Байланысты: Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы және оның ауданы.
3.1 мысал- 3.2 суретте жалпы жағдайдағы АB түзу кесіндісінің ұзындығын анықтау көрсетілген.
Жалпы жағдайдағы АB түзуін деңгейлік түзуіне түрлендіру үшін, осы түзуге параллель жаңа p4(немесе p5) жазықтығын енгізу қажет. Сызбада қосымша p4 жазықтығы p1 жазықтығына перпендикуляр және АB түзуіне параллель (p1/p4жүйесінің өсі Х14 түзудің А1В1 проекциясына параллель), сондықтан p1/p4 жүйесінде АB түзуі фронталь болып табылады. А1 және B1 нүктелері арқылы Х14өсіне перпендикуляр болатын жаңа байланыс сызықтарын жүргіземіз. Х14 өсінен А4 пен B4-кедейінгі арақашықтықтар А2мен B2-ге Х12 өсіне дейінгі арақашықтыққа тең. Жаңадан пайда болған p1/p4 проекциялар жазықтықтары жүйесінде АВ түзуі деңгейлік түзу болып табылады, яғни А4В4 - кесіндісінің нақты шамасына тең.
Дәл осылай АB түзуін горизонтальға түрлендіруге болады.Ол үшін p2жазықтығын орынында қалдырып, АB-ға параллель және p2-ге перпендикуляр болатындай етіп p1жазықтығын p5-пеналмастырамыз. Енді АВ түзуі p2/p5 жүйесінде деңгейлік түзу болып, оның А5В5 проекциясы АВ-ның нақты шамасы болып табылады.