Жеке жұмыстар Қожаберген Сабира МФПКО-301 тобы Академиялық жазу пәні 6, 7 апта Рефлекция Мен бұл сабақтан оқу-зерттеуді қалай жүзеге асыру керектігін үйрендім. Мәтіндерді рәсімдеудің жалпы ережесімен таныстым және аннотацияның қалай жазылатынын білдім. Сонымен қатар, ғылыми жобаның мазмұны мен кіріспесін қалай рәсімдеу керектігімен таныстым. Бұл сабақтан көп нәрсені игердім деп айта аламын. Мәтінді компьютерге тергенде үлкен қателіктер жіберіп жүргенімді білдім. Сонымен қатар бұрын соңды естімен аннотация ұғымымен таныстым. Тақырып ішінен мәселені анықтау, болжамды қалыптастыру, тұжырымдау, мәселені қалай өзекті ету керектігін игердім. Бұл ақпараттардың бәрі маған болашақта академиялық жазулармен айналысқанда керек болары сөзсіз. Мазмұнды жазудың да өзінің реттілігі бар екені маған жаңа ақпараттардың бірі болды. Ғылыми жобаның кіріспесін рәсімдеу, құжаттамаларды тіркеу жайында мол ақпараттар алдым. Ғылыми зерттеулер жүргізгенде дұрыс ақпараттарды алудың бірнеше әдісмен таныстым. Сонымен қатар мен зерттеу жұмысының жоспарын құрғанда қиындықтарға тап болатын едім, енді бұл мәселе шешілді десемде болады. Көбінесе мен әдебиеттер көзін сипаттауға мән бермейтін едім, оныңда бөлек ережесімен таныстым. Және бұл сабақта барлығы үлгілермен көрсетілді, бұл маған тақырыпты одан әрі жақсы түсінуіме септігін тигізді.
БОӨЖ №6
Оқытудағы математикалық модельдеу Бізге берілген тақырып оқытудағы математикалық модельдеу. Бұл тақырып бойынша көптеген тұжырымдамалар келтірумізге болады. Ең бірінші модельдеу ұғымына тұжырымдама, одан соң математикалық модельдеу ұғымына тұжырымдама және соңғысы оқытудағы математикалық модельдеу тақырыбына тұжырымдар жасаймыз. Таңдалған тақырыпқа нақтылау жұмыстарын жүргізу үшін алдымен жоғарыда айтылған ұғымдарға тұжырымдама жасаумыз керек.
Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру. Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.
Барлық модельдер және модельдеу түрлерінің ортасында бізге маңыздысы математикалық модель мен математикалық модельдеу түсініктері. Әр қарай ақпаратты түсіну үшін кейбір түсініктерді анықтайық.
Математикалықмодель дегеніміз — математикалық қатынастар түрінде жазылған, техникалық объект немесе құбылыс туралы білімдердің, ұсыныстардың және ғылыми болжам жиынтығы.
Математикалықмодельдеудегеніміз -математикалық модельге кіретін теңдеулерді аналитикалық, сандық (ЭЕМ-да), немесе аналогтық (АЕМ) шешу жолымен оның математикалық моделі бойынша объектіні немесе құбылысты зерттеу процесі.
Оқытудағы математикалық модельдеу оқушылардың математикасы-құрылыс процесі, математикалық зерттеулер мен интерпретациялар оқушылар шешкен кезде пайда болатын модельдер математикалық және мотивациялық-қолданбалы нақты міндеттерді ескере отырып әзірленген оқу міндеттері оқушылардың оқу-танымдық мүмкіндіктері.