«БЕКІТЕМІН» Жедел медициналық жәрдем кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к доцент м.а _______________К.С.Бабаева «___» ___________ 2023 ж.
«ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ» пәнінен 6В10155– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
Емтихан сұрақтарының тізімі
Түркістан, 2023ж
1-деңгей Есте сақтау
Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік беріңіз.
Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйенің құрылысын түсіндіріңіз.
Иммундық жүйенің орталық және шеткі мүшелерін,қызметтерін, иммундық жауаптағы маңызын түсіндіріңіз.
Фагоцитоз анықтамасын, қызметтерін түсіндіріңіз. Мононуклеарлық фагоциттер жүйесін тізбектеңіз.
Иммунитеттің анықтамасын және жіктелуін түсіндіріңіз.
Антигендердің анықтамасы мен олардың химиялық құрамын сипаттаңыз. Толық антиген және гаптенге сипаттама беріңіз.
Антигендердің бөгделік, иммуногендік және спецификалық қасиеттеріне түсінік беріңіз және антигендердің жіктемесін жазыңыз.
В-лимфоциттерге сипаттама беріңіз. Қызметтерін атаңыз.
Иммуноглобулиндердің (M, G, A, E, D)молекулалық салмағын, қалыпты деңгейін, негізгі орналасу орнын, иммундық жауаптағы қызметін, иммуноглобулиндердің бір- бірінен айырмашылығын түсіндіріңіз.
Комплемент жүйесіне сипаттама беріңіз және қызметтерін атаңыз.
Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті жолдармен белсенуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз.
Антигенді таныстырушы (презентация) жасушаларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
Т-лимфоциттерге, олардың субпопуляцияларына және қызметтеріне сипаттама беріңіз.