Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары Жазық қималардың статикалық моменттері, екпін моменттері және кедергі моменттері


Иілу моменттері мен көлденең күштер



бет9/13
Дата08.02.2022
өлшемі276,03 Kb.
#98258
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Иілу моменттері мен көлденең күштер. Арқалыққа түсірілген жүктемелер бойынша тірек реакцияларын анықтағаннан кейін, арқалыққа әсер етуші сыртқы күштердің шамалары белгілі болады. Иілген арқалық материалының кернеулі күйін зерттеу үшін, алдымен, оның әрбір қимасы қандай күштердің әсеріне ұшырайтынын білу қажет.
Жазық иілуде барлық сыртқы жүктеме  жазықтығында жатады да,  өсіне проекция және  пен  өстеріне қарағандағы момент бермейді. Сонымен қатар арқалықтың түзу өсіне перпендикуляр жүктеменің де  өсіне проекциясы нөлге тең. Осыған орай арқалықтың әрбір қимасында нөлден айырықша екі шама қалады: сыртқы күштердің  өсіндегі проекцияларының қосындысы – көлденең күш  және  өсіне қарағандағы моменттердің қосындысы ию моменті  .
Сонымен, жалпы жағдайда сыртқы күштердің әсерінен иілген арқалықтың кез келген қимасында ішкі күштерден тек көлденең күш пен ию моменті пайда болады.
Жүктелген арқалықтың көлденең қимасында туындайтын ішкі күштердің түрімен, әсер ету жазықтығының орналасуына байланысты иілу деформациясын былайша сұрыптауға болады.
Егер июші момент көлденең қимадағы жалғыз ғана ішкі күш болса, онда иілу таза иілу деп аталады.
Иілу, егер көлденең қимада июші моментпен қатар көлденең күш пайда болса, көлденең иілудеп аталады.
Кез келген қималардағы көлденең күштер  мен ию мометтері  қию әдісі бойынша анықталады. Көлденең күшшамасы көлденең қиманың бір жағына әсер етуші сыртқы күштердің қима жазықтығындағы проекцияларының алгебралық қосындысына тең. Июші моментшамасы көлденең қиманың бір жағында әсер етуші сыртқы күштердің осы қиманың ауырлық центріне қарағандағы моменттерінің алгебралық қосындысына тең.
30, а – суретте келтірілген арқалықты қарастырып, оның көлденең қималарындағы ішкі күштерін анықтайық. Сыртқы күштердің түсу нүктелеріне сәйкес арқалықты үш аралыққа бөлейік: I, II, III. Алдымен I аралықты, сыртқы моменттің түсу нүктесінен  ара қашықтықта көлденең қимамен қиып, оның оң жағындағы арқалықтың бөлігін алып тастап, сол жағындағы бөлігінің тепе-теңдігін қарастырамыз (30, b – сурет).
I аралық: 

Мұнан бұл аралықтың таза иілу күйінде болатынын аңғарамыз.
Енді II аралықты арқалықтың сол ұшынан  ара қашықтықта жататын көлденең қимамен кесейік. Тағы да қиманың оң жағындағы арқалықтың бөлігін алып тастап, оның сол бөлігін қарастырып қимадағы ішкі күштерді анықтайық (30, c – сурет).
II аралық: 

Мұндағы  моментінің әсер ету бағыты  моментінің бағытына қарама-қарсы, сондықтан оны теріс таңбамен алдық. Бұл аралықтың көлденең қималарында көлденең күш пен ию моменті пайда болады. Осы жәйт аралықтың көлденең иілу күйде болатындығын тұжырымдайды. Бұл аралықтағы көлденең күш тұрақты болса, ию моменті сызықтық заңмен өзгереді.
III аралықты арқалықтың сол ұшынан  ара қашықтықта жататын көлденең қимамен кесіп, жоғарыда қарастырғандай қиманың оң жағындағы арқалықтың бөлігін алып тастап, оның сол бөлігін қарастырып, қимадағы ішкі күштерді анықтайық (30, d – сурет).
III аралық: 


немесе

Бұл аралықта да көлденең иілу туындайды. Бірқалыпты таралған күштің әсеріне қатысты көлденең күш, сызықтық заңмен өзгереді, ию моменті  байланысты параболалық заңмен өзгереді.
Көлденең күштер мен июші моменттерге төмендегідей таңбалар ережесі шартты түрде қабылданған: егер қиманың сол жағынан әсер ететін сыртқы күштер төменнен жоғары қарай, ал оң жағында жоғарыдан төмен қарай бағытталса, ол қимадағы көлденең күш оң таңбалы (31, а - сурет), кері жағдайда терістаңбалы (31, b - сурет) болады. Бұл ереже былай да оқылады: арқалықтың қалдырылған бөлігі сыртқы күш әсерінен қимаға қарағанда сағат тілінің жүрісі бағытында бұрылуға ұмтылса, көлденең күш оң таңбалы деп, егер сағат тілі жүрісіне кері бағытта бұрылуға ұмтылса, теріс таңбалы деп есептеледі.
Егер аралықтың өсі сыртқы күштердің моменттерінің әсерінен қиманың ауырлық центріне қарағандағы дөңестегі төмен қарай иілсе (31, c – сурет), ол қимадағы ию моменті оң таңбалы деп, ал кері жағдайда (31, d – сурет) теріс таңбалы деп есептеледі.
Ию моменті мен көлденең күштің бойлық өс бойымен өзгеру заңдылығын көрсететін графиктерді  және  эпюралары деп атайды.
Қызылмен боялғандарды жазып қажет емес







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет