Және Ғылым министрлігі Е. А. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Тосқауылды жҥгіру техникасын ҥйрету әдістемесі



бет57/65
Дата13.10.2023
өлшемі427,06 Kb.
#185252
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65
Байланысты:
Abdrahmanov

Тосқауылды жҥгіру техникасын ҥйрету әдістемесі.


Тосқауылды жүгіру жеңіл атлетиканың ең бір айырықша күрделі түрі болып саналады. Бұл жүгірудің күрделілігі жүгіруші нақты ырғақты және старттан соңғы тосқауылға дейін қадамдардың ұзындығын айқын сақтап, артық вертикалды ауытқуларға жол бермеу, жақсы қозғалыстардың үйлесімдігіне ие болу, жамбас буынында күш пен ептілік, икемділік пен шапшаңдық болуы керек.



  1. міндет.Тосқауылды жүгіру техникасымен таныстыру.

Таныстыруды жүгіру техникасын қашықтықта кӛрсетуден бастаған дұрыс.
Жүгіру техникасын 2-3 рет кӛрсеткен жақсы, содан кейін жаттығушылардың ӛздеріне ӛз беттерінше бірнеше рет биіктігі 40-50 см 2-3 тосқауылдардан және 7-8 м қашықтыққа жүгіруді ұсыну керек. Тосқауылды жүгіру техникасын кӛрсету барысында жаттығушылардың тосқауылға батыл жүгіріп келуіне, тосқауылдан секіру және тосқауылды жеңу мен

жүгірудің арасындағы ырғақтың арақатынасына кӛңіл бӛлген дұрыс.



  1. міндет.Тосқауылды жеңу техникасын үйрету.

Тосқауылды жүгіру спортшыдан жақсы ептілік пен жамбас буының шапшандылығын талап етеді. Сондықтан, бұл мәселені шешпей тұрып, жаттығушыларды бұлшықеттің ептілігі мен икемділігіне бағытталған жаттығулармен таныстыру қажет.

  1. Бір аяқпен тіреліп тұрып, басқа аяқпен алға және артқа сермеу .

  2. Сүйенішке бетпен тұрып, түзу аяқпен оң және сол жаққа сермеу жасалады.

  3. Алға еңкейіп жүріп және қолды жерге жеткізу.

  4. Алға қарай ұмтылу және кеудемен серіппелі теңселу жасау, содан кейін алға қарай еңкейіп, шынтақпен жерге жету керек.

  5. Гимнастикалық қабырғаға арқамен тұрып, тізені бүгіп, табанның ұшын турникке жеткізу керек. Жамбасты алға шығарып, белді бүгу керек.

  6. Аяқтарды кең қойып, оң және сол аяқпен кезектесіп серіппелі тербеліп, жүрелеп отырып тұру керек.

  7. ―Тосқауылды қадам‖ қалпына отыру (сермейтін аяқ алға қарай созылған, итеретін аяқтың табаны бүгілген).

  8. Алдыңғы жаттығудағыдай бастапқы қалып сақталады. Қолмен жерге тіреліп,―кең қадам‖ қалпын қабылдап, жоғары қарай кӛтерілу. Табанды жерден алмай,

―тосқауылды қадам‖ қалпына ауысу. Итерілетін аяқ алға қарай созылған, ал сермейтін аяқ арт жақта.

  1. Аяқты табанмен гимнастикалық ―атқа‖, тосқауылға немесе басқа тірекке қою, алға қарай еңкею.

  2. Тосқауылға, гимнастикалық қабырғаға немесе ―атқа‖ бүйірмен тұрып, тізеден бүгілген аяқты тірекке қою. Кеудемен екінші аяқ жаққа, сосын иық пен қолды бір уақытта қарама қарсы тұрған аяқ жаққа алға-тӛменеңкею керек.

Бұл жаттығулар бара-бара күрделенеді. Жаттығушылар біртіндеп бүкіл аталған жаттығуларды меңгеріп алулары керек. Келесі жаттығулар барысында, жүгірушілер тосқауылды ептілікті меңгерген кезде, жаттығу саны мен қайталау саны азая түседі.


Ептілік пен бұлшықеттің икемділігіне қарай жаттығушылар кедергіні жою техникасын үйренуге кӛшеді.
Қорытынды жаттығуларды тосқауылды жүгірудегі қимылдарды орындау керек..
Бірінші кезекте аяқпен серпу және қиындыққы кіру
техникаларын меңгерген дұрыс.

    1. Гимнастикалық қабырғаға немесе кедергіге арқамен сүйеніп тұрып, кедергінің үстінде сермейтін аяқпен кӛтерілу және оны тіктеу жасалады.Сосын аяқты бастапқы қалпына келтіреді. Тіреніш аяқты бүкпеу керек.Тосқауыл жүгірушіден 1- 1,20 м жерде тұруы керек.

    2. Тосқауылдардың арасында тұрып және оларға қолмен сүйеніп, жамбасты алға беріп, сермейтін аяқты кӛтеру керек.

    3. Итеретін аяқпен секіріп, секірген сайынсермейтін аяқты тізе буынынан бүгіп жәнежазып, тік бұрышта ұстау керек.Итеретін аяқ бүгілмейді.

    4. Жаттығуды жасаған кезде, сермейтін аяқтың жамбасы бірнеше рет ―аттың‖ деңгейінен жоғары кӛтерілгенін, содан кейін тізе буынынан толық тіктелуіне кӛңіл бӛлген дұрыс. Қол бір мезгілде сермелетін аяққа «лақтырылады» және кеудемен еңкейеді. Бірте-бірте жаттығу күрделенеді.

Кейін үйрету барысында итеретін аяқ жұмысының техникасын меңгеру үшін қорытынды жаттығулар қолданылады.

  1. Тосқауылдың кӛлбеу беткі жағын итеретін аяқтың табанымен сырғанау.

  2. Қолмен гимнастикалық қабырғаға немесе тосқауылға тіреліп, тосқауыл арқылы итеретін аяқты ауыстыру. Бұл жаттығуларды орындаған кезде, сүйенетін аяқтың тізесі бүгілмегенін қадағалау қажет.




  1. Бір-бірінен 50-60 см қашықтықта тұрған, әр-түрлі биіктіктегі екі тосқауылдан итеретін аяқты бір бүйірден ауыстыру.

Келесі жаттығулар сермейтін және итеретін аяқ қозғалыстарын және кедергіден шығуды үйрену үшін қолданылады.

  1. ―Үлкен қадам‖ қалпында ―атқа‖ отырып, бір уақытта сермейтін аяқты түсіріп, снаряд арқылы итеретін аяқты апару.

  2. Аяқты тосқауылдың үстінде ұстап , тосқауылды итеретін аяқта ―түрегеп тұру‖ қалпында бағындыру.

Жаттығуды орнында және тосқауылға жақындағанда орындауға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет