Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?


Жастықтарды қайта жөндеу, қауырсын тазалау



бет2/7
Дата03.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#8666
1   2   3   4   5   6   7

Жастықтарды қайта жөндеу, қауырсын тазалау


Баршамызға ортақ бір мәселе бар: біз жастықтарды көп уақыт бойы пайдаланамыз, сол уақыт ішінде олар ластанады, ішіндегі мамығы кірлей бастайды. Кейбір қауырсындар жастыққа қайта салуға  мүлдем жарамай қалады. Оларды жарамдылық уақытынан ерте тастамау үшін кем дегенде жылына бір рет қайта жөндеп отыру керек. Жастықтар мен қауырсындарда паразитті  микроағзалардың 10 шақты түрі мекендей алады. Соның ішінде ең басты аллергия тудырушы – шаң кенесі, ол шаңмен бірге жастықтың, қауырсынның және жамылғыштың ішіне кіруі мүмкін.

Осыған байланысты қауырсынды немесе жастықты құрғақ тазалау қажеттілігі пайда болады. Алайда қазіргі уақытта жастықтарды қайта жөндеу қызметін ұсынатын мекемелер өте аз. Бұл аталған саланың жеткілікті түрде дамымағанын көрсетеді, жастықтарды тазарту бизнесін ашу – көп адамның ойына келе бермейтін кәсіп.

Қазіргі кезде болашақ кәсіпкерлер өз бизнес түрін таңдау кезінде, ең алдымен, ол бизнестің танымалдығы мен ұсынатын өнімі мен қызмет түрінің тұтынушылар тарапынан қаншалықты сұранысқа ие екеніне мән береді. Сол себепті қазіргі  уақытта ұялы телефон сататын дүкендер, шаштараздар, киім-кешек дүкендері кең таралған, ал бұл онша дамымаған  бизнестің түріне көп адам көңіл аудармайды.

Алайда бұл, аталған бизнес түрінде оның алғашқы бастаушысы болуға, яғни нарықтың басым бөлігін бірінші болып жаулап алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, көрсетілген бизнес түрін  жүзеге асыра отырып, қызмет түрлерін кеңейтуге болады. Мысалы, қауырсынды кептіру мен тазалаудан бөлек, клиенттерге жастықтың тысын немесе қауырсынды түгел ауыстыруды ұсынған дұрыс, мұның барлығы жастықты қайта жөндеуге жатады. Сонымен қатар, түйе құстың немесе күрке тауықтың қауырсындарымен толтырылған ерекше жастықтарды сатуды да жүзеге асыру қомақты пайда әкеледі.

Мұның барлығы сізге тек табысты өсіруге ғана емес, сондай–ақ потенциалды клиенттердің санын көбейтуге де мүмкіндік береді. Сондықтан жастықты қайта жөндеу бизнесі үлкен мүмкіндіктерге ие, себебі ол әлі қанағаттандырылмаған қызметтерді ұсынады, ал оларға деген сұраныс баршылық, ал бұл өз кезегінде бизнесті ұйымдастыру үшін жағдайдың бар екенін көрсетеді.

Алайда, бұл бизнестің өзіндік шарықтау мен түсу маусымдарының бар екені байқалады. Мысалы, жаз мезгілінде, маусым мен қыркүйек аралығында сіз жұмыспен барынша қамтамасыз етілесіз.



Ғимарат. Жастықтарды қайта жөндеу бизнесін бастаудың бірнеше нұсқалары бар. Ең оңай және тез арада жүзеге асатын нұсқасы – кішігірім сауда нүктесін ашу. Яғни қауырсынды тазалайтын негізгі құралды орнату үшін және жастық тыстарын тігу үшін ауданы 12-15 м²  болатын жұмыс орны керек. Ең дұрысы – жалға алатын орынды сауда орталығынан таңдау.

Бөлмеде бірнеше минут ішінде ауаны тазартатын мықты ауа сорғыш болуы керек,  себебі жұмыс кезінде шаң көп шығады. Қарапайым желдеткіш шаңды бөлмеге таратады, ал ауа сорғыш оны терезе сыртына шығарады. Сізде мықты ауа сорғыш болғанымен, дәкеден жасалған маскада жұмыс істеген жөн.

Шеберхананың едені плитадан болғаны дұрыс, өйткені еденді үнемі сумен тазартып тұру керек. Егер қабырғаларды, үстелдерді, терезе алдын аптасына бір рет сүрту жеткілікті болса, еденді бір ауысымда екі рет жуу керек, себебі дәл осы жерде шаңның көп бөлігі жиналады. Бөлме жаңа сымдармен (жүйе 5 киловатқа дейін тарта алуы керек) жабдықталуы тиіс және де онда кемінде алты тоқ көзі болу керек.

Құрал-жабдықтар. Жастықтарды жөндеу үшін арнайы құрылғы қажет болады. Ең оңай жолы – жастық тысын ауыстырумен ғана шектелу. Бірақ тазалаудың бұл түрі өте аз кездеседі. Сондықтан жастықтың құрамындағы заттарды өңдейтін жабдық сұранысқа ие.

Сонымен қатар, жаңа жастық тысын тігу үшін электір тігін машинасын  сатып алу қажет. Ал құрал-жабдықтарды тазалау үшін қарапайым шаңсорғыш алған жөн.



Технология. Тазалау процесі 10-15 минут жүреді. Процесс толығымен клиенттің қатысуымен орындалады. Клиент тазалау процесінде не болып жатқанын және істеліп жатқан жұмыстың сапасына көз жеткізе алады.

Клиент жастықты әкелген кезде сіз оның тысын сөгіп, ішіндегі қауырсындарды машинаның бункеріне төгесіз, онда қауырсындар  лампаның әсерінен дезинфекцияланады. Екі вакуумдық сорғыштың көмегімен  ауа ағыны біраз уақыттан бері бірігіп қалған қауырсындардың арасын ашады. Сосын мамық пен қауырсын аралас зат сепаратор арқылы өтіп, ол жерде құмнан  және өзге де заттардан тазартылады. Тазарту аяқталған соң клиентке жастықтың тығыздығын тексеруге беріңіз (артық затты алып тастаумен қатар, қосымша қауырсын салуға да болады), содан кейін барып қана жастық тысының аузын тігіңіз.

Клиент қауырсын салынатын жастық тысы матасының түсін таңдауға құқылы.

Сонымен қатар, қауырсыннан жасалған жамылғыштарды өңдеу және оларды жасау іспетті қосымша қызметтер көрсетуге болады.



Қызметкерлер. Жұмыс істеу үшін бір ауысымға 1-2 жұмысшы керек. Бастапқы кезеңде жұмысты өзініз атқара аласыз және көмекші ретінде өз отбасыңыздың адамдарын тартуыңызға болады.

Сату. Жарнама ретінде жергілікті БАҚ-ты, интернет-сілтемелерді, сайттарды, түрлі жерлерге жапсырылатын хабарландыруларды пайдалануға болады. Көрсететін қызметіңізді қонақ үйлерге ұсынған дұрыс қадам болады.

Достарыңыз бен туыстарыңыз өздерінің таныстарына айтуы үшін олардың бірнеше  жастықтарын тегін тазартып беріңіз.



Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
- бөлмені жалға алу – 10 м² х 1000 теңге = 10 000 тенге;
- жастық тазарту апараты – 80 000  теңге және одан жоғары;
- шаңсорғыш – 6 000 тенге;
- электр тігін машинасы – 20 000 теңге;
- үстел – 9 000 теңге.
Барлығы: 125 000 теңге.

Табыс:

Тазалау, қайта жөндеу, тысын жаңарту – 1 жастық үшін 700-800 теңге.

Клиенттер кем дегенде 2 жастықтан алып келеді. Болжам бойынша  бір ай ішінде сізде 50 клиент болады, бастапқы бір ай ішінде 50 х 2 жастық х 700 теңге = 70 000 теңге.

Тәжірибе көрсеткендей бір ай ішінде 300-350 жастық өңделеді х 700 теңге = 245 000 теңге.


Маникюр мен педикюр бойынша үйде қызмет көрсету


Қазіргі заманда маникюр, педикюр, бет пен шаштың, дененің күтіміне мән бермейтін адамды таба алмаймыз. Үй жағдайында адамдардың өздерінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі оңай емес. Сондықтан маманды үйге шақырған әлдеқайда тиімді. Мұндай үйде көрсетілетін қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие. Аталған салада кызмет көрсету табысты бизнес болып табылады. Сонымен қатар, көп шығындалуды қажет етпейді. Маникюр, педикюр жасауды үйрену қиын емес, ол мезгілдік бизнес түрі де емес. Тек жаз айларында педикюрға деген сұраныс аздап артады.

Неден бастау керек? Арнайы курстарға барудан, қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды алудан бастау керек. Оқуға 1 – 2 апта уақыт керек. Оқыту орталықтарында қызметпен қамтамасыз етуді ұсынса, келісіңіз, сіз үшін ол үлкен тәжірибе, сонымен қатар, болашақ үйде қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін клиенттерді табу мүмкіндігі. Кепілдіктің бар-жоғына назар аударыңыз. Оқу курстарын аяқтау жөніндегі сертификат пен келісім-шарт болуы керек.

Жарнаманың орны ерекше. Сіз өзіңіз тұрып жатқан аймаққа хабарландырулар іле аласыз немесе тегін газетке жарнама беруге де болады. Алайда ең бастысы – сапалы қызмет көрсету.



Құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар:
- еуропалық маникюрді кесуге арналған аппарат (фреза);
- акрил үшін қылқалам;
- табиғи тырнақтарға арналған арашалар;
- апельсин арашалары;
- кутикулдарды кесетін қысқыштар;
- маникюрға арналған күрекшелер;
- педикюрға арналған щетка (табандарға);
- қолға арналған кішкентай ванна;
- аяқ массажына арналған кішкентай ванна;
- жазуға арналған қылқалам.

Шығын материалдары:


-өсірту үшін пішіндер мен типсылар (күңгірт және френч);
- акрил (түссіз, қызғылт, ақ);
- ликвид (акрил ұнтағымен араластыруға арналған сұйықтық);
- кутикулды жұмсартатын сұйықтық;
- кутикулға арналған май;
- лактар;
- лакты өшіретін сұйықтық;
- мақталық дискілер;
- қолға арналған крем;
- ментолы бар аяққа арналған крем;
- аяққа арналған скраб;
- ваннаға арналған тұз;
- жылтырақтар;
- асқын тотық (перекись).

Құралдар іске жарамсыз болып қалғанда оларды ауыстыру керек.



4. Қызмет түрлері. Маман мынадай қызмет түрлерін көрсете алады:
- лакты, лаксыз гигиеналық маникюр, декоративті элементтерді;
- қолға арналған массаж;
- аяққа арналған массаж.

Маникюр мен педикюрдің келесі түрлері бар: классикалық, европалық, аппараттық, SPA маникюр мен педикюр: массаж, пиллинг, маскалар, кутикуланы алып тастау, француз және жапон т.б.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
- арнайы курсқа бару  – 25 000 теңге + 30 000 теңге
- құрал-саймандар мен материалдар шығыны = 55 000 теңге.

Табыс:
- Тырнақты тазалау 4 000 теңге не одан жоғары, уақыт бойынша 2-2,5 сағат алады.
- Маникюр –  1 000 теңгеден жоғары, уақыт бойынша 1 сағат.
- Педикюр – 5 000 теңге және одан жоғары, уақыт бойынша 1,5-2 сағат.

Күніне 5-6 маникюр жасасаңыз, сіздің бір күндік табысыңыз 5 000-6 000 теңгені құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет