Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысы.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 118-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. "Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 988 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 506-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|
|
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 437 қаулысымен
бекітілген
|
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлері
Ескерту. Ақы төлеу мөлшері жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2015 № 732 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде істің санатына байланысты төленетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы мынадай тәртіппен белгіленеді:
1) мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:
60 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;
60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;
300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 15 пайызы мөлшерінде;
1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;
5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;
10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;
20 000 АЕК-тен жоғары болса - өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде;
2) мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:
шығару және (немесе) үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға және (немесе) оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша - жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;
талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша - жеке тұлғалардан 20 АЕК, заңды тұлғалардан 40 АЕК;
3) мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:
алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде тоқсан сайын.
Пайда болған берешекті өндіріп алу кезінде жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу осы жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескертпе:
өндіріп алу сомасы - атқарушылық құжатта көрсетілген ақшалай талаптың не өндіріп алушы мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талаптың бір бөлігінің мөлшері.
Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.
АЕК - "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |