- алкогольды мас адамға медициналық көмек көрсеткенде науқасты толық қарап-тексеру;
- қылмыстық және өз өміріне қол салған жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде арнайы ережелерді қолдану; өз өміріне қол салған адамдарды денсаулық жағдайына, туыстарының қарсылығына қарамай, арнайы ауруханаға жатқызу; Егер ауруханаға жатудан бас тартса, ішкі істер мекемелерінің көмегіне жүгіну;
- шақыртуға кетіп бара жатқанда жүргізушінің жанында отырып мекен-жайды, қысқа және ыңғайлы жолды табуға көмектесу;
- шақыртуға түсінбеген жағдайда мамандардың кеңесін немесе арнайы ЖМЖ бригадасын шақыруды ұйымдастыру;
- медициналық жәшіктің уақтылы толтырылуын қамтамасыз ету;
- өзінің кызметтік біліктілігі мен мамандық білімін үнемі жоғарылатып отыру.
ЖМЖ желілі бригада дәрігері құқылы :
- егер науқас медициналық көмектен және ауруханаға жатудан бас тартса және ол әрекетсіз болса, оның заңды өкілі немесе туыстарына жазбаша түрде "шақырту картасына" қол қойғызып, бекітіп алуға;