Амин қышқылдар алмасуының жалпы жолдары
.
Сіңірілген амн қышқылдары қан арқылы ұлпалпрға , мүшелерге , клеткаларға
түседі. Амин қышқылдарының клетка- ішілік алмасуы негізінен 3 жолдан
тұрады:
1. Трансаминделу реакциялары;
2. Дезаминделу реакциялары ;
3. Декарбоксиьдену реакциялары.
Ағзалардағы амин қышқылдарының 20% тотығу
реакцияларына қатысады , ал олардың орны экзогендік ақуыздар, яғни
тамақпен түскен ақуыздармен толтырылып отырады: ал қалғандары
эндогендік амин қышқылдарымен, яғни ұлпалық амн
қышқылдарымен толтырылып отырады. Сүтқоректілердің амин
қышқылдарының катаболизмі көбінесе бауырда және бүйректе жүреді.
Бұлшықеттерде бұл процестердің белсенділігі төмен болады.
|