Жазық денелердің техникалық суреті Машиналарды құрастырған кезде детальдардың көлемін дұрыс анықтау үшін, сызбаларын тез орындауға тура келеді. Мұндай сызбаларды оқу орындарында детальға қарап отырып суреті салынады. Мұндай сызбалардың орындалуы техникалық сызбалар деп аталады. Техникалық суретті салу үшін, қолды жаттықтырып жаттығулар жасаймыз, кесінділерді тең бөліктерге бөлу, дұрыс бұрыштарды тең бөліктерге бөлу. Негізі техникалық сурет изометриялық проекцияда, фронтальды проекцияда орындалады. Жазық денелердің техникалық суреттерін орындау жаттығулары торкөз дәптердің бетіне орындаған ыңғайлы. Тік бұрышты 30, 45 градусқа бөлуді үйрену керек. Овалды, алты бұрышты қолмен салып жаттығу керек. Алты бұрыш алдағы уақытта гайка, болттардың сызбаларын орындаған кезде кездеседі.