әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаһқа, Ақырет күніне сенсеңдер, оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүмiндердің бір тобы көріп тұрсын» 2 , – деген.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын):
«Пайғамбар (с.а.с.): «Зинақор зина жасап жатқан сәтте мүмiн болмайды. Ұры ұрлық жасап жатқан сәтте мүмiн болмайды. Араққор арақ ішіп тұрған сәтте мүмiн болмайды» , – деді» , – деген
3
.
Келесі бір хадисте Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын):
«Пайғамбар (с.а.с.): «Егер адам зина жасайтын болса, одан иманы кетiп, үстінде қалқып тұрады. Егер ол бұл ісінен тыйылып (тәубесіне келсе)
, иманы оған қайта оралады» , – деді» , – деген
4
.
1
Ән-Нәсәи.
2
«Нұр» сүресі, 2-аят.
3
Әл-Бұхари, Муслим.
4
Әбу Дауд, әт-Тирмизи.
41
Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Пайғамбар (с.а.с.):