Жұбайлар шаттығЫ


«Егер әлдебір елде зинақорлық пен



Pdf көрінісі
бет46/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Егер әлдебір елде зинақорлық пен 
өсімқорлық таралатын болса, олар өздеріне Аллаһ тағаланың 
азабын тілеп алғаны»
, – деді»
, – деген
1

Аллаһ тағаланың: 
«Зинаға жоламаңдар. Өйткені ол – анық 
арсыздық және жаман жол»
2
, – дегенi белгiлi. 
2. Қосылардан бұрын атқарылар іс 
Жұбайлық өмірдің негізі болатын «қосылу» сәтінде жаңадан 
отау құрған екі жастың бір-бірінен барынша ләззат алулары игi. 
Өйткенi отбасының шырқы бұзылуының басты себебiнiң бiрi осы 
ләззат ала алмаудан болуы мүмкін. 
Қосылудың ерлі-зайыптыға бірдей қызықты болуы үшін және 
олардың бұл қатынастан толық ләззат алуы мақсатында қосылу 
ісіне кіріспе iспеттi әсемдену, иісcу мен әтір жағынуды 
жатқызуға болады. 
Негізінде, әсемдену мен иіссу, әтір жағу еркек пен әйелдің 
екеуін де бірдей тартымды етеді. Сұлулық – көздің жауын алатын 
нәрсе. Көздiң сұлулықпен тояттайтыны рас. Шариғатта мұсылман 
адам бауырларымен қауышарда хош иісті әрi әсем болып көрінуі 
үшін жұма және айт намаздарына, жалпы жиындарға әсемденіп, 
әтір жағып баруға мiндеттi. Ал ерлі-зайыпты екi кiсiнiң 
арасындағы қатынаста да бұл iске аса мән берiлген. Сондықтан 
әйелі күйеуінің алдында әсемденіп, хош иісті болғаны абзал. 
Әсемдік әйелді күйеуіне сүйкiмдi етедi. Ал иіссу жағуы күйеуінің 
қызығушылығын оятып, ынтықтыра түседі. Сондай-ақ өздері 
оңаша қалған сәттерде әйелдің күйеуі үшін әртүрлi киім киiп 
сәнденуi де жақсы. Әйел адамның алтыннан яки басқа да заттан 
жасалған зергерлік әшекей бұйымдарын тағып, опадалап, сүрме 
сияқты косметикалық заттарды пайдалануы да әсемденуге 
жатады. Сонымен қатар шашты сәндеп тарау, қол-аяқтағы 
1
Әл-Хаким. 
2
«Исра» сүресі, 32-аят. 


42 
түктерді алу, дене мен ауыз тазалығына көңіл аудару, қолтықтың 
жағымсыз иісін кетiру де осы сәндену істерінің қатарына кіреді. 
Әлбетте, қызға тән құлын мүшеге нұқсан келтiрмей, семіздіктен 
сақтанған жөн. Дене нәзіктігі сұлулық екенi рас. Әйел – адам осы 
айтылғанның барлығын тек қана күйеуіне арнағаны ләзiм. Себебi 
бөгде еркектерге ұнау үшiн иіссу жағатын әйел күнәкар. 
Әсемдену мен иіссу себіну еркекті әйелге ынтықтыра түсетіні 
анық. Ал әйел адамның күйеуінен өзгенi өзіне ынтықтыруы 
харам саналады. 
Әйелi ерi үшін әсемденген сияқты, күйеуі де әйелі үшін 
әсемденуі керек. Себебi Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет