Жауапкершілікке тартуға кімнің құзыреті бар?



бет1/5
Дата21.12.2021
өлшемі354,3 Kb.
#104537
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word, Документ Microsoft Office Word, 00061254-02625ca6, 00061254-02625ca6, 00061254-02625ca6, pptx1548262649 (1), !ОШ доп СО Информатика 5кл каз, 1589521164, 332f37c92ad33a836058f376ebf7a4c1, inst kaz, Inzhenerli-pedagogika, Inzhenerli-pedagogika, Inzhenerli-pedagogika, тест

Екіншіден:

Жауапкершілікке тартуға кімнің құзыреті бар?

Педагогтерді кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, олардан қызметтік міндетіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда, ҚР БҒМ білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттері ҚСжАЕК органдарында жоспардан тыс тексеруді тіркейді. Тексеруді ұйымға барып немесе қашықтан жүргізеді.
Құқық бұзушылық фактісін дәлелдейтін материалдар:

–​педагогтердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыс түрлеріне тартылғанын растайтын фото және бейнежазбалар, хаттардың, бұйрықтардың, актілердің, хаттамалардың көшірмелері немесе басқа да материалдар;

–​жазбаша тапсырмалар немесе олардың көшірмелері, бұйрықтардың көшірмелері, есеп беру нысандарының көшірмелері мен педагогтен білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептіліктің немесе ақпараттың талап етілуін растайтын басқа да материалдар;
–​Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерудің жүргізілгенін растайтын фото немесе бейнежазбалары, күні, тексеруші тұлғалардың аты-жөні, тексерудің мәні және басқа да материалдар;
–​тауардың немесе көрсетілетін қызметтің фото немесе бейнежазбасы, сондай-ақ, сатып алу рәсімдері, чектері, тауарлық шоттар, шот-фактуралар, түбіртектер мен басқа да материалдар;
– мектеп ұйымдастырмаған​іс-шараларға қатысқанын растайтын фото немесе бейнежазба, хаттардың, бұйрықтардың, актілердің, хаттамалардың көшірмелері немесе педагогтің іс-шараларға жіберілгенін растайтын басқа да материалдар бұзушылық жасау фактісін дәлелдейді.
Егер алғаш рет бұзушылық жасаған адам кінәсін мойындаса, Комитет және оның аумақтық органы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмайды, бірақ кінәлі адамға ескерту жасау туралы қаулы шығарады.
Бұзушылыққа қайта жол берген адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады және әкімшілік айыппұл салынады. Оның көлемі 20-дан 120 АЕК-ке дейін.




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130
Бұйрығына 1-қосымша

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі


      1. Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі:

      1.1. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша (барлық пәндердің педагогтері):

      1) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналы;

      2) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналы;

      3) орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналы;

      4) орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналы;

      5) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары;

      6) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспары;

      7) жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтер;

      8) тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары.

      1.2. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (сынып жетекшісінің функциясын атқаратын педагог):

      1) тәрбие жұмысы жоспары;

      2) орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысының хаттамасы;

      3) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазы;

      4) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табель;

      5) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табель;

      1.3. білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша (басшы, қызмет бағыттары бойынша басшының орынбасары (оқу жұмысы бойынша, тәрбие жұмысы бойынша, бейіндік оқыту бойынша, ақпараттық технологиялар жөніндегі):

      басшы:

      1) орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспары;

      2) орта білім беру ұйымдарына арналған мектепті дамыту жоспары;

      3) мектепішілік бақылау жоспары;

      4) орта білім беру ұйымдарына арналған бұйрықтарды тіркеу кітабы;

      5) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы;

      6) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабы;

      7) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушыларды жазатын алфавиттік кітабы;

      8) орта білім беру ұйымдарына арналған кеткен білім алушыларды есепке алу кітабы;

      9) орта білім беру ұйымдарына арналған келген білім алушыларды есепке алу кітабы;

      Қызмет бағыттары бойынша басшының орынбасары (оқу, тәрбие, ғылыми-әдістемелік, бейіндік оқыту бойынша, ақпараттық технологиялар жөніндегі):

      1) орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары;

      2) орта білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспары;

      3) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтер;

      4) орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамасы;

      5) орта білім беру ұйымдарына арналған босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы;

      6) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабы;

      7) орта білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы;

      8) орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабы;

      9) орта білім беру ұйымдарына арналған мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы;

 

Бұйрығына 2-қосымша

 

Нысан

Бұйрығына 6-қосымша










 

Нысан





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет