«Жеке даму биологиясы» пәнінің зертханалық сабақтарының Әдістемелік нұСҚауы семей



бет6/9
Дата06.07.2018
өлшемі4,88 Mb.
#48127
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3 тапсырма. “Хорион бүрі”, “Дене қатпары” препараттарын “МБИ” “Биолам” микроскоптарына қойып, препараттарды әр объективте көріп, бейнесін дәптерге салып, бейнелерді белгілеу қажет.

Бақылау сұрақтары: 1). Білікті ағзаларға не жатады? Олардың қайсысы алдымен қалыптасады? 2. Аллантоис қандай ұрық жапырақшаларынан түзіледі? 3. Сүтқоректілерде ғана болатын қағанақ қабығы неден түзілетінін атап, қандай қызмет атқаратынын түсіндіру қажет. 4. Жүйке түтігі қай жерде пайда болады? 5. Желі мен ішектің даму көзін атаңыз. 6. Мезодермадан қандай ұрық бастамалары құрылады?
11 тақырып: Ланцетниктің дамуы (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Зиготаның бөлшектену ерекшеліктерін меңгеру.

2. Бластуланың құрылысын зерделеу.

3. Гаструла түзілуінің, білікті ағзалардың қалыптасуы ерекшеліктерін зерделеу.



Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: ; кестелер және диапозитивтер: .

Жұмыс бағыты:

1 тапсырма. Суреттегі ланцетник жұмыртқаклеткасының бөлшектенуіндегі бірізділікті (I-VI) көрсетіп, мыналарды: 1-жоғарғы беті (полюс); 2-төменгі полюс; 3-жиналған сарыуыз; 4-целобластула; 5-бластодерма жасушалары белгілеу керек.



2 тапсырма. Ланцетниктің эмбриогенезін төменгі суреттен салып алып, белгілеу керек: 1-целобластула; II-IV гаструляция: 1-эктодерма; 2-энтодерма; 3-желі; 4-мезодерма; 5-жүйке тақташасы; 6-бластопордың жоғарғы және 7-төменгі ерні; 8-бластопор; 9-алғашқы ішек қуысы; 10-екінші ішек қуысы; 11-целом.

Бақылау сұрақтары: 1). Онтогенез дегеніміз не? Ол қалай жіктеледі? 2. Ұрықтану дегеніміз не? Оның биологиялық маңызы неде? 3. Табиғи, жасанды ұрықтанбай өрбу дегеніміз не? 4. Эмбриогенез дегеніміз не? Оның қандай сатылары бар? 5. Эмбриогенездің әр сатысына сипаттама бер. 6. Бластула, гаструла дегеніміз не? 7. Гаструляция дегеніміз не?
12 тақырып: Қосмекенділердің дамуы (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Зиготаның бөлшектену ерекшеліктерін меңгеру.

2. Бластуланың құрылысын зерделеу.

3. Гаструла түзілуінің, білікті ағзалардың қалыптасуы ерекшеліктерін зерделеу.



4. Олардағы сарыуыздың мөлшеріне, әрі онда балаңқұрт сатысы болатындықтан эмбриогенездің күрделенуін және ерекшеліктерін түсіну.

Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар, кестелер және диапозитивтер.

1 тапсырма. Қосмекенділер эмбриогенезін сипаттап, суретті дәптерге салып алып, төменгі белгілерді қойыңыз. I-амфибластула; II-III-гаструляция; IV-нейрула; 1-эктодерма; 2-энтодерма; 3-желі; 4-мезодерма; 5-жүйке тақташасы; 6-бластопордың жоғарғы және 7-төменгі ерні; 8-бластопор; 9-гастроцель; 10-жүйке түтігі; 11-жүйке өзегі; 12-бөлімденген мезодерма; 13-бөлімденбеген мезодерма; 14-сарыуызды энтодерма (сарыуыз тобы).





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет