Жұбайлар шаттығЫ


Талақ пен оның өзекті мәселелері



Pdf көрінісі
бет144/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

1. Талақ пен оның өзекті мәселелері 
Бұл тарауда талақ ісіне қатысты өзекті мәселелер 
түсіндіріледі. Олар: 
а) Талақ – кесімді ем 
Талақ – ерлi-зайыпты екi адамның дау-дамай кезiнде көңіл 
қалауына орай оп-оңай қолдана салатын қолжаулығы емес. 
Кейбір надан адамдар отбасында сәл ғана талас туса немесе 
ашулана қалса, талақтан өзге ашуды басатын амал таппағандай, 
әйелін талақ етеді. Немесе әйеліне өз үкімін жүргізіп, қалаған ісін 
орындауға мәжбүрлеп, өз ойын істету үшін де талақты 
қолданады. Ант ішіп, «егер мына істі жасасаң немесе 
пәленшенікіне барсаң, талақсың» деп қорқытады. Мұндай 
адамдар шариғаттың өте қажет кезде ғана некені бұзу үшін 
еркектің қолына берген хақын орынсыз қолданады. Олар ерлі-
зайыптылар ортасындағы таласты жою үшін берiлген талақты, 
шариғаттың хикметіне қарсы қорқыту құралы етіп алған. 
Сондықтан ерлерге Аллаһ тағаладан қорқу керектігі қатаң 
ескертіледі. Олар талақ мәселесінде Аллаһ тағаланың белгілеп 
берген межесінен аттамауға міндетті. Талақ – тілдегі ойыншық 
немесе әйелді қорқытатын құрал емес. Ерлі-зайыптылық өмірді 
тоқтатып, ажырасуға шешім шығарылған амалсыз жағдайда ғана 
«талақ» айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет