Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет126/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛІМ 
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ
БҰЗАТЫН СЕБЕПТЕР 
1. Көзді еркіне жiберу 
2. Әйелдермен қол алысып амандасу 
3. Ұятты орындарды ашу 
4. Харамға жататын «оңаша қалу» 
5. Еркектер мен әйелдердiң араласып жұмыс істеуi 
6. Ашық әңгімелесу, қалжыңдасу, билеу 
7. Қайын жұрт 
8. Ақпарат құралдарының ықпалы 
9. Сауал-жауап 
Аллаһ тағала: 
«Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз 
жыныстарыңнан 
жұбайлар 
жаратып, 
араларыңа 
сүйіспеншілік, 
мейірімділік 
пайда 
еткені 
де 
Оның 
белгілерінен...»
1
, – деген. 
Сондықтан бiр-бiрiне сүйiспеншiлiк таныта бiлген ерлі-
зайыптының босағасы әрқашан берiк болады. Бірақ араларында 
әлдебір талас туып жатса, оны шиеленістірмей, оп-оңай ымыраға 
келген жөн. Өйткені игi мiнездi әрi парасатты адам қандай 
қиындыққа да төзе бiледi. Отбасылық өмiрде түрлi жағдайлар 
кездесуi мүмкiн. Аллаһ тағала ерлі-зайыптыларға сабыр мен 
төзім нәсiп етпегенде, ешбір отбасы ажырасудан аман қалмас еді. 
Өйткенi сабыр мен төзiм және кешiрiм болмаған жерде некеге зор 
қауіп төнеді. Сүйiспеншiлiктiң орнын бұған мүлде кереғар сезiм 
басқанында отбасында береке қалмасы да рас. 
Мiншiлдiк секiлдi жаман пиғылдан жүректi сақтаған дұрыс. 
Себебi мiнсiз адам жоқ. Ал оның барлығын жiпке тiзер болсақ
жанұялық тұрмыстың ақыры неге тірелерi анық. 
1
«Рум» сүресі, 21-аят. 


106 
Ерлі-зайыптылар 
алғашында 
бiр-бiрiне 
мүлдем 
жат 
болғанымен, кейiн олар жүрек қалауымен бас қосады. Ендеше, 
ортақ ошақтың отын өшiрмеуге екеуі де жауапты. 
Бiреудiң өз қосағына опасыздық жасауы некенi бұзуға басты 
себеп болары даусыз. Әлбетте, жел тұрмаса, шөптiң басы 
қимылдамайды ғой. Көбiнесе бұл аражiптiң босаңдығынан 
болатынын атап өткенiмiз жөн. Ендi, осы себептерге толығырақ 
тоқтала кетелiк. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет