Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра



бет8/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

Шығыршықты коньки. Жалпы сипаттама . Бұл конькиді кӛктемде
және жазда қолданады. Олар балалардың қыста игерген дағдыларын нығайтуға
кӛмектеседі.
Yйрету әдістемесі. Балаларды шығыршықты конькимен
жүруге, бұрылуға, тежеуге, тоқтауға, сондай-ақ ботинканы кие білуге және
оларды күтіп ұстауға үйретеді. Үйрету кезінде түсіндіру әдісі, сондай-ақ
тәрбиешінің, жолдастардың кӛмегі пайдаланылады. Тапсырма бірте-бірте
күрделілене түседі. 3-4 жастан бастап демалыс күндері, балабақшадан тыс
уақытта арнайы бағдарламасыз ересектер бақылауымен шығыршықты конькиді
үйретуге болады. Оның екі, тӛрт (қатар орналасқан екі жұп) дӛңгелекті түрлері
бар. Балалардың ептілігіне, икеміне қарай екі түрін де пайдалануға болады. Қай
уақытта да қауіпсіздік ережелерін, сақтық шараларын естен шығармау керек.
Шана. Шанамен сырғанау, әртүрлі қимылдарды (жүру, жүгіру т. б.) ӛзіне қамти
отырып, бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, жүрек-қан тамыр, тыныс
алу жүйелерін дамытуға, зат алмасуды күшейтуге, шынығуға кӛмектеседі.
Оның үстіне балалардың дене, ерік-жігер қасиеті, сондай-ақ жағымды
эмоциялары дамиды.
Үйрету әдістемесі . Балаларды бірін-бірі шанаға
мінгізіп сырғанауға, шананың жанында әртүрлі жаттығуларды орындауға,
шананы жотаға алып шығуға, әртүрлі қалыпта (отырып, етпеттеп жатып,
түрегеп тұрып) және қосымша тапсырмаларды орындап шанамен тӛмен қарай
сырғанауға үйретіледі. Балалар 3 жасында
шаналарына қуыршақтарын отырғызып, қар салып, жіппен сүйреп жүреді.
Неғұрлым ересек жасында балалар тура жолмен, шеңбермен айналдырып,
бұралаң жолмен бірін-бірі сырғанатады және әртүрлі тапсырмаларды
орындайды. Жотадан тӛмен карай сырғанау кезінде балалар (жарақаттанып
қалмау үшін) белгіленген ережені орындауы керек (алда кеткен бала
сырғанақты шетіне жеткенше асықпай күтуі, сырғанақка шалқасынан жатпауы,
т. б.).
Велосипед (французша velocipede, латынша velox-жүрдек және pes-аяқ)-жедел
жүруге арналған кӛлік. Оны 16 ғасырдан бастап кӛптеген елдердің
ӛнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р.Ла Рошелли (Франция, 1693),
Л.Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), т.б. жасаған. Ол 4
доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашқы 2 доңғалақты велосипед Ресейде
жасалды. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне
қарай: кӛліктік, кӛліктік жеңіл, жасӛспірімдік, спорттық, балалар, арнаулы
болып ажыратылады. Балалар велосипедінің екі және үш доңғалақты, сондай-
ақ құрама түрлері (үш доңғалақтыны екі доңғалақтыға, керісінше ӛзгертуге
болады) бар. Велосипед тебу жылдамдық
жаттығуларына жатады және жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйесіне күшті
ықпал жасайды, бұлшық еттердің, әсіресе, аяқ, табан бұлшық еттерін нығайтуға
кӛмектеседі. Велосипед айдаумен жүйелі түрде айналысқан жағдайда
балалардың жылдамдық, ептілік, тепе-теңдік сақтау, кӛзбен мӛлшерлеу, қимыл
үйлесімен сақтау, кеңістікте бағдар ұстау, ырғақтылық, күш, тӛзімділік қабілеті
дамиды, сезім мүшелерінің тұрақтылығы артады. Оның үстіне балалардың ерік
қасиеті, жағымды эмоциялары дамиды. Балалар велосипедтің құрылысы жайлы
біледі және оны күтіп ұстау дағдысын игереді.
Y й р е т у ә д і с т е м е с і .
Балаларды үш дӛңгелекті велосипедті тебуге 2 жасынан, екі дӛңгелекті
велосипедті тебуге 5 жасынан бастап үйретеді: оларды қалай отыруға, одан
түсуге, тура, биік, бұралаң жолдармен айдаған кезде велосипедті жүргізе білуге,
оңға, солға, артқа бұрылуға, тежеуге тоқтауға үйретеді. Yйрету кезінде:
велосипедті тура бағытпен, оңға, солға, артқа бұрып жүргізу, шеңбермен
айналып, бұралаң жолмен жүргізу, ересектердің кӛмектесуімен тура жолмен
оңға, солға бұрылып айдау, велосипедке отырғызу, одан түсу, велосипедті ӛз
бетінше тура жолмен оңға, солға, артқа бұрылып тебу ӛз бетінше, шеңбермен
айналып, бұралаң жолмен айдау, қосымша тапсырмаларды орындап айдау
сияқты жүйелілікті сақтау тиімді болады. Тәрбиеші велосипедтің, тапсырманың
баланың шама-шарқына сай болуын және ереженің орындалуын қадағалайды.
Бағдарламада 3-4 жастағыларға велосипедке міну және түсу, үш аяқты
велосипед тебу; 4-5 жаста шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш
дӛңгелекті велосипедпен жүру, оңға және солға бұрылыс жасау; 5-6 жаста
шеңбер бойымен және тура жолмен қос дӛңгелекті велосипедпен жүру, оңға
және солға бұрылыс жасау, оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру
ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет