5. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Қазақстан суретшілері Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан - салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет.
Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Мүсін - Әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалатын көркем шығарма.(саз, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір, т. б.)
Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданатын түрлі - түрлі көп өнер. Әрбір халықтың өзіндік тарихымен байланысты өнер.
Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.
Бейнелеу өнері түрлері оны орындау тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.
Натюрморт - жансыз заттар бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.
Портрет - адамның, тұлғаның келбеті бейнеленген көркем туынды.
Пейзаж - табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
Тарихи - бегілі бір оқиғаларды бейнелеген көркем туынды.
Анималисттік - хайуанаттар мен жан - жануарлар бейнеленген көркем сурет.
Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері:
Әбілхан Қастеев– қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.
1930 жылы Москва қаласындағы мұражайларымен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР - інің халық суретшісі атағын алды.
Танымал туындылары:
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.