45
Біріншіден,
ерi әйелiнің «пәктiгiн» алуға асықпағаны игi.
Тіпті тойдан кейiн бірнеше күн өтсе де, бұл iстi жарасымды түрде
жасағаны дұрыс. Өйткені асығудың ешқандай пайдасы жоқ.
Екіншіден,
әйелдiң күйеуіне салқындық танытпағаны жөн.
Себебi мұндай салқындық
еркекке керi әсер етiп, оның өз-өзiне
деген сенiмсiздiгiн тудырады. Ал мұның ақыры көбінесе
отбасындағы
берекенің бұзылуына, тiптi ажырасуына әкеліп
соғады.
Үшіншіден,
әлi «бетi ашылмаған» әйелдің алғашқы түнде
ерiне деген ынтызарлығын толық көрсете алмасы анық. Бiрден
«ибадан аттау» – оңай шаруа емес.
Сондықтан еркек ойға алған
iсiн орындағанша сабыр мен икем танытып, онымен үйлесер
жолды iздегенi жөн.
Төртіншіден,
жоғарыда айтқандарымызға қоса, ерлі-
зайыптылардың бір-бірімен
жарасымды төсек қатынасын
орнатуы да, осы «өткелден» қиналмай өтуге көмектесерi анық.
Бесіншіден,
жұбайлықтың бiрiншi түні бұл iстiң сәті түспесе,
оны «белсіздік» деп бағаламаған жөн. Өйткені еркектердiң көбi
әйелдер сияқты «иба табалдырығынан аттарда» ерекше бiр күй
кешiп толқып, суып қалатыны шындық. Мұны белсiздiкке
жатқызуға болмайды.
Біршама уақыттан соң, ерлі-зайыптылар
бір-біріне етене болып, сезімдерін де
ашық бiлдiре бастағанда,
арадағы көрiнбес кедергі өзiнен-өзi жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: