- ЖМЖ маманы ретінде өзінің біліктілігін 5 жылда 1 рет көтеруге, белгіленген тәртіпте мамандығы бойынша аттестация және қайта аттестациядан өтуге;
- ЖМЖ маманы ретінде өзінің біліктілігін 5 жылда 1 рет көтеруге, белгіленген тәртіпте мамандығы бойынша аттестация және қайта аттестациядан өтуге;
- өндірістік мәжілістерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға.
ЖМЖ желілі бригада дәрігерінің жауапкершілігі
ЖМЖ желілі бригада дәрігері заңмен қарастырылған тәртіп бойынша жауапты:
- ЖМЖ бригадасының жұмысын ЖМЖ дәрігерлері үшін бекітілген салалық өлшемдерге, ережелер мен стандарттарға сәйкес сапалы ұйымдастыруға;
- науқастың денсаулығына нұқсан келтіретін немесе оның өліміне әкелетін кұқыққа қарсы әрекеттер мен әрекетсіздікке.
Жедел медициналық жәрдем көлігінің жабдықталуы
Жедел медициналық жәрдем көлігі жедел жәрдем бригадасының жұмыс орны және науқастың палатасы болып табылады. Сондықтан оған қатал талаптар қойылады. Технологиялық тұрғыдан арнайы көліктің екі негізгі бөлігі ерекшелінеді: шасси мен көлік іші (салон).
Жедел жәрдем көлігін құрастырғанда жеңіл автокөліктің, шағын автобустың, жүк автокөлігінің шассиі қолданылуы мүмкін.
Жедел жәрдем көлігін құрастырғанда жеңіл автокөліктің, шағын автобустың, жүк автокөлігінің шассиі қолданылуы мүмкін.
Негізінде жедел жәрдем көлігін жасаганда қойылатын шасси әрі қарай өзгертіп дамытуды қажет етеді.
Ілгіші жұмсақ жүру мен амортизацияны қамтамасыз етуі керек.
Электр жүйесінің күші медициналық аппараттардың да жұмысын көтере алатындай қуатты болғаны жөн.
Бригаданың жұмыс орны
Жедел медициналық жәрдем көлігінің іші - кішкентай жылжымалы ауруханалық палата тәрізді.
Ол науқасты сыртқы әлемнен жақсы бөліп тұруы қажет.
Көлік іші жылы және тыныш болуы керек.
Негізінде салонның терезелеріне тұмандалған әйнек қойылады.
Көлік ішінде жүргізушіге кедергі болмау үшін бірнеше шам көздері болуы қажет.