*!Бастапқыда дені сау адамның дене температурасы нешеден асқанда қызбаны түсіретін терапия қолданылады
#29
*! ЖРВИ кезінде тырыспа синдромын басу үшін балаларда қолданылады
#30
*!Менингококкцемияға ЕҢ ТӘН белгі
#31
*!Қызылшаның терілік элементтері
#32
*!Тағамдық токсикоинфекция кезіндегі ЕҢ ТӘН симптом:
#33
*! «Күріш қайнатпасы» тәріздес сұйық нәжіс қай инфекцияға тән:
#34
*!Түбі қою қоңыр түстес, шеттері көтеріңкі және серозды-геморрагиялық бөлінділері бар ауырсынусыз жара қай инфекцияға тән?
#35
*!Команың қай түрінде науқаста ацетон иісі ЕҢ тән:
#36
*!Комалық жағдайдағы науқаста тыныс жолдары обструкциясы дамуының ЕҢ таралған себебі
#37
*! Ми қан айналымының жедел бұзылуының ЕҢ негізгі себебі:
#38
*!Геморрагиялық миға қан құйылудың басталуы:
#39
*!Емге бағынбайтын эпилепсиялық статус кезінде өмірге аса қауіп тудыратын жағдай:
#40
*!Эпилепсиялық статус кезінде ми ісінуін емдеу үшін жиі қолданылады:
#41
*!Ситковский симптомы мына ауруда байқалады
#42
*!«Жедел іш» синдромы кезінде тез арада
#43
*!Белдік тәрізді ауыру сезімі байқалады
#44
*!Перитониттің ЕҢ анық белгісі
#45
*!Жедел холецистит симптомы
#46
*!Альговер шок индексі – бұл арақатынас
#47
*!Қабырғаның жабық сынығы кезінде тері астылық эмфиземаның дамуы мынаған байланысты
#48
*! Сынықтың нақты емес белгісі
#49
*!Жамбас сүйегі сынған науқасты дұрыс жатқызу
#50
*!Мидың шайқалуы айқындалады
#51
*!Терінің ісінуі және гиперемиямен көрініс беретін, сонымен қатар ашу және ауыру сезімімен айқындалатын күйіктің дәрежесі
#52
*!Демаркационды сызықтың пайда болуы үсіктің қай дәрежесіне тән
#53
*!Ағзаның жылуды аса көп шығару арқылы дене температурасын төмендететін патологиялық жағдайы аталады
#54
*!Опиаттармен уланғанда тағайындалатын антидот
#55
*!3 айдан 1жасқа дейінгі балалардың асқазанын жууға керекті сұйықтық мөлшері
#56
*!Хлорофоспен уланудың клиникалық белгілеріне жатады
#57
*!Коматозды жағдайсыз тыныс алу орталығының тежелуіне алып келеді
#58
*!Синкопальді суға батудың ЕҢ негізгі себебін көрсетіңіз
#59
*!Кененің тері астына өтуінуің алдын алу және оны алып тастау үшін қажет
#60
*!Электр жарақатынан кейін тынысы мен гемодинамикасы қалыпты, бірақ аритмиясы бар науқасқа жедел жәрдемді бастау керек
#61
*!Көктайғақ кезінде 3 автомобиль қағысқан, нәтижесінде 5 адам зардап шегіп, әртүрлі жарақаттармен ауруханаға тасымалданған және бір науқас орнында қаза тапқан. Бұл жағдайды мына санаттардың қайсысына енгізген жөн?
#62
*!Химиялық тынайтқыш объектідегі апаттан кейін 53 адам зардап шегіп, 5 қаза тапқан. Зардап шеккендерде қозу, көзінен жас ағу, жөтел. Бұл жағдай мынадай деңгейге жатқызылады:
#63
*!Химиялық аса қауіпті объектідегі апаттан кейін 626 адам зардап шегіп, 55 қаза тапқан. Зардап шеккендерде қозу, сілекей ағу, мидриаз. Бұл жағдай мынадай деңгейге жатқызылады:
#64
*!Химиялық өндірісте көптеген жұмысшыларда тахикардия, көзінен жас ағу, жүрек айну, құсу, қозу, іштегі ауыру сезім, қарашықтарының кішіреюі, бұлшық еттердің дірілдеуі болған. Қандай затпен улануы ЕҢ мүмкін болады?
#65
*!Велошабандоз автомобильмен қағысып сол жақ иық жарақатын алған, жарасы көрінеді және одан сүйектің үшкір сынықшағы шығып тұр. Болжама диагнозды көрсетіңіз.
#66
*!Мотоциклист автомобильмен қағысып оң жақ сан жарақатын алған, жарасы көрінеді және одан сүйектің үшкір сынықшағы шығып тұр.. Болжама диагнозды көрсетіңіз.
#67
*!Апат кезінде автобус жүргізушісі рульге кеудесін ұрып алған. Тынысы жиі, беткей, кеуде тұсындағы ауыру сезім қозғалыс кезінде күшейе түседі. Болжам диагнозды көрсетіңіз.
#68
*!Көмек көрсету кезінде медициналық көмек көрсетудің стандарттарын сақтамауы салдарынан науқастың денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым болған. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметкерлері әкімшілік жауапкершіліктің қандай түріне тартылуы мүмкін.
69
*!ЖМЖБ қызметкері жұмысқа кешіккен. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жазаның қандай түрі қолданылуы мүмкін.
#70
*!Автомобильдік трассада көк тайғақтан автобус аударылып, 34 адам зардап шекті. Медициналық көмек бірінші кезекте қандай қандай науқасқа көрсетілуі АСА қажет:
#71
*Шақытуға кетіп бара жатқан жедел медициналық жәрдем бригадасын жол-көлік апатынан зардап шеккен науқасқа көмек көрсету үшін, полиция патрулі тоқтатты. Медициналық қызметкерлердің тактикасы:
#72
*!47 жастағы ер адамда көкірек артындағы қатты күйдірген ауыру сезімі, сол жақ иық аймағына берілген, әлсіздік, суық жабысқақ тер басқан. АҚҚ 90/60 мм.сб. Фельдшер және желілік бригадалар қандай мақсатта мамандандырылған жедел медициналық бригадасын шақыртты?
#73
*!Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында жедел ауыру сезімі, аздан соң құрғақ жөтел, бас айналу басталды. Бірнеше уақыттан кейін инспираторлы типті ентігу және терінің бозаруымен цианоз дамыды. Визуальды қарағанда эпигастрий аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы- жүректің оң жақ шекарасы кеңейген, аускультация жасағанда II тонның акценті және өкпе артериясының үстінен естіледі.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?
#74
*!Тіс дәрігерінің қарауы кезінде диффузды токсикалық жемсаумен ауыратын 34 жастағы науқаста әлсіздік, ентігу, көз алдында шіркейлердің пайда болуы байқалды. Тері жамылғылары құрғақ, бозғылт. Есін жоғалтты. Жүрек тондары қатаң, ырғағы дұрыс. ЖСС- 62 рет минутына. Пульс- 92 рет минутына, ырғақты. АҚҚ 80/60 мм с.б.б.
Науқасқа ЕҢ ТИІМДІ диагноз:
#75
*!Науқас 57 жаста. Қарап тексеру кезінде кенеттен есінен танды, қысқа уақытты клонико-тоникалық тырысулар пайда болды және тері қабаты көгерді. ЭКГ- да хаотикалық дұрыс емес ритм, QRS комплексі және Т тісшесі көрінбейді.
Ырғақтың бұзылысының ЕҢ тиімдісі:
#76
*!Науқас А., 45 жаста. Жүрек жұмысының бұзылысына, жүрек қағысына және әлсіздікке шағымданады. ЭКГ-да: Р тісшесі жоқ, ретсіз үлкен және кіші толқынды изолиниядан ауытқулар. Жүрекшелік толқындар жиілігі 350-600 минутына, қарыншалардың жиырылу жиілігі 100-180 минутына.
Ырғақ бұзылысының ЕҢ тиімдісі:
*жүрекшенің тыпырлауы
*+жыпылықтаушы аритмия
*ырғақ өткізгіштігінің миграциясы
*жылдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
*пароксизмалды жүрекшелік тахикардия
#77
*!Науқас А., 45 жаста. Жүрек тұсында басып ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГ-да: Кезексіз, кеңейген (> 0,12 с) және деформацияланған QRS комплексі. QRS комплексіне ST сегменті және Т тісшесі дискордантты. Р тісшесі экстрасистоламен байланыспаған. Алдыңғы және кейінгі эктрасистолалық Р тісшесінің арасының интервалы РР интервалына тең.
Ырғақ бұзылысының ЕҢ дұрысы:
#78
*! Науқас С., 40 жаста. Шағымы: әлсіздікке, бас айналуына, қысқа уақытқа естен тануға, тырысуларға, еріксіз кіші дәретті жіберуге. 1 жыл бұрын өткерген миокардиттен кейінгі брадикардиялық ұстамалардың болуы. Предуктал және кордафен қабылдайды. Қарап тексергенде: Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері қабаты бозарған және құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс сырыл жоқ, ТАЖ-18 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ-26 рет минутына. АҚҚ 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: Жүрекшенің жиырылу жылдамдығы 80 рет минутына, ырғақты, қарыншалар 26 рет минутына ырғақты. QRS - 0, 14 сек. ЭКГ-да ырғақ бұзылысының қандай түрі:
#79
*! Ер адам 52 жаста. Жедел миокард инфарктіне байланысты 3 апта бойы ауруханада ем қабылдауда. ЭКГ-да: QRS комплексінің кейде түсіп қалуымен P-Q интервалының біртіндеп ұзаруы байқалады.
Ырғақ бұзылысының қандай түрі ЭКГ-ға ЕҢ тән:
#80
*!44 жастағы науқаста ауыр физикалық күштемеден кейін әлсіздік, ентігу және төс артында қысып ауыру сезімі (сол иыққа берілетін) пайда болды. Ауыру сезімі 40 минутқа созылды. ЭКГ-да: Синусты тахикардия 108 рет минутына. I, II, avL, V1-V4 тіркемелерінде ST сегменті 3мм аса жоғарылаған. ЕҢ мүмкін болжам диагноз:
#81
*!Науқас 46 жаста. Ұзақтығы 10 минуттан аспайтын ұстама тәрізді ауыратын сол жақ кеуде қуысындағы ауыру сезіміне және жауырын аралығына берілетін, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Ауыру сезімі стресстен кейін алғаш рет пайда болған. Анамнез: Жүйелі түрде АҚҚ 170/100 мм с.б.б. жоғарылап отырады. Дәрі қабылдамаған. Есі анық. Тері қабаты бозғылт, құрғақ. АҚҚ 130/90 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Өкпесінде сырыл жоқ. ЭКГ-да: ритм синусты 84 рет минутына. Қалыпты ЖЭӨ.
ЕҢ мүмкін болжам диагноз:
#82
*!57 жастағы ер адам 1 тәулікке созылған төс артындағы айқын ауыру сезімімен жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Қарқынды емдеу бригадасының дәрігері түсірген ЭКГ-да былай жазылған:
ЕҢ дұрыс диагнозды анықтаңыздар?
#83
*! 53 жасар ер адам жедел жәрдем көмегіне 6 сағатқа созылған арқаға берілетін төс артының ауыру сезіміне шағымданып жүгінген және ЭКГ түсірілген.
ЕҢ тиімді диагноз?
#84
*!Науқас К. 45 жаста. Бас ауруына, тітіркенгіштігіне, шаршағыштығына шағымданады. Анамнезінде: 6 жылдан бері АҚҚ 190/110 мм.с.б. болып келген. Эналаприл, нифекард қабылдайды. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы бұғана ортаңғы сызығына дейін ұлғайған. Пульс 76 соқ/мин. қатты, ұзақ. АҚҚ 180/100 мм.с.б. ЭКГ: жүректің электрлік осі солға ығысқан. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.
ЕҢ тиімді болжам диагноз?
#85
*! Науқас Б. 62 жаста. Басының ауруына, айналуына, жүрек айнуына және жүрек тұсындағы жайсыздыққа шағымданады. Өзін 2 күннен бері жайсыз сезінеді. 2 жыл бұрын миокард инфарктын алған. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, құрғақ. Жүрек шекарасы 1,5 см. солға ұлғайған. Жүрек тоны төмендеген. Жүрек ұшында систолалық шу және аортада 2 тонның акценті, дұрыс ритмді. Пульс 120 соқ/мин., АҚҚ 260/120 мм.сн.б. ЭКГ: горизонтальді жағдайда ЖЭӨ. RV4≺RV6, ST сегменті V4-V6 бойында 1мм изоэлектрлік линияда.
ЕҢ мүмкін болжам диагноз?
#86
*!46 жасар науқас, бұрын дәрігерге қаралмаған, 3 сағат бұрын төс артында басып ауыру сезімі пайда болды, нитроглицерин қабылдаудан басылмайды, 2-3 мин бұрын есінен танды. ЖМЖ дәрігері қарап тексергенде есі жоқ, ұйқы артериясында пульс және тынысы жоқ.
Ең мүмкін болжама диагноз:
#87
*!ЭКГда ең дұрыс болатын өткізгіш бұзылысын анықтаңыз: QRS<0.12с, R тісшесінің үшкірленуі немесе V5 V6 әкетулерінде кеш R(R1) тісшесінің болуы. V1 V2 әкетуінде кең S тісшесі.
#88
*!32 жастағы пневмониясы бар науқастың жағдайы нашарлап, ентікпесі күшейді, науқаста қозу, қатты тер, тері жамылғысының цианозы. Тыныс алу жиілігі 35-40, тыныс алуға қосымша бұлщық еттер қатысуда, ЖЖЖ минутына 120—140 рет
Төменде аталған асқынулардың қайсысы болуы ЕҢ мүмкін?
#89
*!Бала 1,5 жаста. Ойнап жатқанда дені сау балада кенеттен ұстамалы түрде қатты жөтел басталды, ентікпе пайда болды. Бұл шағымдар мазасызданғанда пайда болады да, ұйықтағанда жоғалады. Рентген суретте бір жақтық эмфизема анықталған.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
#90
*!Науқас 29 жаста. Кеуде қуысындағы ауыру сезіміне, ауа жетіспеу, ентігуге, тахикардияға шағымданады. Анамнезінен: науқас кеуде қуысының жарақатын алған. Қарап тексергенде мойын көктамырларының созылуы, цианоз, артериялық гипотензия, кеңірдек девиациясы, біржағында тыныстың болмауы, кеңірдектің жарақат алған жақтан қарама қарсы жаққа ығысқаны байқалады. АҚҚ 100/80, ЖЖЖ – 106.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
#91
*!Бала 9 жаста мазасыз, ашуланшақ, жылай береді. Мұрнынан серозды бөлінділердің көп шығуы және жиі түшкіру болған. 22 сағатта құрғақ жөтел, қосалқы бұлшықеттердің қатысуымен дем шығаруы қиындаған шулы тыныс естілген. Қарап тексергенде терісі боз, ылғалды, акроцианоз байқалады. Балада қорқыныш сезім бар, төсекте аунай береді. Дене қызуы қалыпты.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы EҢ дұрысы?
#92
*!40 жастағы науқас тынысының қиындауына, ауа жетіспеуге шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 сағат бұрын, психоэмоциональды жүктемеден соң дамыған. Беродуал ингаляциясын қолданған, нәтижесіз. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас қозулы күйде. Тері жамылғысы көгерген. Көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ92/мин.
Науқасты госпитализациялау үшін МҮМКІН БОЛАТЫН себебін көрсетіңіз
#93
*!Бала 2 жаста. Бүгін таңертең дене температурасы 38,7°С дейін көтерілген, шулы тыныс пайда болған, дөрекі урген жөтел, даусы қарлықкан. Кешке жағдайы нашарлады. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен, алыстан естілетін шулы тыныс , ауыз мұрын үшбұрышы цианозы, мазасыздық байқалады.
Төменде аталған болжам диaгноздардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
#94
*!Бала 1 жаста. Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
#95
*! Бір жасар баланың ауруы жедел басталған, температурасы 38,9°С, мазасыз, жиі «ит үрігендей» жөтел, инспираторлық ентігу, тахипноэ 60 р/мин. Тынысы шулы, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
#96
*!Науқас К., 15 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, ентігу, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік. Аталған шағымдары ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін пайда болған. Температурасы 38,7 С. ТАЖ 22 р/мин. Өкпе аускультациясында: құрғақ ысқырық тәрізді сырыл естіледі. Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
#97
Бала 3 жаста. Тамақтанып отырған кезінде кенеттен шашалып; жөтеле бастаған. Мазасызданып, ентігу мен тері жамылғылары көгерген. Қай болжам диагноз ЕҢ сәйкес келеді?
#98
*!Науқас К., 58 жаста. Шағымдарын қиындықпен айтады. Шағымы: бір күннен асатын тұншығу ұстамасы, ентігу, оңай бөлінбейтін қақырықты жөтел, айқын әлсіздік. Ұзақ уақыттан бері бронхиальді астмамен ауырады, үнемі сальбутамол, серетид қабылдайды. Соңғы күндері сальбутамолды күніне 10 ретке дейін қабылдаған. Айтарлықтай нәтиже бермеген. Объективті: науқас қозған. Қимылы мен сөйлеуі қиындаған. Ортопноэ. Терісі ылғал. Тері мен шырышты қабаттардың диффузды цианозы. ТАЖ 35 р/мин. Перкуссияда: қораптық дыбыс. Аускультцияда: өкпеде тыныс мүлдем естілмейді. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 125 р/мин., АҚҚ 150/100 мм.с.б.б
Қай болжам диагноз ЕҢ сәйкес келетініі?
#99
*Әйел 35 жаста. Мамандығы аспаз. Алғашқы босануы кезінде кеудедегі қатты ауыру сезімі мазалады. Кенеттен ентігу пайда болып, есін жоғалтты. Объективті: жағдайы ауыр, денесінің жоғарғы бөлігінің цианозы. Тынысы беткей, минутына 50 ретке дейін. Аускультацияда: кеуденің оң жақ бөлігіндегі тыныс әлсіреген, бірен-саран құрғақ сырыл естіледі, төменгі бөлігінде дыбыссыз майда көпіршікті сырыл. Мойын веналары ісінген, пульс жіп тәрізді 100 р/мин. АҚҚ 90/40 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйық, өкпе артериясында ІІ тонның ажырауы. Іші үлғайған, пальпацияланбайды.
Қай болжам диагноз ЕҢ сәйкес келеді?
#100
Науқас К., 30 жаста. Кешке қарай көшеден табылды, жалпы жағдайы ауыр. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының айқын бозғылттануы байқалады. Күш көрсету белгілері жоқ. Аузынан алқызыл түсті қан ағуда. ЖСЖ 120 р/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б.б
Науқаста қай асқыну дамуы ӘБДЕН мүмкін?
#101
*!18 жастағы науқас бүкіл денесін бөртпе басуына, қышынуға, мұрынынын бітелуіне шағымданды. Ауруын саяжайдағы жұмыспен байланыстырады, бөртпелер жоғарғы шеткі мүшелерде сосын мойын терісіне, іштің алдыңғы қабатына жалғасты, дене температурасы 37,50С дейін көтерілді. Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінің терісінде, жоғарғы шеткі мүшелерінде, ішінде қышынумен қатар жүретін көпіршікті бөртпелер байқалады. Тері жабындысы ұстағанда ыстық. Өкпеде визикулярлы дыбыс,сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты ЖСЖ минутына 90. АҚ 120/80 мм.рт.ст.
Төмендегі аталған болжам диагноздың қайсысы ЕҢ мүмкін?
#102
*!Науқастың бетінде жайылған Квинке ісінуі бар, жағдайы кенеттен нашарлады. Жөтел, дауыстың қарлығуы, тұншығу, ысқырықты дем алуы пайда болды.
Бұл жағдайға ЕҢ ТӘН асқыну:
#103
*!20 жастағы науқас тыныштықтағы ентігуге, тұншығу, беттегі бөртпеге, қышынуға шағымданды. Ауру анамнезінен: жағдайдың нашарлауы цитрусты қабылдағаннан кейін пайда болды, бетінде бөртпелер мен ісіну, қиындаған тыныс, дауысының қырылдауы, үрген жөтел пайда болды. Объективті: жағдайы ауыр, есі анық, беті ісінген, қабақта, ерінде, құлақ ернеуінде, мойынында біріккен ұсақ нүктелі бөртпелер пайда болды. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ минутына 120. АҚ 100/60 мм.рт.ст.
Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ дұрыс болжам диагноз?
# 104
*!7 жастағы бала. Лидокаинмен жергілікті жансыздандарып тісін жұлдыртқаннан кейін тыныстың қиындауы, мойын мен бет аймағындағы ісіну, дауысының қырылдауына шағымданды. Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ тән болжам диагноз?
# 105
*!2 жастағы балада көпіршікті бөртпе пайда болды. Таңертең апельсин жеген. Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ тән болжам диагноз?
# 106
*!10 жасар науқас баланың баралгин енгізген орнында 15 минуттан соң қышыну, есекжем пайда болып саусақтары әлсіреп, басы айнала бастады. Клиникалық тексеруде: жиі жіптәрізді пульс, АҚ төмендеуі, жүрек тондарының әлсіреуі байқалды.
Төмендегі нұсқалардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
# 107
*!28 жасар науқас ер адам арахис дәнін жеген соң жалпы жағдайы нашарлап, бас айналу, құсу, іш аймағында қысып ауруы байқалды. Аяқ астынан тырысу пайда болды. Қарап тексергенде: жүрек тондары әлсіз. АҚ. 70/40мм.сын.бағ. Науқаста ентігу, сырылды тыныс байқалады.
Төмендегі нұсқалардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
# 108
*!Аллергиялық риносинуситпен ауыратын 47 жасар науқас ер адам аспирин қабылдағаннан кейін ауа жетіспеуі, тұншығу, құрғақ жөтел, әлсіздікті байқады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі тежелген, адекватты. Тері жабындысы бозарған, ылғалды. Өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар бар. Тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ 20 р/мин. Жүрек тондары анық, ырғақты ЖСЖ 82р/мин. АҚ 110/70мм.сын.бағ.
Төмендегі нұсқалардың ішінен дұрысын таңдаңыз?
#109
*! 36 жасар науқас әйел адам б/етке пенициллин енгізген соң 10 минуттан кейін дене терісінде уртикарлы бөртпе пайда болып, кеуде артында ауыру сезімі, бас айналу, ентігу мазалады. Қарап тексергенде: есі тежелген, тері жабындысы бозарған, ЖСЖ 120р/мин. АҚҚ 60/0 мм. сын. бағ.
Төмендегі болжам диагноздардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
# 110
*!42 жасар ер адам дене терісінің қышуына, әлсіздік, бас айналу, жүрек қағысының жиілеуіне шағымданды. Анамнезі бойынша поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. 30 минут бұрын жоғарғы ернінен ара шағып алған. Обьективті тексеруде: жағдайы өте ауыр, есі анық емес. Тері жабындысы гиперемияланған, аздап терлеген. Аускультацияда: өкпесінде везикулярлы тыныс. ТЖ 19 рет/мин. Жүрек тондары әлсіз, ырғақты ритм. ЖСЖ 140р/мин. АҚ 40/0 мм.сын.бағ.
Төмендегі болжам диагноздардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
# 111
*! 32 жасар әйел дене терісінің қышуына, әлсіздік, бас айналу, жүрек қағысының жиілеуіне шағымданды. 30 минут бұрын жоғарғы ернінен ара шағып алған. Обьективті тексеруде: жағдайы өте ауыр, есі анық емес. Тері жабындысы гиперемияланған, аздап терлеген. Аускультацияда: өкпесінде везикулярлы тыныс. ТЖ 19р/мин. Жүрек тондары әлсіз, ырғақты ритм. ЖСЖ 140р/мин. АҚ 40/0 мм.сын.бағ.
Төмендегі нұсқалардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
# 112
*!3жасар балада апельсинді қабылдағаннан кейін терісінде бөртпе мен қышыну пайда бодды. Жағдайы орташа ауырлықта. Бет, қолдарында қышумен бірге жүретін дақты- папуллезді біріккен бөртпелер.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келетіні?
#113 *!Бала 1 жаста кенеттен ауырды, дене температурасы 38,9°С, тітіркенген, жиі үрген жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 рет минутына, қосымша бұлшық еттер қатысуымен жүретін стридорозды тыныс бар. Төменде аталғандардан ЕҢ мүмкін болжам диагноз ?
#114
*! Жедел жәрдем бригадасы 3 жастағы балаға келді, анасының айтуы бойынша, балада 1-ші тәулікте дене температурасы жоғарлаған, құрғақ жөтел, тұмау. 30 минут бұрын баласында дене температурасының 39,5С дейін жоғарлауын анықтап, ибуфен берді, бірақ соған қарамастан кенеттен есін жоғалтып, көгерген, бүкіл денедегі тырыспалар болған. Объективті: тежелген, қарап тексеруге пассивті реакция береді, тапсырмаларды жартылай орындайды, сөйлеу біртекті. Жұтқыншағы гиперемирленген, ақ қабыршақтар жоқ. Риноррея. Дене температурасы - 39,1С. Терісі таза, ылғалды, бөртпелер жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 24 рет 1 мин. Басқа органдардан ерекшеліксіз.
Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?
#115
*!12 жастағы ұл балаға ЖМЖ шақырылды. Қатты бас ауыруға, жүрек айну, көп реттік құсу, тәбеттің болмауы, әлсіздікке шағымданды. Анасының айтуы бойынша, ауырғанына 4-ші күн, дене қызуының 39С дейін көтерілуінен, тұмау, құрғақ жөтелден басталды. Бүгін көп реттік құсу, әлсіздік. Объективті: санасы есеңгірген, енжар, гиперестезия. Шүйде бұлщық ет ригидттілігі 2 көлденең саусаққа. Брудзинский, Бехтерев симптомдары оң. Жұтқыншақ гиперемирленген, ақ қабыршақтану жоқ. Риноррея. Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 19 рет 1 мин. Жүрек тондары ашық, ырғақты. АҚ - 100/60 мм сын бағ. ЖСЖ - 104 рет 1 мин.
Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?
#116
*!Ұл бала 11 жаста. Анасының айтуынша жедел ауырған. Шағымдары дене қызуының 39.0С жоғарлауына, басының ауруына, жеңілдік әкелмейтін құсыққа, әлсіздікке. Қарап- тексергенде: адинамиялы, әлсіз, енжар. Тері жабындысы бозғылт, бөксе аймағы терісінде бірнеше геморрагиялық жұлдыз тәрізді бөртпе бар. Менингеальды симптомдар теріс. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі бар. Айқын гиперестезия. T-39,5 ºС, ЖСЖ 120 р мин, ТЖЖ 24 р мин.Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
#117
*!Бала 2 ж., жедел ауырған, дене қызуы 390С дейін жоғарылыған, мазасыз,бір рет құсқан,8 сағаттан кейін анасы бөртпе байқаған. Қарап тексергенде: терісі бозарған,аяқтарында геморрагиялық бөртпелер бар, менингеальды симптомдар оң.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
#118
*!Д, 13 жаста. Жедел ауырған, дене температурасы 38,9°С дейін жоғарылауы, енжарлық, тәбетінің төмендеуі пайда болды. Аурудың 2 күні дене температурасы 40°С, жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтан қорқу, бастың ауруы қосылды. Объективті: терісі таза, қабақ конъюктивасы гиперемияланған, склера тамырларының айқын инъекцияланған, аңқасында жайылған гиперемия, таңдайында энантема, ұрт шырышты қабығында көптеген тығыз қызыл жиегі бар ақ нүктелі түзілістер. Өкпесінде қатаң тыныс.
Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?
#119
*!Бала 5 жаста, 6 тәулік бойы ауырған. Жалпы жағдайы нашарлаған, дене қызбасы 37,2°С көтерілген, қышыну, бөртпе. Қарап-тексергенде: басының шашты бөлігінде, бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында полиморфты бөртпелер (розеола, папула, везикула, бірен саран пустула, қабық, беткей жаралар) Алақаны мен табанында бөртпелер жоқ
ЕҢ мүмкін болжам диагноз?
#120
*! Науқас ауруының 1 күні жедел жәрдемге қаралды. Қонаққа барғаннан кейін 6 сағаттан соң жедел ауырды: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айну, көп реттік құсу, жиі сұйық нәжіс. Температура 37°С, бозарған, көзі шүңірейген. Эпигастрийдағы ауыру сезімі, нәжісі көп мөлшерде сұйық, жасыл түсті.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
#121
*!Науқас 30 жаста. Әлсіздікке, ұстама тәрізді іштің ауыру сезіміне шағымданды. Ауырғанына екінші күн. Дефекация тәулігіне 10-12 рет. Нәжісі шырыш пен қан аралас. Дене температурасы 38,7°С. Іш пальпациясы кезінде сол жақ мықын аймағында ауыру сезімі бар.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
#122
*!50 жасар науқаста тағамға үйде жасалған етті консервілерді қолданғаннан соң 2 сағаттан кейін қалтырау, бас айналу, эпигастрий аймағындағы кескен тәрізді ауыру сезімі, қайталамалы көп мөлшердегі құсу, тағы 2 сағаттан кейін жиі сұйық жағымсыз иісті нәжіс пайда болды. Ұқсас, бірақ аурудың жеңіл көрінісі тура осы консервіні қолданған науқастың әйелінде байқалды.Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
#123
*!Ер адам үйде консервіленген саңырауқұлақтарды тағамға қолданған. 5 сағаттан соң ішінде ұстама тәрізді ауыру сезімі, жұтынудың қиындауы, ауызының құрғауы, даусының қырылдауы, мыңғырлау, көзінің алдында екеулену, тұмандану.
Ең мүмкін болжам диагноз?
#124
*! Бала 3 жаста, Индиядан оралған соң 3 күннен кейін ауырды. Сұйық нәжіс 20-30 ретке дейін, күріш қайнатпасы сияқты, дене температурасы қалыпты.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
#125
*! Науқас 53 жаста, малшы, ауруының 4 күні бетінің ісінуіне шағымданып, ЖМЖ шақыртқан. Оң бетінде «безеу» болған,оның көлемі ұлғайған, беті ісінген. Сол бетінің астыңғы жақтың төменгі бұрышында ортасында майда геморрагиялық құрамды көпіршіктермен шектелген пустула. Беті мен мойны бұғанаға дейін ісінген. Регионарлы лимфа түйіндері тығыздалған, ауыру сезімінсіз.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
#126
*!Бала 14 жаста, 4-ші тәулік ауырып жатыр. Ауруы жедел, дене темперасурасы 400С дейін жоғарлаған, әлсіздіктен, тежелуден, сандырақтаудан, қайталамалы құсудан басталды.Кейін оң жақ санның алдыңғы беткейінде дақ пайда болды, артынан папула, везикула, қызыл тәж сияқты қоршалған. Оң шап лимфа түйіні үлкейіп, айқын ауыра бастады. Аурудан 3 күн бұрын сарышұнақты тауып, үйге әкелген.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
#127
*!16 жасар қыз бала ғимарат ішінде есінен танып қалған. Бұл жағдайға дейін қорқыныш сезімі, бұлшық еттеріндегі жалпы әлсіздік, бас айналуы, жалпы әлсіздік, көзінің қарауытуы болған. Анамнезінде: 3 айда 2 естен тану қайталанған. ЕҢ мүмкін болатын болжама диагноз:
#128
*!Егде жастағы ер адам люстра іліп жатқанда кенеттен басы айналып есін жоғалтты. Бірнеше минуттан соң есі қалпына келгенімен айтарлықтай шағымдары болмады. Естен танудың ЕҢ мүмкін себебі:
#129
*!45 жастағы әйел адам, төсектен тұрған соң есін жоғалтқан, бұл жағдай 1 жыл ішінде қайталанған, естен тану уақыты 15 минутқа дейін созылады. Жедел жәрдем бригадасын шақыртқан, дәрігердің қарауынан кейін науқаста тері жабындыларының бозаруы, бұлшық ет тонусының төмендеуі, АҚҚ 90/60 мм.с.б. Мүмкін болатын болжама диагноз:
#130
*!39 жастағы ер адамда естен тану артериялық гипотония, брадикардиямен, жүрек айну, бозару және профузды тер бөлінумен сипатталған. Мүмкін болатын синкопальді жағдай:
#131
*!52 жастағы ер адам. Кенеттен есінен танып қалған. Жақындарының айтуы бойынша, қант диабетімен ауырады, сол себепті тері ішіне инсулин қабылдайды. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, тершеңдік. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ритм дұрыс, ЖСЖ 90 рет мин, АҚҚ 100/60 мм. с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз, бауыры қабырға доғасы бойымен. Мүмкін болатын болжама диагноз:
#132
*!Жас адам көшеде ес түссіз, өте ауыр жағдайда. Қарау барысында денесінде жарақаттар жоқ. Тері жабындылары айқын цианозды, қол тамырларында инъекция іздері бар. Қарашықтары екі жағы бірдей тарылған. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тоны анық, ритм дұрыс, ЖСЖ 70 рет мин, АҚҚ 90/60 мм. с.б. Мүмкін болатын болжама диагноз?
#133
*!Жедел жәрдем бригадасы құрылысы бітпеген объектке келді, 10 жасар ұл бала. Күзетшінің айтуынша, объектті тексеру барысында, кездейсоқ бетонда жатқан баланы тауып алған. Объективті: кома жағдайында, басының сол жақ шаш бөлігі жағында тері астылық көлемді гематома, бас сүйегінің деформациясы және крепитациясы. Ашық жарақаттар мен тері жабындыларының жарақаты жоқ. Анизокория. Патологиялық тыныс алу, Чейна-Стокс типті. Аускультативті тыныс барлық бөлімді қамтыды, сырылдар жоқ. ТАЖ- 20 рет 1 мин. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. АҚҚ - 100/60 мм. с.б., ЖСЖ - 94 рет 1 мин. Мүмкін болатын диагноз?
#134
*!8 жасар балада кенет әлсіздік, қатты қарнының ашу сезімі, салқын тердің болуы, басында діріл, тахикардия, содан соң бала ұйқышыл болған, есінен танып қалған. Балада пайда болуы мүмкін критикалық жағдай?
#135
*!Ер адам 56 жаста жедел жәрдем көмегімен жеткізілген сәтте ес түссіз болған. Қызының айтуы бойынша соңғы 2 күнде тәбетінің болмауына, бас ауруына, оң жақ қабырға доғасы аймағындағы ауру сезіміне шағымданған. Анамнезінде бауыр циррозымен ауырады. Объективті: науқас ес түссіз. Тітіркенгіштіккке жауаптың болмауы. Склераның сарғыштануы, петехиальді қан құйылулар терідегі. Тілі жабындымен жабылған. Аузынан бауырлық иістің шығуы. Қандай кома дамуы ӘБДЕН мүмкін?
#136
*!62 жастағы әйел, ес түссіз ЖМЖ бригадасымен әкелінді. Объективті: терісі құрғақ, тізе және табанында гиперкератоз,тырнақтарында көлденең сызық. Мойнында операциядан кейінгі тыртық. Дене температурасы 35.7, АҚ - 70/40 мм. с.б.б., ТАЖ- 13 рет мин. Науқаста қандай кома дамыған?
#137
*!27 жастағы ер адам кома жағдайында. 2 айдан бері әлсіздікке, шөлдеуге, 8 кг дейін салмақ жоғалтуға шағымданды. Кенеттен 2 күнде хәлі нашарлаған. Объективті: терісі құрғақ, бозарған, тургоры төмендеген, арефлексия. Тынысы-Куссмауль, ауыздан ацетон иісі шығады. АҚ 90/60 мм. сын.бағ, пульсі-92, жұмсақ. Ішті пальпациялағанда - кебуі, құрсақ қуысы кернелген. Гликемия 24,9 ммоль/л, ацетон айқын оң мәнді, қандағы кетон денелері 12 ммоль/л. Науқаста қандай команың дамуы МҮМКІН?
#138
*!46 жастағы ер адам ұйықтап жатыр,қорылдайды. Оны ояту мүмкін емес. Қолына ине тыққанда қарсыласпайды. Науқаста ес бұзылысының қай деңгейі дамыған?
#139
*! 1,5 сағат бұрын жағдайы қиындаған 84 жастағы әйелге ЖМЖ бригадасы келді.Қызының айтуы бойынша таң ертен сағат 05.00-те жағдайы нашарлаған, дәретханада есін жоғалтқан,құлаған,тұра алмаған. Объективті: есі бұзылған, қалпы пассивті.Сөйлеуі бұзылған,сол жақ аяқ қолының күші плегияға дейін төмендеген.Сол жақтан Бабинский симптомы оң. Менигиальдық белгілер теріс. Терісі таза,құрғақ. Жүрек тондары тұйықталған,ритмі дұрыс емес, тахиаритмия. АҚ - 180/110 мм. с.б., ТАЖ 88-100 рет мин. ЭКГ – жедел коронарлық бұзылусыз. Қандағы қант - 6,8 ммоль/л. Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ мүмкін болжама диагноз?
#140
*!78 жастағы әйел, қызының айтуы бойнша науқастың жағдайы 2 сағат бұрын ыстық ваннадан шыққан соң айқын әлсіздіктеп, ентігуден, бас ауырудан, есін жоғалтып, жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде: ЖИА және АГ-мен ұзақ жылдардан бері ауырады. Объективті: есі сопорозды, қалпы пассивті. Оң жақтан мұрын ерін қатпары жайылған. Сөйлемейді. Сол аяғы сыртқа қарай ротацияланған.Терісі таза,құрғақ .ТАЖ -19 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған,ритмі дұрыс емес. АҚ - 180/110 мм. с.б., ТАЖ- 84-104 рет мин. Қандағы қант деңгейі - 8,2 ммоль/л. Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ мүмкін болжама диагноз?
#141
*!40 жасар әйел адам, оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. 8 сағат бұрын ауырған, ауыру эпигастрий аймағынан басталған, сосын оң жақ мықын аймағына ауысқан. Үлкен дәрет болған, калдың түсі қалыпты. Зәр шығару бұзылмаған. Дене температурасы 37,2°С.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
#142
*!43 жасар ер адам. Жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауыру сезіміне шағымданады. 3-ші күні дене температурасы 38,2 С көтерілді. Жүрек айну мен құсу пайда болды. Анамнезінен: 12-елі ішектің ойық жарасы. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр. Терісі мен шырышты қабаттары бозарған. Пульс – минутына 124 рет. АҚ – 90/60 сын.бағ. Тілі құрғақ. Іші желденген. Тыныс алуға қатыспайды. Пальпация кезінде ауырсынады және барлық бөлігі ширыққан. Щёткин — Блюмберг симптомы оң. Перкуторлы тексергенде бауырдың тұйықталуы байқалмайды, тимпаникалық дыбыс. Аускультация кезінде «құлаған тамшы шуылы».
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
#143
*!39 жастағы әйел адам. Жедел жәрдемге эпигастрий аймағындағы және оң қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына шағымданды. Анамнезінен 6 ай бұрын өт-тас ауруына байланысты холецистэктомия жасалған. Тері және шырышты қабаттары иктериялық. Дене температурасы 36,8. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Пульс минутына 82 соққы. АҚ 110/70 сын.бағ. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, оң жақ қабырғаасты ауырсынады. Перитонеальді симптомдар теріс.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢсәйкес келеді?
#144
*!65 жасар ер адам. Жедел жәрдем шақырды. Жарық аймағындағы ауыру сезіміне және қызаруға, жүрек айнуға және бір реттік құсуға шағымданды. Үлкен дәреті жоқ, газ шықпайды. Объективті қарағанда: іші кепкен, перитонеальді симптомдары күдікті, іштің алдыңғы бұлшықеттері айқын ширыққан.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
#145
*! Әйел 50 жас. Жалпы әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданады. 3 күннен бері ауырады, психотравмадан кейін пайда болған эпигастридегі ауырсыну, сосын нәжісі қара түсті. 5 жыл бұрын науқас жедел эрозивті гастритпен емделген. Бірақ қазіргі уақытқа дейін өзін сау сезінген. Тері жабындысы бозғылт. Жүрек ұшынан систоликалық шу. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауыру сезімі анықталады.
Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН?
#146
*!Ұл бала 3 жаста, мамасының айтуы бойынша қасаға аймағындағы қатты ауырсыну сезіміне шағымданады. Аурудың ұзақтығы 3 сағаттан бері. Қарап тексергенде: қасаға үстінен шартəрізді томпайған, пальпаторлы консистенциясы тығыз-эсластикалық, ауру сезімімен.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы СƏЙКЕС келеді:
#147
*!Жас бала, 20 жаста, жыныс мүшесі аймағында қатты ауыру сезіміне шағымданады. Шағымның пайда болғанына бір сағат болған. Қарап тексергенде: жыныс мүшемсінің басы ісінген, көкшіл түсті, күпек жыныс мүшесінің басына қарай жылжымайды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы СƏЙКЕС келеді:
#148
*!Əйел адам, 47 жаста, сол бүйіріндегі кенеттен пайда болатын толғақтəрізді іштен төмен жайылатын, сыртқы жыныс мүшелеріне беретін ауыру сезіміне, лоқсуға, құсуға, зəршығарудың жиіленуіне шағымданады. Науқас қалпын тоқтаусыз өзгереді, жеңілдеу алып келмейді. Анамнезінен – ұстама алғаш пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары жəне көрінетін кілегей қабаттары қалыпты түсте. АҚ 110/70 мм с.б., пульс 98 рет минутына. Іші сəл үрленген, солқабырғаастының пальпациясы ауру сезімімен. Ұрғылау симптомы сол жақ бүйрек аймағында оң.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы СƏЙКЕС келеді:
#149
*!Əйел, 22 жаста, жүктіліктің 24-аптасы, оң бел аймағындағы сыздап ауруына, бір рет қалтырау, дене температурасы 39 С көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: мәжбүрлі қалып – сол бүйірінде, оң бел аймағын пальпациялағанда ауыру сезімі, құрсақтың тітіркену симптомы теріс.
ЕҢ СƏЙКЕС келетін диагноз:
#150
*!Әйел 29 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке иррадияциаланатын толғақ тәрізді ауру сезіміне, жыныс жолдарынан жағылған қанды бөліністер шығуына шағымданды. Анамнезінен жоғарыдағы аталған шағымдар еттеккірдің 1,5 айға кешігуі нәтижесінде пайда болды, жүктілік тесті +. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттар түсі қалыпты. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. АҚ110/70мм сб. Іші қатайған, төменгі бөлігі ауру сезімді. Зәр шығаруы және үлкен дәреті қалыпты. Жыныс жолдарыннан шыққан бөлінділер жағындылы, қанды.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың ЕҢ дұрысы:
#151
!*Әйел адам 26 жаста, есі жоқ. Туыстарынын айтуы бойынша -6 күн бұрын тұмауды басынан кешірді, бас ауруына, бас айналуына, аяғындағы ісінуге шағымданды. Азанда тырысулар болды."Д" учетта 32 апталық жүктілік бойынша тұрады. Объективті: жағдайы ауыр. АҚ 180/100 - 190/100 мм. сб. Жатыр қозбаған.Ұрықтың орналасуы көлденен, баспен келген. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритімді,минутына 140ретке дейін. Катетермен зәр бұлынғыр,10,0мл.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы көбірек СƏЙКЕС келеді:
#152
!*Әйел адам, 25 жас іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке берілетін қатты ауыру сезіміне, жүрек айнуына, бір реттік құсуға, жалпы әлсіздікке, жоғары температураға 39,5С, қалтырауға, жыныс жолдарынан кілегілі-ірінді бөлінділердің бөлінуіне шағымданды. 3 кун ауырады, жоғарыда айтылған шағымдар еттеккірден кейін пайда болды. Соматикалық сау. Тұрмыс құрмаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. АҚ100/70мм.сб. ЖСЖ 98рет минутына. Іші үрленген, іштің төменгі бөлігі бірден ауыру сезімді, Щеткин-Блюмберг симптомы оң.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы көбірек СƏЙКЕС келеді:
#153
*!Ер адам 60 жаста. Спортзалда екіпұттық гир көтерген. Оң қолымен басына дейін көтерген гир, оны осы деңгейде ұстап тұра алмай, инерция бойынша қолын артқа тартқан. 103 дәрігері қарап тексергенде:оң қолы шынтақ буынында бүгілген,кеудедеден біршама әкеткен, науқас оны сау қолымен білек тұсында ұстап тұр. Иық буыны деформацияланған. Иықтың дельта тәрізді бұлшық етінің дөңестігі жойылған. Жауырынның акромиальді осіндісінің шеті айқын көрінеді, ал төменірек буын шұңқыры бос қалған. Иық буынынында белсенді қимылы мүмкін емес. Иықтың серіппелі қарсыластығы анықталады-симптом "перне". Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
#154
*!Жасөспірім 16 жаста, 3 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы күші сол аяққа түсті. 103 дәрігері қарап тексергенде: сол жамбасы ісінген, деформацияланған, оның осі қисайған. Жарақат алған аймақта ауыру сезімі сезіледі. Жамбастың ортаңғы үштен бір бөлігінде патологиялық қозғалу байқалады. Сол аяғын көтере алмайды. Табанның қозғалғыштық және сезімталдық қызметі толығымен сақталған. Шеткі артерияларда пульс сақталған.Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы көбірек СӘЙКЕС келеді?
#155
*!Науқас Ж. 37 жаста. Жол-көлік апаты болған жерге 103 бригадасы келген кезде, науқас оң жамбас аймағында кенет ауыру сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша, 10 минут бұрын автокөлікке соғылып, оң жамбас аймағынан соққы алған. Есін жоғалтпаған. Қарап тексергенде: оң жақ мықын сүйегінде кең көлемде теріастылық гематома анықталды, шат және шонданай сүйектерін, сонымен қатар мықын сүйегінің оң қанатын пальпациялағанда кенет ауыру сезімімен.
Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы көбірек СӘЙКЕС келеді?
#156
*!Ер адам 45 жаста, 103 дәрігері жалпы қараған кезде, бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айну, құсуға шағымданған. Анамнезінде бір тәулік бұрын құлап, басын жерге соғып алған. Қысқа мерзімді есін жоғалтқан, жарақат себебі есінде жоқ. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, АҚ 130/80, брадикардия минутына 62 соққыға дейін, ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
#157
*!Жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөліміне 50 минут бұрын ағаш шабу кезінде байқаусызда басының үлкен көлемді шабылған жарақатын алған науқас жеткізілді. Қарау кезінде: сол жақ төбе-маңдай аймағында кең және аздаған қан кетумен көрінетін шабылған жара анықталды. Жарада сүйек қалдықтары көрінеді. АҚ 110/70 мм.с.б.б., пульс минутына 98 соққы, ритмді. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
#158
*!Ер кісі 43 жаста, құлау кезінде басын соғып алған. Басының қатты ауырсынуына, жүрегінің айнуына, бас айналуына шағымданады. Қарау кезінде: есеңгіреген, тері жамылғылары бозғылт, пульс минутына 62-64 соққы. Сол жақ самай бөлігінде жұмсақ тіндердің ісінуі, сол жақ құлағынан аздап қан кеткен. Науқас жарыққа қарай алмайды. Сол жақ қарашығы оң жақпен салыстырғанда кеңдеу.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
#159
*!Ер кісі 28 жаста. Төбелес кезінде басына қатты затпен соққы алған. Жедел жәрдем дәрігері қарау кезінде: ұйқышыл, сұрақтарға түсініксіз жауап береді, аздап бозғылт, пульсі минутына 62 соққы, маңдай аймағында 8х15 см көлемді жара,аздап қан кеткен, сол жақта мұрын-ерін қыртысы тегістелген, тілі аздап солға ығысқан, оң жақ қарашығы сол жақпен салыстырғанда аздап кеңейген.Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
#160
*!Қала сыртында 10 жастағы бала бірнеше сағат бойы қатты аязда болды. Мұздалған баланы шаңғышылар тауып,жақын жерде орналасқан елді мекенге апарады. 103 шақырды. Қарағанда білек пен табан терісі гиперемияланған, қолдың және аяқтың саусақ ұштарында бірең-сараң күлдіреуік, сезімталдық төмендеген. Науқаста үсіктің қандай дәрежесі?
#161
*!Моншада 20 жастағы қызда бұтаралық және екі жақты төменгі бөліктерде термиялық күйік.
Күйіктің жалпы ауданын анықтаңыз?
#162
*! Науқас 50 жас. Дене бетінде 35% аймағы I-II-IIIA дәрежелі термиялық күйік бар.Күйік жарақаттары бетте, мойында, кеуденің алдыңғы беткейінде орналасқан. Бетте, мойында жұмсақ тіндердің ісінуі бар. Тыныс алуы мұрын және ауыз арқылы қиын, шулы. Мұрын ішінде күйген қылшықтар бар.Күйік науқастың тыныс алу жолдарының қай бөлігінде орналасқан?
#163
*!3 жастағы бала байқаусызда ыстық сумен төменгі бөліктерінде термиялық күйік алған. келген ЖМЖ дәрігері дене бетінде аумағы 10% күйік алғанын анықтаған.Гиперемия және ісіну фонында кей аумақта эпидермистің болмауын анықтады.
Балада МҮМКІН БОЛАТЫН термиялық күйіктің дәрежесін анықтаңыз?
#164
*!Бала 14 жаста, төменге және ұмаға берілетін іштің жәңе оң жақ бел аймағының ауыруына; әлсіздік, бас айналуға шағым айтты. Сырқатты жарақатпен байланыстырады (4 сағат ішінде белгісіз адамдар ұрып соққан). Тексеру кезінде оң жақ бел аймағында гематома анықталды, перитонит белгілері жоқ. Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
#165
*!Ер адам 33 жаста, автокөлік оқиғасының қатысушысы. Объективті: ауыру сезімінен айқайлап жатыр. Тері жамылғысы солғын. Оң жақ жамбасында жыртылған жарақат бар, сол жерден сүйек шығып тұр және қан бүркілдеген ағынмен ағып жатыр. Қан кету тоқтағаннан кейін ЖСЖ 1 минутта 120 соққы. АҚ 80/60 мм с.б. Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
#166
*!Ер адам 35 жаста, үйге қайтып бара жатты. Кенеттен қатты соққыны сезді. Қысқа мерзімге есінен таңды. Есін жиған кезде оң жақ жіліншігінде бірнеше жерден жыртылғанын көрді, сол жерден қан бүркілдеген ағынмен ағып жатыр, ал сол жақ жамбас жасанды қалыпта тұр. Аяқ-қол ұшында қатты ауыру сезімін сезді, қозғала алмады. Қорқыныш, шарасыз сезім пайда болды. Объективно: науқас қозған, солғын, ЖЖЖ 1 миутта 110 соққы, АҚ 90/60 мм с.б, екі жіліншігінде де жыртылған жаралар бар.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
#167
*!Бала 4 жас. Медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды: миоз, бұлшықеттік тартылу, галлюцинация, бронхоррея, бронхоспазм, тоқтаусыз құсу және іштің ауыру сезімі.
Төменде келтірілгендердің қайсысы КӨБІРЕК уланнудың себебіне ұқсайды?
#168
*!Ер адам 45 жаста ауызынан «металлдың» дәмін сезеді. Құсығы көк түсті. Сілекей ағу мен шөлдеу мазалайды.
Төменде келтірілген препараттардың ҚАЙСЫСЫН науқас ішке пайдаланған?
#169
*!34 жастағы ер адам, химиялық тыңайтқыштар шығаратын заводта істейді. Жүрек айнуға, құсуға, іштің ауыру сезіміне, қозғыштыққа шағымданды. Объективті: психомоторлы қозғыш, көз қарашығы тарылған, бұлшықеттік тартылу. Өкпесінен әртүрлі мөлшердегі ылғалды сырылдар естіледі. Мұрын қуысында сұйық бөлінді.Жүрек тондары тұйық.
Төменде келтірілген қай зат КӨБІРЕК уланудың себебі болып табылады?
#170
*!Өнеркәсіпте улы зат шығып кетті. Жұмысшыларда тұншығу ұстамасы, кенеттен жөтел, үрейлі жағдай, бұлшықет әлсіздігі, жас ағу, жұмысшыларды зақымданған аумақтан шығарғаннан кейін өз бетінше басталды. Бір күн өткеннен кейін жұмысшылардың бір бөлігі өкпелік ісінумен ауруханаға жатқызылды.
Төменде келтірілгендердің ішінде қайсысы КӨБІРЕК сәйкес келеді?
# 171
*!20 жасар жас жігіт көшеде ес-түссіз ауыр жағдайда анықталды. Тексеру кезінде денесінде ешқандай жарақат анықталмады. Терісінде айқын цианоз, көктамырының бойында инъекциялардың ізі бар. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тоны бәсеңдеген, ритмі дұрыс, ЖСЖ 70 рет/мин, АҚ 90/60 мм.сн.бғ.Ошақты белгілері жоқ
Төмендегі диагноздардың қайсысы КӨБІРЕК сәйкес келеді?
# 172
*!Ер адам 39 жаста, көшеде ес-түссіз күйде табылды. Объективті: тері ылғалды, бозғылт, қарашық әлсіз кеңейген, Д=S. Аяқ-қолының бұлшық ет тонусы төмендеген. Аузынан алкогольдің иісі шығып тұр. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 108 рет мин., АД 110/70 мм рт ст. Ошақтық симптомдар жоқ. Менингеалды белгілер теріс. Беттің терісінде жыртылған жарақаттар
Қандай төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
# 173
*! Ер адам 48 жаста, экстасистолия және пароксизмальді тахикардиямен ЖСЖ 180 рет/ мин токсикологияның қабылдау бөліміне жеткізілді. АҚҚ 60/40 мм. сын.бағ., көпреттік құсу шағымдарымен, тілі, ауыз қуысының кілегейі ұйыпқалу сезіміне , 200г. Шарап қабылдаған соң, 15-20 мин кейін пайда болған. анамнезінде жүрек патологиясы жоқ.
Бірінші кезекте науқастан төменде келтірілгеннің қайсысын күмандануға болады?
#174
*!Ер адам 56 жаста. Шағымдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея, қиын тыныс алу, тершеңдік. Анамнезінен: 2 апта ішінде қолдан сатып алынған алкогольді ішімдік пайдаланған. Бүгін жағдайы нашарлаған. Объективті: Жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, қолының дірілі. Көз қарашықтары D=S, дейін 1-2 мм кішірейген . Тынысы шулы. ТАЖ – 26 рет мин. Өкпеде ылғалды және құрғақ сырылдар. АҚ – 110/70 мм. сын.бағ.ст. PS – 140 соққы мин.
Қандай төменде аталған болжам диагноздардың ЕҢ дұрысы?
175
*!Ер адам 28 жаста, қатты отынмен пеш жағатын бөлмеде болған, ес түссіз табылған. Объективті: ыстын иісі, тері жабындылары гипермияланған, акроцианоз, мидриаз, фоторекция әлсіз, тахипноэ 25 ке дейін, АҚ 100/70 мм.рт.ст., ЖСЖ- 90 рет/мин.
Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы ЕҢ нақтысы?
#176
*!12 жасар бала қабылдау бөліміне белгісіз дәрімен уланумен түскен. Тексеру кезінде бала мазасыз, қимыл қозғалысы бұзылған. Терісі құрғақ. беті ыстық қарашықтары кеңейген, тахикардия Қандай затпен улануы ӘБДЕН мүмкін?
#177
*!12 жасар бала. 5 таблетка димедрол ішкен. Біраздан кейін психичкалық – қимылдық қозуы болды, гипертермия, шөлдеу,бетінің және жоғары дене бөлігінің гиперемиясы. Терісі құрғақ боз қарашық кеңейген, горизонтальды нистагм, тырысу
Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы нақтырақ?
#178
*!Бала 13 жаста кездейсоқ ас үйде сөреде тұрған сұйықтықты ішіп қойған. Мамасы жедел жәрдем шақырған. Тексеруде аузынан бір иіс шығады, құсады, сілекей ағады, жұтынуы қатты ауыру сезіммен. Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы нақтырақ?
#179
*!9 жастағы балаға жедел жәрдем бригадасы шақырылған,апасының айтуы бойынша кенеттен қатты ауыру сезімі болған. Қарап тексеру кезінде білезік аймағында 2 кішкентай көпіршік байқалады. Баланың айтуынша оны «құйрығы бар бір жәндік шағып алған».Қарап тексергенде балада ұйқышылдық, температура 37,4 С, шаққан аймақта парестезия байқалады .Балтырында күңгірт-қызғылт түсті нүкте, қызғылт жолақпен қоршалған ісіну байқалады. Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
#180
*!Үйде 5 жасар бала ес түссіз, тоникалық кейіптегі құрысумен жатыр, оң қолында шеге. Анасы осы күйде тауып алған, бұған дейін дені сау болған. Тексеру барысында ТАЖ-30 рет мин, пульс - 130 соққы. Оң қолының алақанында сұршыл-ақ түсті, сызық тәрізді жарақат анықталған.
Мына болжам диагноздардың ішінен қайсысы құрысудың ЕҢ мүмкін себебі бола алады?
#181
*!Пышақпен жарақаттанған ер адам. Жедел медициналық жәрдем дәрігері зардап шегушіні қарау барысында міндетті түрде хабарлау керек:
#182
*!Зардап шегуші бас-ми жарақатымен естүссіз, АҚҚ 190/110 мм.сб, кезеңімен лоқсу. ЖМЖ көлігінде науқасты тасымалдау әдісі қандай:
#183
*!53 жастағы ер адамда «Жедел миокард инфаркті» диагнозы анықталған. Мамандандырылған бригада дәрігері қажет емдік шараларды жүргізіп және науқасқа профильді ауруханаға баруды ұсынды, бірақ науқасқа барудан бас тартты. Бұл жағдайда дәрігер қандай әрекет жасау қажет:
#184
*!Жедел медициналық жәрдем желілік дәрігер науқас жағдайының ауырлығына байланысты өзіне мамандандырылған бригада шақыртты. Мамандандырылған бригаданы шақыртқан дәрігердің міндеті:
#185
*!Науқасты тасымалдау кезінде жағдайы кенет нашарлаған. Өміріне қатер туды. Өмірлік көрсеткіштермен пациентті дәрігер қандай клиникаға апару қажет түсіндіріңіз:
#186
*!Науқас бронх демікпесімен тұншығады, экспираторлы ентігу, ТЖ 30 рет минутына. Медициналық көмек көрсету үшін қандай аппарат ЕҢ тиімді:
#187
*!Зардап шегуші биіктен құлаған, естүссіз. 103 диспетчері шақыртуға қандай бригаданы жіберу қажет:
#188
*!Көкірек тұсындағы ауыру сезімі шағымымен науқас 103 шақыртқан. Жедел жәрдем диспетчері қандай биргада жіберу қажет:
#189
*!Науқаста суицидальды әрекеттерден кейінгі жағдай. Ауруханаға дейінгі кезеңде, егер науқас ауруханадан бас тартқан жағдайда акыл кеңес үшін қандай мамандықты шақыртқан ЕҢ тиімді:
#190
*!Талқандалатын қатты жел сілкінісі кезінде үйме астынан 5 зардап шегуші табылды. Бірінші кезекте алғашқы көмекті қандай зақымданушыларға көрсету міндетті?
#191
*!Жол-көлік апаты нәтижесінде 13 адам зардап шеккен. Зардап шегушіге медициналық қызметті кім ұйымдастырады?
#192
*!Науқас әлсіздікке, бас айналу, жүрек қағуы, тері қышуына шағымданады. Жарты сағат бұрын жоғарғы ерінін ара шағып алған. ЖМЖ қандай бригадасын науқасқа жіберген тиімді?
#193
*!Науқас 59 жаста. Кеуде тұсында күйдірген ауыру сезімі, ұзақтығы екі сағаттан көп, тершеңдікке, өлім қорқыныш сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Шыдатпайтын ауыру сезімі біртіндеп күшейеді. Нитроглицерин әсерінен басылмайды. Науқастың жағдайы өте ауыр. Тері жабындылары: бозғылт, суық тер басқан. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 22 рет мин. Жүрек тондары мылқау, ритмді, АҚҚ 80/60 мм.с.б Пульстің толымдылығы әлсіз және күштемелі. ЭКГ: синусты тахикардия 120 рет мин, III және AvF әкетулерінде Q тісшесі терең,кеңейген. V2-V5 әкетулерінде QS комплексі, STсегменті изосызықтан 6 мм жоғары. Ауыру сезімін басу үшін қай препарат ЕҢ тиімді?
#194
*!Науқас 78 жаста кеуде тұсының басып, қысқан ауыру сезіміне, ұзақтығы 30 минуттан көп, ентігуге, өлімнен қорқу сезіміне, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: ЖИА, 2 рет миокард инфаркт алған, АҚҚ, қант диабеті. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт, ылғалды. Жүрек тондары мылқау, ритмді АҚҚ 70/45 мм.с.б. ЭКГ: ЖСЖ-110 рет 1 минутта. I,II, AVL, V1-V4 әкетулерінде QS комплексі.
АҚҚ тұрақты қалпына келтіру үшін қайдай препарат ЕҢ тиімді?
#195
*!Ер адам 70 жаста, шағымдары: кенет әлсіздік, бас айналу, бас ауру, төс артындағы басқан ауыру сезімі. Анамнезінде 2 жыл бұрын миокард инфаркті. ЭКГде P-Q интервалының біртіндеп ұзаруы қарыншалық комплекстің түсуіне дейін, содан кейін ұзақ пауза туындайды. Қандай дәрілік препаратты қолданған ЕҢ тиімді?
# 196
*!Жас ер адамда жаттығу кезінде жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек соғуы, қатты әлсіздік пайда болды. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ессіз, ұйқы артериясында пульс жоқ, көз қарашығы аздап кеңейген, жарыққа ревкциясы әлсіз. ЕҢ алғашқы кезекте орындалатын шұғыл көмек?
#197
*!Ер адам 39 жаста, кенеттен есін жоғалтты, тонико-клоникалық ұстамалар пайда болды, тері жамылғылары бозғылт, ұйқы артериясында пульс жоқ, тыныс жоқ. Кардиомониторда – түзу сызық. ЕҢ алғашқы кезектегі шұғыл көмек?
#198
*!Науқас 56 жаста қарау кезінде есін жоғалтты, тері жамылғыларында цианоз дамыды, тынысы жоқ және ұйқы артериясында пульс жоқ. Кардиомониторда: жиі тұрақсыз, ретсіз әр түрлі амплитудалы және формалы толқындар.
ЕҢ алғашқы кезектегі шұғыл көмек?
#199
*!Науқас 68 жаста төс артында қысқан, күйдірген ауыру сезімі, ентігу, әлсіздік, салқын тер. Ауыру сезімі 1 сағат бойы. Жағдайы ауыр, қалпы мәжбүрлік ортопное.Тері жабындылары бозғылт, салқын, жабысқақ салқын термен жабылған. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғақты, тахикардия 106 рет мин. АҚ 145/100 мм.с.б. Өкпеде ылғалды орташа көпіршікті сырылдар. ТАЖ–36 рет 1 мин.ЕҢ дұрыс жедел жәрдем шарасы:
#200
*! 44 жастағы науқаста физикалық жүктемеден кейін әлсіздік пайда болды, төс артында қысқан ауыру сезімі, оң иыққа беріледі, қысқа уақыттық естен тану, ентігу. Ауыруы 40 минут бойы жалғасқан. Ауыруы басталғаннан 1сағат өткеннен кейін ЖМЖ –ге жүгінген. АҚ 110/70 мм. с.б. ЭКГ-да синусты тахикардия 108 рет 1 минутта I, II, avL, V1-V4 әкетулерінде ST сегменті жоғарылауы 3 мм астам. Патогенетикалық емнің ЕҢ тиімді әдісі?
#201
*!Науқас Б. 62 жаста. Шағымдары: бас ауру, бас айналу, жүрек айну, жүрек аймағындағы дискомфорт сезімі. 2 күннен бері өзін жағымсыз сезінеді, 2жыл бұрын миокард инфаркты болған. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Жүрек шекаралары сол жаққа 1,5см ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, аортада IІ тон акценті, дұрыс ырғақты. ЖСЖ 120 рет мин. АҚ 260/120 мм.сын.бағ. ЭКГ: ЖЭО горизонтальді қалпы. RV4 < RV6, ST сегменті V4-V6 әкетулерінде изоэлектрлік сызықтан 1мм төмен. Қандай препараттармен артериалық қысымды төмендету ЕҢ әсерлі?
#202
*!Науқас 65 жаста, АҚ 190\100 мм.сын.бағ. жоғарылауы фонындағы жүрек айнуына, бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Осыған дейін 3 күн бұрын өз еркімен антигипертензиялық дәрілерді қабылдауды тоқтатқан. ЕҢ тиімді шұғыл көмек?
#203
*!Ер кісі еттің бөлігімен шашалып қалды. Жақын арадағы жедел жәрдем станциясына көмек сұрап барды. Геймлих әдісі нәтижесіз (науқас тұншығып,көгеріп жатыр).
ЕҢ негізделген тәсіл?
#204
*!Диффузды токсикалық жемсаумен аурыратын 34 жастағы науқас стоматологқа барған, дәрігер қарап жатқанда науқаста әлсіздік, ентігу, көз алдында шыбын шіркейдің ұшуы пайда болды. Есінен танған.Жүрек тондары тұйықталған, қатты, ритмді. ЖСЖ-62 рет минутына Пульс 60 рет мин,ритмді.АҚҚ 80/60 мм.с.б.
Ең дұрыс шұғыл көмек:
#205
*Науқас 69 жаста. Қарап тексеру кезінде есінен танып қалды, тері жабындыларында цианоз пайда болды, тынысы және ұйқы артериясында пульс жоқ. Кардиомониторда: ретсіз, дұрыс емес ритмді, комплекс QRS және T тізшесі жоқ. Дефибрилляцияны бифазды разрядтан бастаған ЕҢ дұрыс, Дж:
#206
*!Егде жастағы науқаста кеуде артында кенеттен өткір ауыру сезімі, кейін құрғақ жөтел және бас айналу пайда болды. Сәлден кейін инспираторлы типтегі ентігу, цианозбен қатар терінің бозаруы дамыды. Эпигастрий аймағында патологиялық пульсация көрінеді. Перкуторлы:жүректің оң жақ шекарасы кеңейген, аускультацияда – өкпе артериясында II тон акценті және ажырауы.Науқас аурухананың қай бөліміне госпитализациялануы қажет?
#207
*!Науқас С., 40 ж. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, аз уақытқа есінен тану, тырыспалар және еріксіз зәр шығару. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ 26 мин. АҚҚ 110/70 мм с.б.. ЭКГ: жүрекшелердің жиырылу жиілігі 80 мин ритмді, қарыншалар 26 мин ритмді. QRS 0, 14 сек. ЕҢ дұрыс жедел жәрдем:
# 208
*! Ер азамат асылудан кейін. Тыныс спонтанды, ақыл-есі жоқ, тырысу байқалады. Жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс іс әрекеті болып табылдаы:.
#209
*!Ер адам 43 жаста, тамақ ішіп отырып қақалып қалды және көгерді. Тыныс шулы, стеноздық. Науқас есін жоғалта бастады. Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?
#210
*!Науқас 49 жаста. Шағымдары: әлсіздік, ентігу, бас ауруы, жөтел қиын бөліністі қақырықпен. Анамнезінде жағдайының ауырлауы 6 сағат бұрын басталды. Беротек ингаляциясын қабылдаған – әсері жоқ. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Тері жамылғысы цианозды. Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу өкпенің барлық бөлігінде. ТАЖ 34рет/мин. ЖСЖ 92рет/мин. АҚ 130/90мм.сб.б. Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?
#211
*!Науқас әйел 47 жаста. Жас кезінен бастап бронх демікпесімен ауырады. Үнемі бронх кеңейткіш дәрілік заттарды қолданады (ингалятор). Өзінің қаралатын дәрігері сальбутамол (альбутерол) ұсынған, тұншығу ұстамасын жақсарту мақсатында. Бірақ кейінгі уақытта науқасқа сальбутамолды күн сайын күндіз де, түнде де (2-3 рет түнде) қабылдауға тура келді.
Аталғандардың ішінде қай дәрілік затты тағайындау ЕҢ маңызды болып табылады?
#212
*! 25 жастағы науқас ентігуге, тамағындағы ауыру сезіміне, даусының қарлығуына, дене температурасының 38,5С дейін жоғарлауына шағымданды. Науқасқа – «Ларинготрахеит, көмей стенозы, I дәрежесі» диагнозы қойылды.
Шұғыл көмек мақсатында НӘТИЖЕЛІ ПРЕПАРАТ
#213
*! Науқас Н. 65 жаста, қозғалғанда күшейетін алқызыл қан аралас қақырықпен жөтелге шағымданады. Анамнезінде: өкпе ауруына байланысты мекен-жайы бойынша бақыланады, жақында өкпесіне ота жасатқан. Жүрек ауруына байланысты аспирин қабылдайды. Объективті: тәбеті нашар, тері жабындылары бозғылт, ЖСЖ 100 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.с.б.Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
#214
*!Науқас 28 жаста. Жарақатынан қан ағуына, кеудесіндегі ауыру сезіміне шағымданды. Анамнезінен: кеудесіне пышақтық жарақат алған. Объективті: кеудесінде пышақтық ойық жарақат, оң жақта алдыңғы қолтық сызығынан 7 қабырғааралықта 1х4см өлшемінде орналасқан. Аускультацияда: оң жақ өкпеде тыныс әлсіреген, тыныс алу жиілігі 22 рет минутына.АҚҚ 80/60 мм.сын.бағ.. Пульсі жіп тәрізді.ЖСЖ 120 рет минутына.
Науқасты емдеуде ЕҢ дұрыс тәсіл қандай?
#215
*!Бала майда ойыншықтармен ойнап отырып кенет жөтелдi, тыныс алғанда алыстан естiлетiн сырыл бар.
Төменде аталған әрекеттердiң ішінде қайсысы науқасқа ЕҢ тиімді?
#216
*!Науқас 28 жаста. Маңдай және самай бөлігінің ауыруына, әлсіздікке,енжарлық, мұрнының бітуіне,денесінің сырқырауына,сирек құрғақ жөтелге,дене температурасы 39,1ºС қа көтерілуіне шағымданады. Объективті: беті ісінген,қызарған.Склерит, конъюнктивит байқалады. Төмендегі дәрілік заттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
#217
*!Бронх демікпесі ұстамасын басу үшін 3 жасар балаға ингаляциялық сальбутамол қолданылған. Жағдайы біраз жақсарғанымен, ысқырықты сырыл мен ентігу сақталған. Науқасқа қай препаратты енгізген ЕҢ қажет?
#218
*!Бала 12 жаста. Кеуде торының оқ жарақатын алған, жағдайы өте ауыр. Шок пен жедел тыныс жеткіліксіздігінің клиникасы айқын. Шұғыл көмек көрсеткен дәрігер диагнозы: ашық пневматоракс. Аталған шаралардың қайсысы науқас үшін АСА маңызды ?
#219
*!Бронх демікпесі ұстамасын басу мақсатында 63 жасар ер адамға сальбутамол ингаляциясы жасалды, сәлден кейін науқаста аздаған жеңілдік болды, бірақ ентігу мен ысқырықты сырылдар сақталған. Науқасқа қандай дәрілік зат қолдану қажет:
# 220
*! Ер азамат асылудан кейін. Тыныс спонтанды, ақыл-есі жоқ, тырысу байқалады. Жедел жәрдем дәрігерінің ЕҢ дұрыс іс әрекеті болып табылдаы:.
#221
*!Бала 9 жаста, қабақ пен еріннің ісінуіне шағымданды. Жаңғақ жегеннен кейін жағдайы нашарлады. Қандай дәрілік препараттарды алдымен қолданған ЕҢ тиімді?
# 222
*!2 жастағы балада уртикарлы бөртпе пайда болды. Таңертең апельсин жеген. Қандай дәрілік препараттарды алдымен қолданған ЕҢ тиімді?
#223
*!36 жастағы науқас инспираторлы ентігу, тұншығу, құрғақ жөтелге шағымданды. Парфюм қолданғаннан кейін жағдайы ауырлаған. Қозғыш. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны тұйықталған, ЖСЖ 54мин, пульс толымы әлсіз, АҚ 80/40 мм. сын.бағ.ст.
Қандай дәрілік препараттарды қолданған ЕҢ тиімді?
# 224
*! Науқас 32 жаста арықтауға арналған қытай таблеткаларын қабылдағаннан кейін әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуы, терінің қышуына шағымданды. Объективті: жағдайы өте ауыр, санасы көмескіленген. Тері жамылғысы бозғылт, акроцианоз, жабысқақ тер басқан. Қабағы мен еріні ісінген. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс. ТЖ 25 рет минутына. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 140 рет мин., АҚҚ 70/40 мм сын. бағ.
Қандай препаратты бірінші кезекте енгізу қажет?
# 225
*! 28 жастағы науқас әйел емшара бөлмесінде метронидазол ерітіндісін көк тамырға тамшылатып енгізу кезінде инспираторлы ентігу, тұншығу, құрғақ жөтел, әлсіздікке шағымданды. Жағдайы ауыр, жүзінде қорқыныш бар, науқас қозған. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны әлсіз, ЖСЖ 94\мин, пульс әлсіз толтыру, АҚ 80/60 мм. сын.бағ.ст.
Аталғандардың қайсысы шұғыл көмек көрсету үшін ЕҢ дұрысы?
# 226
*!10 жастағы балада баралгин салғаннан соң, 15 минуттан кейін орнында қышыну, бөртпе, саусақтардың ұюы, жүрек айну басталды. Клиникалық қарап тексергенде жіп тәрізді пульс, АҚ төмендеген, жүрек тоны тұйық. Аталғандардың қайсысы анафилактикалық шокта НЕҒҰРЛЫМ орынды шұғыл көмек көрсету үшін қажет?
# 227
*!45 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, бас айналуына, жүрек соғысына, ауа жетіспеушілікке шағымданды. Жалпы симптоматика 5% глюкоза ерітіндісінен кейін басталған. Үйінде көршісі дәрігердің нұсқауынсыз тамшылы иньекция жасаған. Бірнеше минуттан кейін жоғарыдағы шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: терісі бозарған, ылғалды. Өкпесіндее везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 22 минутына. Журек тоны анық, ритмді. ЖСЖ 90 минутына. АҚ 80/60 мм.рт.ст.
ЕҢ бірінші кезектегі әрекет?
# 228
*!Науқас әйел 34 жаста. Шағымдары: терісінің қышуы, әлсіздік, басының айналуы, жүрек қағуы. Жарты сағат бұрын жоғарғы ернін ара шаққан. Объективті: жағдайы ауыр, есі шатасқан. Тері жабындысы гиперемирленген, жабысқақ термен қапталған. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Тыныс жиілігі минутына 19 рет. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет. АҚ 40/0 мм рт.ст.
Төмендегі препараттардың қайсысы бірінші кезекте ЕҢ дұрысы?
# 229
*! 38 жастағы əйел адам стоматологиялық бөлмеде отырған, лидокаин енгізгеннен кейін еріннің ісінуі, ентігу, әлсіздік, терісінің бозаруы пайда болды. АҚ 80/60 мм рт.ст.
ЕҢ бірінші кезектегі әрекет?
# 230
*!42 жастағы науқас тыныс алу жетіспеушілігіне, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінен: көптеген жылдар бойы аллергиялық риниттен зардап шегуде. Аскорбин қышқылы таблеткасын қабылдағаннан кейін денсаулығын күрт нашарлаған. Объективті: жағдайы ауыр. Науқас қозған. Тері жабындысы бозғылт. Шулы тыныс. Өкпе үстінде қатаң тыныс алдымен, өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 127 рет. АҚ 130/80 мм сын.бағ.
Төмендегі қайсы препаратты қолдану ЕҢ орынды болып табылады?
# 231
*!4 жасар балада тағаммен апельсин қабылдағаннан кейін терісінде бөртпе, қышыну пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта. Беттің, қолдың терісінде дақты-папулезді, сұйық сипаттағы қышынумен журетін бөртпелер бар. Аталған препараттың қайсысын тағайындау ЕҢ орынды?
#232
*!35 жастағы əйел адамда аз уақытта бисептолды қабылдағаннан соң температурасының 39 С градусқа дейін көтерілуіне, қызбаға денесінің жоғарғы жартысында күйген тәрізді сезімге шағымданды. Бірнеше сағаттан соң арқада және іште бірден гиперемия пайда болып, біртіндеп бір-бірімен қосылатын төменгі дәрежелі көпіршіктер пайда болды. Никольский симтомы оң. Науқасты кай бөлімге тасымалдау керек:
#233
*!Науқас 28 жаста, маңдай мен самай бөлігінің ауыру сезіміне, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бүкіл денесінде ауыру сезіміне, сирек құрғақ жөтелге, мұрын бітелуіне шағымданып келді. Объективті: беті ісінген, гипермияланған. Склерит, конъюнктивит байқалады. Дене температурасы 39,10С. Ауыз жұтқыншақ шырышты қабаты гиперимияланған, ұсақ дән тәрізді ісінулер бар.
Жедел көмек көрсету үшін ең ОРЫНДЫ препарат:
#234
*! Бала 2 жаста. Бүгін таңертең дене температурасы 37,8º С дейін жоғарылаған, шулы тыныс, дөрекі үрген жөтел, дауысы қырылдаған. Кешке жағдайы нашарлаған. Қосымша бұлшық еттер қатысуымен жүретін шулы тыныс, ара-қашықтықта естіледі, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, мазасыздық.Қай топ препараттарын қолдану ЕҢ ОРЫНДЫ болып табылады?
#235
*! ЖРВИ бар 5 жасар балада жоғары дене қызуы (39,5º С) фонында жағдайы бірден нашарлады, тырысулар пайда болды.
Жедел көмек көрсету үшін ең ОРЫНДЫ препарат:
#236
*! Бала 1 жаста кенеттен ауырды, дене температурасы 37,6°С жоғарылады, қозған, жиі үрген жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 рет минутына, қосымша бұлшық еттерінің қатысуымен стридорозды тыныс.
Қай топ препараттары ЕҢ әсерлі?
#237
*! Қызда бас ауруы, құсу, дене температурасы 390 С, бүкіл денесінде көп геморрагиялық бөртпелер, жіп тәріздес пульс, АҚ 60/40 мм.с.б.
ЕҢ орынды тактика?
#238
*!Ұл бала 11 жаста, Анасының айтуы бойынша жедел ауырған. Жоғары дене температурасына 39,8 С, бас ауруына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: адинамия, әлсіз, енжар. Тері жабындылары бозарған, жамбас терісінде жұлдызшалы геморрагиялық бөртпелері бар. Менингеальды симптомдар теріс.
Төменде көрсетілгендердің қайсысы жедел көмек көрсетудің ЕҢ ОРЫНДЫСЫ?
#239
*!Ұл бала 17 жаста. Қатты бас ауруына, құсуға шағымданады, жақында ауырған. Объективті: жағдайы ауыр, температурасы 40С. Тежелген, сұрақтарға біртекті жауап береді. Басы артқа шалқайған және тізесі ішіне қарай бүгілген бір қырында жатыр. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 80 рет мин. АҚ 140/90 мм.с.б. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтлігі, Керниг симптомы айқын.
Жедел көмек көрсетуде төменгі аталғандардан ең ҚОЛАЙЛЫСЫ?
#240
*!Қыз бала 15 жаста, 15 күн бұрын «аллергиялық бөртпесі» бар науқаспен қатынаста болған. Науқастанғанына 3 күн болған,дене қызуы 38-39°С, жөтел және мұрнынан шырышты бөлініс бар, конъюнктивит, орташа және ірі дақты ашық қызыл бөртпе бірінші құлақ артында содан кейін кеудесіне аяқ-қолдарында пайда болған.
Ең ҚОЛАЙЛЫ тактика:
#241
*!Бала 3 жаста, балалардың ұжымында,ауырғанына екі күн болған. Ауруы дене қызуының 37,4°С жоғарлауымен,бөртпенің пайда болуымен басталған. Өзгермеген тері фонында майда дақ,папула және везикула түріндегі шамалы бөртпелер бар.Келесі күні бөртпе элементтері ұлғайған,везикула орнында кейбір жерлерінде қабыршақтар бар.
Еміндегі ең дұрыс ұсыныстар?
#242
*!Д, 13 жаста. Жедел ауырған,дене қызуы 38,9°С жоғарылаған,енжарлық пайда болып,тәбеті нашарлаған.Ауруының екінші күнінде дене қызуы 40°С жоғарылаған, жөтел, мұрны бітелген, жарыққа қорқыныш, бас ауырған. Объективті: терісі таза, конъюнктива гиперемирленген, склераның тамырлары инъекцирленген, аңқасында айқын гиперемия, таңдайында энантема,ауыз қуысында бетінің шырышты қабатында тығыз нүктелі ақ қызыл шеңберленген көптеген ісік бар .Өкпесінде қатаң тыныс.
Еміндегі ең НӘТИЖЕЛІ ұсыныстар?
#243
*!Бала 4 жаста. Жедел ауырды. Дене қызу 38С, бір рет құсқан. Кешкісін бөртпелер пайда болды. Қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта,бас ауруына және тамақтағы ауыру сезіміне шағымданды. Бетінде және денесінде көптеген ұсақ нүктелі бөртпелер
Ерін –мұрын үшбұрышы бозғылт. Бадамша безінде және аңқа доғасында айқын гиперемия.Оң бадамша безінде іріңді жабынды.
Жедел жәрдем дәрігерінің ең дұрыс тактикасы:
#244
*!Бала 8 жаста. Анамнезіне белгілісі бала мектеп асханасынан таңертең тәтті тоқаш жеген.Кешкісін жүрегі айнып,басы ауырған,үш рет құсқан, 5-6 рет іші өткен, дене қызуы 38,4°С. жоғарылаған. Аталғандардың ішінен ЕҢ орынды жедел жәрдем:
#245
*!Бала 14 жаста, ауырғанына 4 күн болған. Ауру жедел басталған дене қызуы 400С жоғарылаған, әлсіздік,тежелген,сандырақтаған, қайталамалы құсық болған. Көп ұзамай оң санының алдыңғы бетінде дақ, папула, айналасы қызыл тәжбен қоршалғандай везикула пайда болған.Оң жақ шап лимфа түйіні ұлғайған, ауырсыну сезімімен.Үш күн бұрын әкесі даладан тауып үйге әкелген сусликпен қатынас болған.
Жедел жәрдем дәрігер тактикасы:
#246
*!Нақас Үндістаннан келген.Жедел ауырған, ауру жиі, сулы іш өтумен және көп мөлшердегі сулы құсықпен басталған.Дене қызуы 35,1С .Терісі құрғақ,серпінділігі төмендеген.Көрінетін кілегейлі қабаты құрғаған.Бет пішіні солған.АҚ70/40мм.с.б.ЖСЖ115рет минутына.Жүрек үні әлсіз.Дауысы қарлыққан.Кіші дәретке бармаған.
Ең таңдаулы жедел көмекке кіреді?
#247
*!Жедел жәрдем дәрігері 25 жастағы ер адамда жедел психикалық аурудың симптомдарын анықтады. Науқас агрессивті емес, бірақ суицидальды ойларын айтады. Науқасқа қолданылатын ЕҢ дұрыс тактика?
#248
*!30 жастағы ер адам,ауыр психикалық ауырумен зардап шегеді, агрессивті іс-әрекетті жедел медициналық бригадаға көрсетті. Науқасты жүргізуде ЕҢ дұрыс тактика?
#249
*!Жедел медициналық дәрігері 25 жастағы ер адамның ауыр психикалық жағдайда екенін анықтады. Науқасты жүргізуде ЕҢ дұрыс тактика?
#250
*!13 жасар қыз балада саусағынан қан алғаннан соң, көзінің қарауытуы, құлағында шу, терінің бозаруы, жүрек айнуы, АҚҚ төмендеуі байқалды. Қай дәрілік препаратты қолданған ЕҢ дұрысы?
#251
*!48 жастағы науқас инсулинді енгізгенде есін жоғалтқан, жиі беткей тыныс алған,салқын тер байқалған. Қай топ препараттарын ЕҢ бірінші кезекте енгізу қажет?
#252
*!Жас жігіт 27 жаста коматозды жағдайда госпитализацияланған. Екі ай ішінде науқас салыстырмалы әлсіздікке, ыстығының көтерілуіне, 8 кг арықтаған. Соңғы екі күнде жағдайының күрт төмендеуі байқалған. Объективті: терісі құрғақ, бозғылт, тургор төмендеген, арефлексия. Куссмауль тынысы, ацетон иісі ауыздан шығады.АҚҚ 90/60 мм. с.б.б., пульс 92, жұмсақ, кіші толығулар. Ішті пальпациялау кезінде - ішінің кебуі, құрсақ қуысы күштелген. Қандай ерітіндіні ЕҢ бірінші кезекте қолданған тиімді?
#253
*!74 жастағы ер адам шағымдары бас ауруы, дененің төменгі бөлігінің сол жақ жоғарғы
бөлігіндегі жансызданулар, сол жақ жоғарғы бөлігіндегі әлсіздік, түсініксіз сөйлеу.Таң ертеңнен бері ауырып жатыр. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мұрын ауыз үшбұрышының тегістелуі, Парус симптомы, тілінің оң жаққа қарай қисаюы. Сөзі анық емес. Салыстырмалы сол жақтық гемипарез. Екі сағаттық ем жүргізгеннен кейін оң нәтиже алынған. Гемипарез белгілері жоғалған, сөзі анық. Жалпы жағдайы жақсарған. Науқасқа қолданылатын ЕҢ дұрыс тактика ?
254
*!Ер адам 81 жаста, туысқандарының айтуы бойынша 1 сағат бұрын таңғы ас кезінде аяқ асты сол қырына жатып, сөйлей алмай, сұрақтарға жауап бере алмай қалды. Сол аяқ-қолының қимылдамайтынын, оң жақ мұрын-ерін үшбұрышының тегістелгенін көріп, ЖМЖ шақырған. Бірақ бригада келгенге дейін науқастың жағдайы біршама жақсарды. Есі анық, активті. Парез және салдану белгілері жоқ. Сөйлеуі анық, дұрыс. Сұрақтарға дұрыс жауап береді, командаларды атқарады. Жүрек үні тұйықталған, ритм дурыс. АҚҚ - 150/80 мм. с.б., ЖСЖ - 60 минутына. Науқасқа қолданылатын ЕҢ дұрыс тактика ?
#255
*!75 жастағы ер адамға шақырту. Жалғыз өзі тұрады, ес түссіз жағдайда көршілері тапқан. Жалпы жағдайы өте ауыр. Есі асқынған кома, атония, арефлексия. Тыныс алуы патологиялық – Чейн- Стокс тынысы. ТАЖ 8-10 минутына. Жүрек үні тұйықталған, ритмді емес. АҚҚ - 70/40 мм. с. б., ЖСЖ 70-94 минутына. Іші жұмсақ, тыныс алу актісіне қатысады. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Перифериялық ісіктер жоқ. Науқасқа қолданылатын ЕҢ дұрыс тактика ?
#256
*!Ер адам 75 жаста, ауырғанына 1 тәулік болған. Жалпы жағдайы ауыр. Есі есеңгіреген, қалпы пассивті. Сол аяқ-қол бұлшық етінің күші мен тонусы төмендеген. Сөйлеуі анық емес. Оң мұрын-ерін қатпарының тегістелуі. Тері жабындысы таза, құрғақ. Жүрек үні тұйықталған, ритмді, аортада 2 тон акценті. АҚҚ - 160/90 мм. с. б., ЖСЖ - 68 минутына. ТАЖ - 17 минутына. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр қабырға доғасы бойымен, ауыру сезімсіз. Балтыры пастозды. ЭКГ-да жедел коронарлы патология жоқ. Қандағы қант мөлшері – 6,2 ммоль/л. Науқасты қандай қалыпта тасымалдау керек?
#257
*!25 жастағы жас жігітте бір ай көлемінде жұмысына қызығушылыққа, әлеуметтік іс-шараларға, сырт келбетіне, жеке бас гигиенасына қызығушылығының жоғалуы белгіленген. Екі күн бойыкомментиртеуші сипатта есту,вербальді галлюцинациялар, өзгеғаламдықтармен қарым-қатынасу сандырағы мазалай бастаған. Агрессивті және тітіркенгіш. Бұрын, мұндай жағдайы болмаған. Анамнезінен:бауыры психикалық аурумен ауырады.Дәрігердің қандай тактикасы НЕҒҰРЛЫМ орынды болып табылады?
#258
*!Көпшілік ортаға шақырту. Әйел 30 жаста ес түссіз жерде жатыр. Тері жамылғысы бозарған, цианозды. Жағы қысылған, басын артқа тастап жатыр.Қолдары мен аяқтары жартылай бүгілген, бұлшықеттері қатайған. Екі жақта да бірдей қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Қарап тексергеннен кейін бірнеше секундтан соң бетіндегі және аяқ-қолдарындағы бұлшықеттері симметриялы түрде қозғала бастады. Аузының айналасында қызғылт көбік пайда болды. Еріксіз зәр шығару. АҚҚ 180/90 мм. с.б., пульс минутына 102. Осы берілгендердің ішінде қайсысы НЕҒҰРЛЫМ маңызды (біріншікезекті) іс –әрекет болып табылады?
#259
*!40 жастағы ер адам 10 үлкен эпилепсия ұстамаларамен бақыланады, ұстамалар арасындағы үзілісте науқас есін жимайды. Берілген дәрілік препараттардың ішінде қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
#260
*!75 жасар ер адам басқа пәтерге келіп тұр, өз пәтерін таба алмай жүр. Көршілермен бірнеше рет амандасады, олардың есімдерін білмейді, апта күндерін шатастырады. Ағымдағы жылды, айды білмейді. Науқасты жүргізудегі НЕҒҰРЛЫМ тиімді тактика?
#261
*!45 жасар ер адам оқиғаларды есте сақтаудың төмендеуіне шағымданады. Ұмытпас үшін бәрін жазып жүруіне тура келетінін айтады. Бұрынғы білімін жақсы қолдана алады.
Науқасты жүргізудегі НЕҒҰРЛЫМ тиімді тактика?
#262
*!47 жасар әйел. Жедел жәрдем дәрігері қарау барысында іштің толғақ тәрізді ауруына, іш кебуіне, үлкен дәреттің және газдың шықпауына шағымданады. 1 тәулік бойы ауырады, құсу 1 сағат бұрын үлкен дәреттің иісімен болған.
Бірінші кезекте жасалынатын іс-әрекет.
#263
*!50 жасар әйел адам соңғы жылы жедел холецистит ұстамасымен осымен үшінші рет ауруханаға жеткізілуде. Соңғысында ауыру сезімі оң жақ қабырға астында екі күн бұрын пайда болған, медициналық көмекке жүгінбеген, өзін өзі емдеген. Ауруханаға түспес бұрын ауру сезімі құйылған тәрізді болып, оң жақ аймаққа таралған, гипертермия 39о С. Ішперденің тітіркену белгілері бар. Науқасты қай бөлімге жатқызған жөн?
#264
*!49 жасар ер адам. Ауырғанына 3 күн болғанда жедел жәрдем шақыртқан.Қарау барысында дене температурасының 390С көтерілгеніне, гиперемияға, шыққан жарық аймағының инфильтрациясы мен ісінуіне шағымданады.
Науқасты аурухананың қай бөлімшесіне жатқызған жөн?
#265
*!9 жасар бала. Жедел жәрдем дәрігері қарау барысында ішіндегі ауыру сезіміне, жүрек айну мен құсуға шағымданады. Ананезінен – аппендэктомия. Объективті қарағанда: пульс минутына 98 рет. Іші аздап кепкен, жоғарылаған жиек ішек аймағында жұмсақ эластикалық оваль формалы құрылым пальпацияланады. Перистальтикасы күшейген. Тік ішектен қанды бөлінділер. Науқасты аурухананың қай бөлімшесіне жатқызған жөн?
#266
*!59 жасар әйел адамда жедел калькулезді холециститпен ішінің барлық бөлімінде қатты ауыру сезімі мазалайды.Науқас бозарған, тахикардия, іштің ширығуы, перитонеальді көріністер іштің барлық аймағында байқалады.
Бірінші кезекте жасайтын іс әрекет?
#267
*!Әйел 30 жаста 10 күн бойы жыныс жолынан жылы қанды бөліндіге шағымданады, 1,5 ай етеккірі кешіккеннен, әлсіздік. 25 жасынан периодты түрде осындай қан кету қайталанады. Туу саны-2, аборт – 1 . Қарап тексеру кезінде тері жабындысы бозарған, тахикардия, АД 100/60 мм.рт.ст. Бөлініс қанды, жылы.
Науқасты қай бөлімге госпитализациялау қажет?
#268
*!Ер кісі 40 жас. Жедел жәрдем дәрігері қарағанда науқастың жағдайы ауыр болды. 12 сағат бұрын мелена мен қан мен құсық пайда болды. Есі шатасқан АД 60/40 мм.рт.ст. Пульс 128 мин.Аталғандардың ішінде жедел жәрдем жағдайында көрсеткіш болып табылады?
#269
*!Ұл бала 3 жаста, мамасының айтуы бойынша қасаға аймағындағы қатты ауырсыну сезіміне шағымданады. Аурудың ұзақтығы 3 сағаттан бері. Қарап тексергенде: қасаға үстінен шартəрізді томпайған, пальпаторлы консистенциясы тығыз-эсластикалық, ауыру сезімімен.
Қай жедел көмекті қолданған ЕҢ дұрысы:
#270
*!Ер адам 65 жаста.14 сағаттан бері зəршығара алмауына, іштің төменгі бөлігіндегі өткір ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде Паркинсон ауруы. Қарап тексергенде: арқасымен жатыр, аяқтары созылған. ЕҢ дұрыс жедел көмек:
#271
*!Әйел адам, 32 апта жүктіліктің 16 аптасы, белгілі бір себептерсіз жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданады. Обьективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. АҚҚ 100\70. Жатыр қозбаған. Қандай жедел көмек ЕҢ тиімді:
#272
*!Қыз бала 18жаста. Зəр шығару кезінде іштегі жедел ауыру сезіміне, жыныс жолдарынан көптеп ірің тəрізді бөліністерге шағымданады. Тұрмыс құрмаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Т 38,3С. ЖСЖ 100рет/мин. Іші аздап ұлғайған, пальпацияда іштің төменгі бөлігінде ауыру сезімі бар.Қандай жедел көмек ЕҢ тиімді.
#273
*!78 жастағы әйел, тайғақ жолда кетіп бара жатып, тайып құлап түсті,оң қол алақанын тіреп қалды. Алақан-білезік буынында қатты ауыру сезімі пайда болды.103-ті шақырды.Объективті: оң алақан білезік буыны ісінген,қозғалысы шектелген,өте күшті ауыру сезімімен.Буынның айқын «найза»тәрізді деформациясы анықталады (дистальды бөлігі сүйекпен бірге сыртқа ығысқан). Буынның сыртқы бетін беткей пальпациялағанда ауыру сезіммен. Жарақат алған орында осьтік күштеме ауыру сезімін күшейтеді.ЕҢ бірінші кезекте көрсетілетін көмек?
#274
*!Жасөспірім 12 жаста, әткеншектен құлап, иық буынының сыртқы бетімен жерге соғылған. 103 дәрігерінің сыртқы қарауы кезінде: оң бұғанасының деформациясын байқады, оң иық белдеуі қысқарған және сол жаққа қарағанда төменірек. Науқас сау қолымен зақымданған қолын иық белдеуі деңдейінде, шынтақ буынында бүгілген қалыпта кеудесіне жақындатып ұстап тұр. Оң бұғана аймағы ісінген. Пальпациялағанда кенет ауыру сезімі пайда болады және соңғы бөліктерін анықтауға болады. ЕҢ бірінші кезекте көрсетілетін көмек?
#275
*!Ер адам 36 жаста. Жол-көлік апаты болған жерге 103 бригадасы келген кезде, науқас оң жамбас аймағында кенет ауыру сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша, 10 минут бұрын автокөлікке соғылып, оң жамбас аймағынан соққы алған. Есін жоғалтпаған. Қарап тексергенде: Оң жақ мықын сүйегінде кең көлемде теріастылық гематома анықталды, шат және шонданай сүйектерін, сонымен қатар мықын сүйегінің оң қанатын пальпациялағанда кенет ауру сезімімен. Жамбас сүйегі сынған науқасты тасымалдау қалпы?
#276
*!Ер адам 38 жаста, пышақтық соққыдан қорғану мақсатында оң қолымен пышақты алып оның жүзін ұстап қалған. Шабуылшы оның қолынан қатты күшпен итеріп жіберді. Осының нәтижесінде, оң алақан сыртында терең жара пайда болды. 103 дәрігерінің қарауы кезінде, оң алақан сыртында терең, көлденең кесілген жара ұзындығы 4 см, жиектері тегіс және айқын қансыраумен. Ең алғашқы іс-әрекетіңіз?
#277
*!Науқас 50 жаста, автомобильді жарақаттан кейінгі жағдай. 103 дәрігер жалпы қарағанда науқас бас ауруына, бас айналуына, жүрек айнуына шағымданған. Неврологиялық статус: ретроградты амнезия, шамалы анизокория, нистагм, пирамидалық жеткіліксіздіктің белгілері. Киімінде құсық қалдықтары.Төменде көрсетілген жедел көмектің ҚАЙСЫСЫ ТИІМДІ?
#278
*!35 жастағы ер адам ауыр затпен басын ұрып алған сәтте есінен танып, құлап қалған. Науқас жағдайын біріншілік бағалау кезінде түсініксіз сөздер айтып, ауырсыну тітіркендіргішіне көзін ашып, тітіркендіргіш тиген аймақтағы қол-аяқты қозғайды. ЕҢ алғашқы іс-әрекет?
#279
*!Ер адам 46 жаста, 103 бригада дәрігері қараған кезде бас ауруына, бас айналуына, жүрек айнуына, құсуға шағымданған. Анамнезінде бір тәулік бұрын құлап, басын жерге соғып алған. Қысқа мерзімді естен тану болған, жарақат себебі есінде жоқ. Қарау кезінде: науқас бозғылт, АҚ 130/80, брадикардия минутына 62 соққыға дейін, ошақтық неврологиялық симптомдары жоқ. Ауруханаға тасымалдау барысындағы науқастың қалпы:
#280
*! Басының көлемді аймағында шабылған жарақат алған науқасқа жедел жәрдем бригадасы келді. Зардап шегуші 50 минут бұрын байқаусызда ағаш шабу кезінде жарақаттанған. Қарау кезінде: сол жақ төбе-маңдай аймағында кең қанталаған және аздаған қан кетумен көрінетін шабылған жарасы анықталды. Жарада сүйек қалдықтары көрінеді. АҚ 11070 мм.с.б.б., пульс минутына 98 соққы, ритмді. ЕҢ алғашқы орындалатын іс-әрекет?
#281
*!Ер кісі 33 жаста, үйіне қайтып жатқанда басына қатты затпен соққы алған. Бірнеше минутқа есінен танған. Дәрігер қараған кезде: науқас есеңгіреген, қарауға қарсыласады, сөйлесу контакті мүмкін емес. Қорғаныс қозғалыстарынан оң жақта бұлшықет әлсіздігі анықталды. Сол жақ самай аймағының терісі бозарған. Сол жақ қарашық оң жақпен салыстырғанда кеңейген. АҚ 100/70 мм.с.б.б., пульс минутына 48 соққы. Жедел медициналық жәрдем:
#282
*!17 жасар боз бала, төбелес кезінде қатты затпен басына соққы алған, есінен танып қалған. Аталған дәрілердің қайсысын қолданбаған жөн?
#283
*!Моншада 20 жастағы қызда бұтаралық және екі жақты төменгі бөліктерде термиялық күйік. Жедел жәрдем көрсету үшін ЕҢ ОРЫНДЫ препарат?
#284
*!Ер адам 57 жаста, оң жақ табанының ұйып қалуын, шаншып ауыру сезімін ,терісінің көгеруін сезді. Обьективті: оң табанында серозды сұйықтық бар көпіршіктер , гиперемия.
Жедел жәрдем дәрігерінің ЕҢ бірінші әрекеті?
#285
*! Әйел адам 45 жаста тамақ әзірлегенде аяғына ыдыстағы ыстық суды төгіп алды. Ешқандай әрекет жасамай, бірден «жедел жәрдем» шақырды. Екі жақты табанда күйдіріп ауыру сезіміне шағымдалған. Тексергенде: екі сирақ және табан гиперемирленген,ісінген, табан терісінде көптеген қызулы ішінде серозды көпіршіктер.
Науқасқа ЕҢ бірінші кезекте көрсетілетін көмек?
#286
*!Ер адам 33 жаста, автобус қағып кеткен. Объективті: оң жақ жамбасында жыртылған жарақат бар, сол жерден сүйек шығып тұр және қан бүркілдеген ағынмен ағып жатыр.
ЕҢ алғашқы кезекте орындалатын іс-әрекет?
#287
*!Бала 5 жаста. Медициналық көмекке жүгіну кезінде миоз, бұлшық ет дірілі, галюцинация, бронхоррея, бронхоспазм, құсу, ішінің ауыру сезімі. Бірінші кезекте медицина қызметкерінің іс әрекеті
#288
*! Ер кісі 52 жаста, көмір пешпен жылитын үйден ес-түссіз күйінде көршісі тапқан. Тыныс жетіспеушілігінің көріністері: беткей тыныс, ТАЖ-24 р\мин,акроцианоз,аускультацияда көптеген әр түрлі калибірлі,ылғалды сырылдар.АҚ 140\90 мм. сн.б, ЖСЖ-100, аузынан алькогольдің иісі шығып тұр.
Дәрігердің алғашқы іс-әрекеті:
#289
*!33 жастағы ер адам, суицид мақсатында иіссіз және дәмсіз ақ кристаллды порошок қолданған. Улану симптомдары: 12-14 сағаттан соң жүрегі айну, құсу, диарея, жалпы әлсіздік, ұйқысыздық, сілекей бөліну, бас ауру, санасының күңгірттенуімен көрінді. Кейін жарықтан қорқу, парестезия, тырысу, делирий, кома, токсикалық нефропатия анықталды. 2-3 аптадан кейін шашы түсе бастады, алапеция пайда болды, аяғында ақ көлденең жолақтар пайда бооды. Науқасты ауруханадағы қай бөлімшеде емдеу керек?
#290
*!32 жасар ер адам. Көшеде, ес түссіз, аса ауыр жағдайда табылды. Тексеру кезінде денесінде жарақат жоқ. Тері жабындыс айқын цианозды, қол көктамыр бойымен иньекцияның іздері. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тоны тұйықталған, ритмі дұрыс, ЖСЖ жетпіс рет, АҚ 90\60 мм.с.б. Қай дәріні тағайындаған тиімдірек:
#291
*! Ер кісі 44 жаста, көмір пешпен жылитын үйден ес-түссіз күйінде туыстары тапқан. Тыныс жетіспеушілігінің көріністері: беткей тыныс, ТАЖ-25 р\мин,акроцианоз,аускультацияда көптеген әр түрлі калибірлі,ылғалды сырылдар.АҚ 140\90 мм. сн.б, ЖСЖ-99, аузынан алькоголдің иісі,гиперрефлексия, миоз, фотореакция әлсіз. Аталғандардың ішінен ЕҢ бірінші орындау керек ?
#292
*!3 жасар бала байқаусызда сірке қышқылын ішіп қойды. Қарап тексергенде:бала жылайды,ауыз қуысы ақ түсті жабындымен қапталған. Төмендегілердің қайсысы бірінші кезекте маңызды?
#293
*!53 жасар ер адам,алькаголдік сусындар қолданған «қолдан сатып алынған» содан кейн жүрек айнуға,қан аралас құсуға,жұтыну кезінде,асқазан аумағында,эпигастрии аймағында ауру сезіміне шағымданды. Төмендегілердің қайсысы бірінші кезекте маңызды?
#294
*!32 жасар ер адам героинге тәуелділікпен ауырады, наркологиялық диспансерден шыққан, абстинентті синдромды басу мақсатында галлоперидол пайдаланған. Шыққаннан кейінгі 2-ші тәулікте мойын, аяқ және тіл бұлшық еттерінің тартылуы байқалды. Төменде келтірілгендердің кайсысын бірінші кезекте орындайсыз?
#295
*! 27 жасар ер адамда гиперсаливация, бронхоррея, қозу, миоз.
Науқасқа ең көрсетілген антидот?
#296
*!4 жасар бала, 30 минут бұрын белгісіз бір нәрсені жеп қойған. Шағымдары жүрек айну, құсу, ішінің ауыруы. Обьективті: психомоторлық қозу, тері жабындысы бозарған, цианозды, қарашығы тарылған, бұлшықеттік құрысулар. Өкпесінде ылғалды сырылдар. Тыныс алу -26 минутына. Мұрын жолынан сулы бөлінді бөлінеді. Жүрек тондары әлсіреген. Бұл науқасқа бірінші кезекте қандай препарат енгізуіміз қажет?
#297
*!Науқас В.,40 жаста, ЖМЖА-ның токсикология бөліміне 103 бригадасымен, фенобарбитал таблеткасымен улану, кома 1-2, жедел токсикалық энцефалопатия диагнозымен жеткізілді. Науқасқа бірінші кезекте қандай көмек көрсеткен дұрыс?
#298
*!52 жастағы ер адамда кенеттен есінің тежелуі, айқын цианоз, брадипное мин 5-6 рет. Науқасқа ЕҢ қажет антидот?
#299
*!Емханаға 5 жастағы бала жеткізілді. Шомылдыру кезінде анасы бастың түкті бөлігінен кене көрген.Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс.Пульс 69 мин.Өкпесінде везикулярлы тыныс, басының самай бөлігінің оң жағында 0,3 см кене, анасы кененің тұрған жеріне май жаққанын айтты.
Төмендегі әрекеттердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс
#300
*! Ауа температурасы +380 С кезінде, ұзақ уақыт бойы саппен жүру барысында, бір жауынгердің жағдайы нашарлады. Объективті: есі жоқ. Тері жабындысы гиперемирленген, ұстап көргенде ыстық, ылғалды. ТЖ 1 минутта 22 рет, ЖЖЖ- 1 минутта 102 рет. АҚҚД 70\50 мм.с. б. Науқасқа бірінші кезекте қандай шаралар жасалуы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |