7-билет 19. Балабақшада табиғат бұрышын ұйымдастыру Балабақшаны әдемі етіп безендіру баланың дамуына оң әсерін тигізеді. Баланың жан жақты дамуы үшін оларға ең қажеттісі табиғат бұрышы болып табылады.
Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы. Ол жерде балалар зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткізе алады. Әрбір балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиіс. Заттардың таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелігіне қарай және балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы тиіс. Табиғат бұрышында балаға қауіпсіз өсімдіктер болу қажет. Табиғат бұрышында улы және қауіпті өсімдіктер болмау қажет. Әрине, оларға күнделікті күтім қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу қажет. Табиғат бұрышының мекендеушілерін әрдайым және уақытша тұрғындар деп бөлуге болады.
Табиғат бұрышының әрдайымғы тұрғындары деп бөлме өсімдіктерін атауға болады:
Кіші жастағы балалар тобында 4-5 қарапайым бөлме өсімдіктерінің түрі болуы қажет. Бұл өсімдіктер айқын көрінетін сабақтарымен,жапырақтарымен және гүлдерімен ұзақ және әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Мысалы, фикус, күлгін, геран.
Естиярлар тобында, бөлме өсімдіктерінің саны 5-6 дейін көбейеді. Бұл өсімдіктер әртүрлі пішіндегі және көлемдегі жапырақты болып табылады. Мысалы, аспарагус, хлорофитум.
Ересектер тобында,табиғат бұрышында өсімдіктер саны 6-7 ден 2-3 данадан әртүрлі сабақтарымен (бұйраланған, жайылған) тамыр сабағымен және жуасымен болып келеді. Мысалы, трансденсканция, бұйра, амариллис және т.б.
Мектепалды даярлық тобында табиғат бұрышында 6-7 түрлі өсімдіктер, олар әртүрлі жолмен көбейеді; жуашықтарымен және тірілей жарып шығу арқылы. Сонымен қатар, әртүрлі жағдайда өсетін гүлдер. Мысалы, бриофиллюм, тасжарғыш, циперус. Кактус тб.
«Құрғақ» аквариум жасауға болады. Ол үшін аквариумді әртүрлі тастармен толтырып, артқы қабырғасына су асты әлемінің суретін жапсырып, аквариум ішіне ойыншық теңіз тұрғындарын орналастыруға болады (тасбақа, сушаян, теңізшаяны т.б) қабырғаларға үлкен көлемді балық жапсырма суреттерін жапсырып, тастарға ұлу суреттерін, теңіз жұлдыздарын жапсыруға болады. Аквариумді жасанды балдырлармен толықтыруға болады. Табиғат бұрышының әрдайымғы мекендеушілері: аувариум балықтары болып табылады. Балықтарды бақылау әр-түрлі болып келеді, ол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды еңбек іс-әрекетіне баулуға болады. Мысалы: оларды тамақтандыру, аквариумды тазалау, жиірек суды ауыстыру т.б.
Әр топта «Ауа райы күнтізбесі» болуы шарт. Ауа райы күнтізбесін бақылау арқылы балалар табиғат туралы білімдерін толықтыра түспек.
Табиғат бұрышында құстар болғаны жақсы. Дұрыс күтім жасаса, олар өздерін жақсы сезінеді, ән айтады, тіпті көбейеді де. Құстарды күту – балаларды қызықтырады, жануарларға деген жақсы, қамқор қарым-қатынас тәрбиелейді. Табиғат бұрышында, әдетте, үй құстарына айналып кеткен шымшық пен тотықұс орналастырылады.
Сонымен қатар табиғат бұрышына жорғалаушылардан тасбақаларды орналастыруға болады (шалшықты жердегі және шөл даладағы).
Табиғат бұрышы:
-Өсімдіктер мен жануарлар экологиялық және жүйелілік жағынан өз тұқымы мен тобына сәйкес болуы қажет.
-Табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерді күту, ең бірінші, мектепке дейінгі баланың жасына сай мінез құлыққа, еңбегіне, жұмсайтын күшіне және уақытына лайық болуы қажет.
-Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарлардың пішіні, түрі мен түсі әдемі, қимылы мен қозғалысы көркем болуы керек.
-Өсімдіктер немесе жануарлар түріне қарай 1 ақ жұп немесе дара болуы керек.
-Өсімдіктер мен жануарлар м.ж.д. балалардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы керек.