқулық 11-сынып. Алматы.Мектеп 2012 ж 4.Бердібай Р. Қазақ әдебиеті. Оқулық 11-сынып. Алматы.Мектеп 2011ж 5.Қирабаев С. Қазақ әдебиеті. Оқулық 10-сынып. Алматы.Мектеп 2006ж 6.Шәрінова Ә. Қазақ әдебиеті. Хрестоматия 10-сынып. Алматы.Мектеп 2003ж

7. Б.Әрінова «Қазақ әдебиеті» 10 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Мектеп» 2006 ж

8.Х.Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы А, 2011 ж

9.Абай энциклопедиясы А, 2007 ж

10.Қазақ әдебиеті А, 2006 ж


Қосымша әдебиеттер:

1. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А.1992

2.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А.1990

3. Қабдолов З. «Сөз өнері» .Алиаты 2002ж

4. Қазақ әдебиеті анықтамалығы. Алматы 2000 ж

5.Жолдасбеков М. Асыл сөздің атасы. Алматы 1996 ж

6. Қазақ энциклопедиясы 2005 ж

7. «Қазақ хрестоматиясы» 2007 ж

8. «Абай жолы» 4 том

9. «Аңыз адам» журналы 2014 ж



2.12.Жабдықтар және қамтамасыздандыру

Жабдықтар: компьютерлер, ноутбуктар, мультимедийлік проекторлар.

Қамтамасыздандыру мультимедийлік дәрістер, тесттік тапсырмалардың және ситуациялық сұрақтар комплектері, электрондық оқулықтар жинағы.

2.13.білім мн құзыретті бақылау формалары:

Шығармашылық жұмыстары: семестрде 2 жұмыс



СӨЖ: жеке және топтық тапсырмалар СӨЖ ұйымдастыру технологиясына байланысты (реферат, презентация, эссе, жобаны қорғау т.б. тапсырмалар жобалық-зерттеу сипатында)

Бақылау тапсырмалары



Тақырып

Бақылау түрі

апта

бағалану

1

XV-XVIIIғғ. Қазақ әдебиет үлгілері

жазбаша

1

5

2

Ақын-жыраулар шығармаларының тілі

жазбаша

2

5

3

XVIII, XIX , XX ғасыр әдебиеті бойынша тест тапсырмалары

жазбаша

3

5

4

XIX ғасырдың І жартысындағы ақындар.


жазбаша

5

5

5

Қазақ әдебиеті дамуындағы Ы.Алтынсариннің орны.

жазбаша

7

5

6

Абай шығармаларының тілі.


жазбаша

14

5




Барлығы








30



Ауызша сұрау – максималды сандық баллмен 5 (үздік) бағаланады

Критерийлер

2

3

4

5

Тақырыпты ашу

тақырыпты ашпады, жауап бергенде қателіктер жіберді

тақырыпты толық ашпады, жауап бергенде қателіктер жіберді


оқу материалының аясындағы сұрақ бойынша тақырыпты ашты


тақырыпты толық ашты, қосымша дереккөздердегі мәліметтермен сұрақ бойынша терең білімін көрсетті


Презентацияны бағалау өлшемі

Материалдыбаяндауы

3

4

5

Слайдтарбезендіру

Көптүстілігі материалды қабылдауды ыдыратып, қиындатады

Бір-бірімен үйлеспейтін түстерді қолдануы

Бір слайдта үш түрден артық қолданбау

Слайдтардың саны

Слайдтар көп, оның кейбіреуінде ақпарат аз

Ақпаратты тым көп ,слайдтардың саны аз

7-10ақпараттыслайдтар

Слайдтардың мағыналығы мен көрнекілігі

Материал оқутышының көмегімен баяндалды,бірақ тақырып ашып көрсетілмеді

Материал оқутушының кеңесінен кейін баяндалды ,тақырып толық ашып көрсетілмеді

Материалды өзі баяндады,тақырып толық ашып көрсетелді

Студенттің өзіндік жұмысын бағалау критерийлері

максималды сандық баллмен 5 (үздік) бағаланады



Рефератты бағалау критерийлері

Сапа өлшемі

3

4

5

Рефераттың тақырыбына және қойылған міндеттеріне мазмұнының сай келуі

Рефераттың мазмұны тақырыпқа толық сай келмейді


Рефераттың мазмұны тақырыпқа және қойылған мәселелерге сәйкес келеді

Рефераттың мазмұны тақырыпқа және қойылған мәселелерге толық сәйкес келеді

Тақырыпты ашу және дереккөздерді пайдалану толықтығ

Тақырыптолықсайашылмаған,

Тақырып жеткіліксіз көрсетілген,негізгі әдеби дерекнамалардың бәрі қолданмаған

Тақырып толық ашып көрсетелген,замануи әдебиеттер жеткілікті қоданылған

Реферат материалдарын және қорытындыларды жинақтау

Мәлімет жалпыланған,бірақ қорытындылар жоқ

Мәлімет жалпыланған,қорытындылар бар,бірақ толық емес.

Мәлімет жалпыланған ,анық және толық қорытындылар жасалған.

Қойылатын талаптарға рефератты ресімдеудің сай келуі

Рефератты дайындауға қойылған негізгі талаптар сақталмаған

Рефераттың дайындалуы қойылған негізгі талаптарға толық сәйкес келеді

Рефераттың дайындалуы қойылған негізгі талаптарға толық сәйкес келеді


Реферат жазу кезіндегі титуль парағын әсемдеу


Титуль парағы

ЖШС «Мейірбике» колледжі

КАФЕДРА _______________________________________

Реферат


ТАҚЫРЫБЫ: ______________________________________________

Студент __________________________________

Курс ____________________________________________

Топ __________________________________________

Оқытушы _____________________________________

Ақтау, 200__-200__ оқу жылы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет