Жертөледегі жазу



бет28/29
Дата19.12.2016
өлшемі5,73 Mb.
#4135
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

2

Мұнда iстейтiн әйелдердiң денi ауқатты. Күтiнiп-баптануға бипаз. Қашан болмасын шыңғырған моданың алдында шырылдап жүредi. Бiрақ қанша сәнденсе де көйлектерi ғана көрiнiп, өздерi көрiнбей қалатын. Жұмысқа орналасқан бiр жарым ай iшiнде Сәбира өз мiндетiн мүлтiксiз атқарып келедi. Ешкiмнiң алдынан кесе-көлденең өткен емес. Неге екенi белгiсiз, сонда да талай адамның суық қабағына жолықты. Әсiресе қыз-келiншектер жақтырмайтынын айқын аңғартып жүр. Араларына пана iздеп жаутаңдап келген жұдырықтай қыз ол апайларының қай егiнiне түскенiн бiлмей аң-таң. Шықаң көрсеткен iлтифатқа iштерi күйе ме екен? Шықаң да қызық, бiр жапырақ қағазды почтаға не бiр мекемеге апару үшiн машинасын бередi. Өзiм-ақ барам ғой десе, «үкiметтiң жұмысы, үкiметтiң машинасымен апар» деп болмайды. Қара «Волгаға» қысылып мiнiп, қысылып түсiп жатқанда: «Пiшту, мынау курьер емес, фюрер болды ғой!» деген пыш-пышты құлағы естiмесе де ту сыртымен сезетiн. Есесiне еркектер қауымына бек қадырлы. Төбе шашы түсiп, қарыны салбыраған сары тiс ағайлардан бастап жiгiт-желеңдерге шейiн мұны көрсе жел шайқаған жапырақтай елбiреп тұрғаны, көздерi жыпылықтап, галстуктарын түзеп өз-өзiнен әбiгер боп қалады. Кейбiр батылдары оңашада қолынан ұстағысы келедi, сүзiле қарап алқынып: «ресторанға барсақ қайтедi?» дейдi;

«Кiрпiгiңде жұлдыз жанып, күн шығады – күлгенде.

Өмiрiмдi берер едiм бетiңдегi бiр меңге!..» деп өлеңдетiп үздiге сыбырлайтындар да бар. Дәл бір Омар Һайям дерсің!

Айтты-айтпады, Сәбира келгеннен берi талайдың тыныш ұйқысы қашқаны рас. Төмен етектiнiң бiрi мендей-ақ болсын деп танауын көкке көтерiп жүрген қыз-келiншектердiң бұған қадалған көздерi – қып-қызыл шоқ. Шоқ болмай қайтсiн. Бiр-бiр бөлiмнiң белдi қызметкерi, жоғары бiлiмдi маман. Соңғы модамен киiнген. Бұрын қызметтес ер-азаматтар қас қағып күлiмдеп, «жайнап кетiпсiң ғой!» деп әртүрлi әзiл айтып, көңiлдерiн көтерiп тастаушы едi. Ендi мына үстiнде дұрыс киiмi де жоқ, «ауылбайская» қайдағы бiр курьер көрiнсе болды, еркек бiткеннiң сiлекейi шұбырып соған есi кетiп, бұлар ескi киiм, керексiз бұйым сияқты елеусiз қалатын болды. Олар үшiн бұлар бухгалтер, бөлiм бастығы, инспектор ... яғни қызметтес қана. Басқа ешкiм емес. Осыдан кейiн күйiп-пiспей қалай жаны шыдасын. Сәбира ұзай берiсiмен дереу айнаға жүгiредi: «Осы қаншықтың қай жерi артық менен?!!» Косметичкасын алып, ерiнiн, қас-кiрпiгiн бояйды. Бетiн ақ-қызылын араластырып далаптайды. Бояуды қанша қалың жақса да айнадағы өзi мен көз бедерiндегi суреттiң арасы жер мен көктей бәрiбiр. Амалсыз күрсiнедi. «Әттең, байлығын да, беделiн де, көрiп жүрген күллi рахатын ана қыздың ажарының жүзден бiр жұқанасына тәрк етер едi-ау!» Көкiрегiн қарс айырған арманды бiрақ сыртқа шығармайды, сыбырлап та айтпайды. Ондай ойды мойындаудың өзiнен қорқады, қорынады. Жан дүниесiнiң құпия бiр қатпарында ерiксiз қызығып, шiркiн-ай деп тұрса да, ашық сүйсiнуге пенделiк көкiрек жiбермейдi. Өзiнде жоқты басқаның бойынан көру – әйел заты үшiн қандай қорлық!

Сәбираның ажар-көркi осындағы талай сылқымның iшiне қызыл шоқ боп түсiп, амалсыз өшпендiлiгiн қоздатты. Тал бойынан мiн таба алмаған соң, көйлегiнiң арзандығын, етiгiнiң модаға келмейтiнiн... сыртынан сөз қылып, соған әжептәуiр айыздары қанып қалатын. Бәрiнен бұрын бұны көздерiне күйiк қып қойған Шықаңа өкпелерi қара қазандай. Пәленiң басы – осы шалдың өзi. Әлi күнге дейiн құрты басылмай әукесi салбыраған кәрi азбан. Қайдағы бiр хат тасушы курьердi министр басымен астындағы машинасын берiп талтаңдатып қойғанын айтсайшы. Баласы емес, балдызы емес, ол неғылған әспеттеу!

Тiс қайрап, ызаға булыққан әйелдердiң шыдамсыздау бiр тобы Шықаңнан тiкелей өш алуға кiрiскен. Етектерiне намаз оқып жүрмесе де, мораль айтуға майталман, өзгенiң мiнiн көргiш, пәле қайда деп иығын тығып ентелеп тұратын жобалау бөлiмiндегi үш келiншек бiр күнi оңтайлы уақытта есiктi жауып ап, Шықаңның үйiне телефон соқты. Ойлары – сақалы желпiлдеген кәрi шайтанды шонданайы шығырға қыстырылған сасық текедей бiр бақырту. Аюдай ақырған сары қатын бiр тарпыса, несi қалар дейсiң.

«Алло, бұл Фатима жеңгей ме екен? Бiз – Шынарбай Әшетовичтiң қарамағында iстейтiн қызметкерлерiмiз. Сiзге бiр маңызды мәселе жайлы айтсақ деп едiк...»

«Ол не мәселе?» дедi арғы жақтан тiксiнген дауыс.

«Қалай десек екен... Бұл өзi қиын нәрсе. Бiр жағынан сiздi аяймыз. Айтпайық десек, елдiң бәрiне жария, өрескел тiптi!..» деп желдi үрлеп қыздырмалатып көрiп едi, ананың қолқ етiп ентелейтiн түрi жоқ, самарқау.

«Иә, айта берiңiз!» дедi сабырын шашпай.

«Сiз күйеуiңiздiң жұмыста не iстейтiнiн бiлесiз бе?»

«Не iстеушi едi, жұмысын iстейдi де?»

«Сiз түк бiлмейдi екенсiз, оның жұмыстан басқа да жұмысы бар. Кейiнгi уақытта мiнез-құлқын байқап жүрген боларсыз, жұмыста көңiлдесi бар, бiр жас қызбен әуейi боп жүр!!!»

«Ой, құдай-ай, сол ма! – дедi анау бастарына батпанмен гүрс еткiзiп. – Басқа бiр маңызды бiрдеңе екен десем. Қызға кiм қызықпайды, қымызды кiм iшпейдi? Еркек болған соң жүрсiн, қыдырсын. Ноқта-жүгенiн сыпырып баяғыда-ақ еркiн жiбергем. Мықты екен ғой шалым, ондай қолынан келсе. Молодец екен. Қыз қалай өзi, әдемi ме?» Бұлар не дерiн бiлмей ауыздары аңқиып сiлейiп қалған.

«Сiз не деп кеттiңiз, түсiнбей тұрсыз-ау деймiн?»

«Бәрiн түсiнiп тұрмын. Қайдағы кемпiр-сампыр емес, шалыма қыз қараса, мақтан емес пе! Сiздер, сiрә, өздерiңiзге қарамаған соң, iштерiңiз күйетiн болу керек!»

«Жо-жоқ, мүлде олай емес. Бiз сiзге жақсы ой, жанашыр ниетпен звондап тұрмыз...»

«Жақсы, рахмет. Басқа айтарыңыз жоқ па? Бәрiн жазып алдым. Сiздермен КГБ сөйлеседi. Чао!» Уысындағы ызың-ызың қыңсылаған қара трубкаға әлдебiр құбыжықтай үрейлене қарап, тұғырға тастай салды. Бiр сазарып, бiр бозарды.

«Вот дура! Мұндай да мисыз қатын болады екен-ау! Қызғанудың орнына сөйте берсiн, молодец дейдi. Бұл мықтыларда неше түрлi аппарат бар, жазып алуы мүмкiн. Ендi қайттiк?!» Зәресi ұшқан үш әйел КГБ-ның жансызы қашан кеп шап берер екен деп сол күннен бастап күндiз күлкi, түнде ұйқыдан айрылған.



3

Сәбира Шықаңа дән риза едi. «Япырау, дүниеде мұндай да қайырымды адам болады екен-ау!» деп таң-тамаша боп, шексiз ризашылықтан көзiне ыстық жас үйiрiлетiн. Қайда барса көз соқты боп қағажу, қорлау көрiп, қатыгез қиянаттан шемен боп қатқан жүрегiн осынау әзиз ағаның мейiрiм-шапағаты, жан жылуы жiбiте бастағандай едi. «Шiркiн-ай, боқ тазаласам да өз күнiмдi өзiм көрiп, Алматының бiр бұрышында ілініп жүрсем арман не» дейтiн кеше ғана. Ендi ол арман өлiп, көкiрек түкпiрiнде пенделiк жаңа үмiттер қылаңытып келедi.

Шықаңның бұған мұнша неғып мейiрiмi түскенiне таң. Жағдайын түсiнген соң, «менiң балам сияқты бұл да бiреудiң әлпештеген аяулысы ғой!» деп мүсiркей ме екен, әлде Желтоқсан оқиғасына iштей тiлектестiк танытып, зардап шеккендердiң бiреуiне болса да көрсеткен патриоттық қамқорлығы ма? Әйтеуiр, бұны көрген жерде елжiреп, елпiлдеп тұрғаны. Машинасын басыбайлы берiп қойды. «Жаяу жүрме, анау-мынау iсiң болса, қысылмай пайдалан» дейдi. Анада студент қызы бiр жаққа бару үшiн машина сұрап едi, «автобуспен бар!» дедi. Анау: «Прямь, сығылысып, үстiмдi былғап автобуспен жүрем бе. Тiптi ол жаққа қандай автобус баратынын да бiлмеймiн!» деген кейiп. «Ендеше таксимен бар. Қазiр бұрынғы уақыт емес. Мемлекеттiң машинасын орынсыз жұмсауға тиым салынған» деп ұрысып тастады. Сәбира «Волгаға» мiнуге қатты қысылатын. Мiнбек түгiлi, жанына жақындауға хақысы жоқтай сезiнетiн. Өз-өзiнен ұялып-қызарып, орындыққа салмақ түсiрмей бiр шетiнде шоқайып қана отыратын. Бiрақ жан рахатына кiм бой алдырмаған, бiрте-бiрте етi үйренiп келедi бұған да.

Ведомстволық жатақханадан орын алып бердi. Күйеуден шыққан бiр келiншекпен бiрге тұрады. Бұл аз десең, «бос уақытыңда оқы, дайындал, жазда сырттай болса да институтқа түсуге жәрдемдесем» деп тағы да уәде берiп, басына пейіш күнін орнатып қойды. Көл-көсiр ықылас. «Бұл не деген батпан құйрық?» Кейде өз көзiне өзi сенбей, осы көрiп жүргенiм өңiм бе, әлде түсiм бе деп ара-жiгiн ажырата алмай қайран болатыны бар.

Шықаң бұған ылғи «айналайын» деп сөйлейтiн. Сол сөзден көкесiнiң басынан сипап, бауырына басқанындай жылылық, үлкендiк мейiрiм сезiлетiн. Бiр күнi оңаша кабинетте кезектi коньяк қатып кофе iшу сәтiнде үйреншiктi «айналайын» дейтiн үлкендiк сөз кенет кiлт жасарып «жанымға» ауысқаны. Әңгiменiң шетi шыққанда-ақ көңiлiндегi әулие Шықаң өлмесе екен деп жаны жапырақ боп қалтыраған. Кiшiреймешi, биiгiңнен түспешi, жан аға, деп жалбарынды. Бiрақ ол сәт сайын қадыры жоқ жеңiлтек жаман шалдардың бiрiне айналып күйкiленiп, құлдырап бара жатты.

Стол басында Гётенiң сексеннен асқан шағында он сегiз жасар қызға ғашық боп үйленгенiн, Мүсiреповтiң соңғы әйелi өзiнен қырық жас кiшi екенiн т.б. осы сияқты құйтырқы мысалды көп айтып қутыңдауы тегiн емес екен.Ондайды неге міңгірлейді дейсіз ғой? Олардың жанында тәйірі, біздің жас айырмамыз иман-таразы, пәшти құрдаспыз, бар-жоғы 37 жас, 6 ай, 14-ақ күн үлкен дегені. Кенет Шықаңның тамырлары арсиып алға созылған қалтылдақ кәрі қолы /бұл әуелгiде ортадағы конфетке ұмсынған шығар деп ойлаған/ қанатын жайған қара құстай бұның стол шетiнде жайбарақат жатқан қолының үстiне қалт-құлт етiп кеп қона кеттi. Алақаны тершiген жылбысқы. Саусақтарын қармай ұстады да, орнынан тұрып, еңкейiп, қолының сыртынан қадала сүйдi: «Жаным!» Дауысы дiрiлдеп, үздiге айтты. Бұл мең-зең. Абыржыған ақылы көз алдындағы суретке ен таға алмай әлек. Жақсылығын сатпас мейiрiмдi, қамқор ағаның орнында мауыққан кәрi мысықтай көзi жанып, су ауыз сүйкiмсiз шал тұр. Бiрақ көңiлiндегi жақсы, жылы елестен айрылғысы келмедi, ақтау iздедi. «Бәлкiм, коньяк басына шапқан шығар, кофеге екi ретiнде де басыңқырап құйып едi, тыриған бiр жапырақ кәрi кiсiде не қауқар бар!» Сол ойын растағандай, Шықаң «Мен маспын!» деп көзiн жұмып, сылқ етiп орнына отыра кеттi. «Бәсе!» Жүрегi орнына түстi.

– Мен саған маспын, Сәбира! Е, түсiнбейсiң ғой, қайтейiн!..

– Сiзге не болды, аға? Мұндай емес едiңiз ғой!

Ұйқыдан оянғандай, серпiлiп Шықаң орнынан қайта тұрды:

– Кешiр, ағаңның осалдығын... – Әжiмдерi қалыңдап, иықтары қушиып, бiр түрлi аянышты жүзбен жаутаңдай қарады.

Сәбира кабинеттен қалай шыққанын бiлген жоқ. Өзi отыратын бөлмедегi сырт киiмiн апыл-ғұпыл киiнiп, далаға беттедi. Дәлiз бойында ыздиып iлтифат бiлдiрмек болған бiрер еркектi екпiнiмен құлатып кете жаздады. Бiраз ұзап барып арт жағына бұрылған. Маңдайшасындағы гирлянда шеңбер жыпылық қағып, ымырт қараңғысында түнере төнген төрт қабатты сұр үй төбесiндегi жалғыз көзi ойнақшып, жанына барғанды жалмап жұтқан тажал сияқты елестедi.

Әзиз-­Сұлтан оралды ойына. Қиналған, ашуға булығып қыстыққан сәтiнде ылғи да осылай. Мұңын шағып, шерiн ақтарғысы келедi. “Күллi дүние сенiң қара тырнағыңа татымас едi ғой, жаным, қайтейiн ендi! – дедi жанары мөлтiлдеп. – Екеумiздi бұлай жазалайтындай не жазып едiк, бұл тағдырға? Өң бе, түс пе – бұл не шырғалаң?”

Өткенде, ауылдан оралған соң Әзиз­-Сұлтанды жатақханасына iздеп барған. Ұяттан бетi күйiп қорланса да көкiрегiндегi ұлы сағыныш ес жиғызбай қолынан сүйреп алып барған. Ең болмаса тасада тығылып тұрып сыртынан бiр қарайын, мейiрiм қансын деген. Кiрген­шыққанды анандайдан бағып, есiк алдында ұзақ торуылдады. Бояуы көшкен қожалақ қоңыр есiк еңiреп ашылып, ойбайлап жабылып, сапырылысқан ел. Бiрақ Әзиз­-Сұлтан көрiнер емес. Тыныс буған дымқыл аяз. Аяқтарын бiр-­бiрiне қаққыштап, қолдарын уқалап, шолақ аллеяны ерсiлi­-қарсылы дамылсыз шиырлаумен болды. Бiр уақытта қапталдағы көшеден қиын өтiп келе жатқан Қосымханды көрдi. Жарқ етiп күн шыққандай, жандүниесi жадырап қуанып кеттi. Қалай жүгiрiп жанына жетiп барғанын бiлген жоқ.

– Аға, Қосымхан аға! – дедi құшақтай алардай ентелеп. – Саламатсыз ба.

Қосымхан бұл кiм дегендей аңтарылып үдiрейе қарады. Сәлем мезiретiн жасап естiлер­-естiлмес ерiнiн жыбырлатты.

– Аға, мен – Сәбирамын ғой. Танымай тұрсыз ба?

– Жоқ, неге танымайын. Сендей қызды кiсi ұмыта ма? – деп қасын серпiп жымиған болып едi, онысы зорлықпен шыққан күлкi екенi көрiнiп тұрды. Әйтеуiр бұрынғы Қосымхан емес. Көзi үңiрейiп жүдеу тартқан. Еңсесi пәс. Тiк қарамай көзiн алып қаша бередi.

– Әзиз-­Сұлтанға келiп едiм, аға.

– Ол мұнда тұрмайды ғой.

– Қалай?

– Сен бiлмеушi ме едiң?

“Ненi?” деген ащы шыңғырық көмейiнен берi шықпай қалды Сәбираның. Жүрегi әлдебiр сұмдықты сезгендей дүрсiлдеп аузына тығылды.

– Жарайды, жүр, бөлмеге барып сөйлесейiк, – деп Қосымхан сол төмен қараған күйi терiс айналып жүре бердi. Екеуi iшке ендi. Бөлмеде ешкiм жоқ екен. Іргедегi Әзиз-­Сұлтанның жатқан орыны баяғы қалпы. Сол торы салбыраған ескi темiр кереует, көк одеял. Тек арқалықтағы көлденең асылған түктi қоңыр орамал ғана бөтен. Құлазыған көңiлмен жүрегi сыздап мұңая қарады. Сырт киiмдерiн шешiп екеуi ортадағы стол басына қарама-­қарсы жайғасқан. Сөздi неден бастарын бiлмей, қипақтаған Қосымхан:

– Сен естiмеген екенсiң ғой? – дедi қабағының үстiн алақанымен арлы-­берлi сипалап. – Әзиз­-Сұлтан iстi болып түрмеде отыр. Ана Мұхит пен Ержанды да оқудан шығарып жіберген...

Сәбира қасқағым сәтте небiр күдiкке күптi болса да, дәл мұндай сұмдықты күтпеп едi. Есеңгiрегендей бiр дем меңiрейiп отырып қалды да:

– Не үшiн? – дедi иегi кемсеңдеп.

– Бәрi сол ана Желтоқсандағы лаңның кесiрi ғой. Өзiнде де бар. Сұғынып алға шықпа, көзге көрiне берме деп етегiнен қаншама жұлқыладым, ұқты ма!.. Жағаңды жоғары көтерiп, малақайыңды көзiңе түсiрiп ал дедiм. Құлағына да қыстырған жоқ. Айғай шықса, делебесi қозып кететiн қызба екен... – Қосымхан тоңқылдап жазғыра сөйледi. – Оған ерем деп менi де қанша күн сүйреледi. Оқудан шығара жаздады...

– Сонда оны соттай ма?

– Соттамағанда. Кiсi өлiмiне кiнәлi деп отыр...

Сәбира бетiн басып, өкiрiп столдың үстiне құлай кеттi. Қосымханның шыр-­пыры шығып бәйек боп жұбатқанына қарамай, өзегi өртенiп тұншыға ұзақ өксiдi. Бiр уақытта орынынан тұрды созалаңдап. Сыртқа шықты. Сезiм­түйсiктен ада, меңiреу. Ыстық жас жүзiн сыза толассыз сорғалап, ымырт қараңғысында iлбiп басып келедi. Ерсiлi­-қарсылы жосыған жұрттың бiрiн иығымен қағып кетедi, ендi бiрiмен бетпе-­бет келiп тоқайласып қалады... Түннiң бiр уағында Тастақтағы пәтерiне жеткен. Өлiктей сазарған жүзiн көрiп үрейлене есiк ашқан Тәнзилаға ләм деместен төсегiне киiмшең құлай кеттi...

Өң мен түстiң арасында сүлесоқ мәңгiрiп жүргенде Әзиз-­Сұлтанның суретiн көрдi газеттен. Тәнзила киоскiден сатып алыпты. “Арыстарым­-ай!.. Асылдарым-­ай!..” дейдi көзiн сығымдап. Сотталған төрт жiгiттiң суретi. Ортада Әзиз­-Сұлтан тұр. Еңсесi тiк, басы шалқақ. Қасқайып қарсы алдына тура қарайды. Алақандай хабардан “ату жазасына кесiлдi” деген сөздi оқығанда, көзiнiң алдын қап-­қара тұман бүркеп ес­-түссiз тұрған орнында құлап түскен. Екi күн төсектен бауыр көтерген жоқ. Нәр сызбады. Төбеге қараған күйi меңiрейiп жатты да қойды. Бiрге жылап, бiлген ақылын айтып Тәнзила бейшара шыр-­пыр әбiгер. Жалынды-жалпайды. Бәрiбiр селт етер емес. Мына түрiмен ой iшiне түсiп меңiреу боп қалмасын деп зәресi ұшқан Тәнзила ендi айлаға көштi. Былай шығып көз жасын сығып-­сығып алды да, түсiн бермей қатал кесiммен безiрейiп дүрсе қоя бердi:

– Сен қыздiкi не жатыс. Екi күн жыладың-сықтадың – жетпей ме осы! Байың ба едi ол сенiң сонша, баурың тiлiнiп, басыңа қара жамылатындай! Ең болмаса, бетiңдi ашқан ұмыта алмас ынтығың болса бiр сәрi. Кiмiң ол сенiң? Айдаладағы бiреу. Бiр­екi рет киноға барған едiк деп аты­жөнсiз қанжығасына бөктiрiлесiң бе? Бәрiбiр саған қарамас едi ғой. О несi­ай, көрер көз, естiр құлақтан ұят емес пе. Түрегел иленiп жата бермей!..

“Апатай­ай, сен ненi түсiнесiң!” деп іші қан жыласа да қарсыласқан жоқ. Сүйретiлiп орнынан тұрған ақыры. Жүрегiнiң өксiгiн тереңге тұншықтырып, тiршiлiктiң көшiне мiне, мең­зең ерiп келедi содан берi...

Тымырсық аяз әрi-берiден соң бет шымшып, жұқалтым пальтоның етек-жеңiне сұғанақ қолын сумаңдата бастады. Сонда да троллейбусқа отырған жоқ. Жатақханасы осы жерден жетi-сегiз аялдамадай недәуiр жырақта. Көшеге мойнын иiп қалай телмiрсе де неон шамдарының жарығы тұманды, дымқыл ауада шаңытып, нұры қайтқан кәрiнiң көздерiндей, әлсiз себезгiлейдi. Қос жиегiн қайың мен биiк емен күрегейлеп, өнбойы суық тартып үңiрейген бұлыңғыр аллеямен жаяу жүрiп келедi. Ойы ойран-ботқа. Осынау қысқы түндей ызғар шашып қабартқан көкiрек түкпiрiнде қалтырап бiр әлсiз шырақ жанып едi, мiне, ендi ол сөндi. Дүние тас қараңғы. Неткен алдамшы, қатыгез өмiр. Дүниеде риясыз iзгiлiк бар дегенге сенiп кептi-ау ақымақ басы. Өз пайдасын ойламай өтеусiз кiм бiреуге жақсылық жасаушы едi өз ата-анаңнан басқа? Жо-жоқ, олардыкi де есеп. Баламыз жақсы адам болса екен дейдi. Онысы – ертең өскен соң асырап-бақсын дегенi...

Бәсе, өзi де бұл неғлыған мырзалық деп iшiнен күдiктенушi едi-ау. Алжыған қақпас неге осынша елпiлдейдi десе, бүйрегiне бүккен есебi бар екен ғой. Жарайды, iстеген қамқорлығына қарымта қайтару қажет болса, баласын бақтырсын, кiрiн жудыртып, үйiн тазалаттырсын жұма сайын. Сақалына шалынып жығылып жүрiп теке көзденгенi қай сасқаны. Анау зуылдақ қара қатын бұның өмiр-тарихын айтпады дейсiң бе, бетiне шiркеу түскен бейбақты қалай иектесем де болады дейтiн шығар. Құрысын, ол қорлыққа көнбейдi. Ертең-ақ арыз жазып, жұмыстан шығады... Тоқта, тоқта, кеткенде қайда бармақ? Екi қолын төбесiне қойып құтылғанша асық болған ата-ана анау. Боқ тазалаймын десең де, еш қай жер жұмысқа алмайды, Желтоқсан көтерлісіне қатысқан сенiмсiз элемент деген артында қоңырауың бар қайда барсаң да сылдыр қағатын. Кiм едi кеше? Таз кепешiн киiп, сол күнге қайта оралмақ па? Үмiтсiз торыққан, әр кiмге бiр жаутаңдап қорланған сол бiр сұрқай кездерi есiне түскенде жасып қалды, бойын шарасыздық биледi. Ар-ұяттың үндеуiмен қанша бұлқынам десе де, мың жылдық шөлден кейiн татқан бiр тамшы кәусардай өзiн адам сияқты сезiнiп қызмет ету бақыты – үлкен-кiшiнiң iлтифаты, жатақхана, қолын бұлғап шақырған институт, әрине, қара «Волга» да бар... – бәрi-бәрi етегiнен басып жiбермейтiн тәрiздi.

4

Түнiмен дөңбекшiп көз iлген жоқ. Ертеңiнде iшi өлi, сырты сау, қатыгез тiрлiктiң қудалауымен ерiксiз сүйретiлiп жұмысқа келген. Сол күннен бастап екеуiнiң «мысық пен тышқан» ойыны басталды.

– Жаным! Сәбираш! – дейдi шал көзi жасаурап, дауысы қалтырап. Алақанын алақанымен аялай ұстап, қолының сыртынан сүйедi. Насыбай атқан насыбайшыдай елтiп есi кетедi. Қалтыраған ерiн ұзағырақ қадалып қалса, бұл ыңғайсызданып:

– Қойыңызшы, ағай! – деп қолын ақырын тартып алады. Батылданған шал келесi сәтте бiлегiнен сипайды. Сәбира үндемейдi, қысылмайды, қызармайды. Ағаның қарындасын еркелеткенi, үлкеннiң кiшiге көрсеткен мейiрiм-iлтифаты деп ұққан түр танытады, басқа ештеңе ұқпаған-сезбеген болады.

Шықаң лоторея билетiнiң келесiсiне қол созады, бiрi болмаса, бiрi ұтуы мүмкiн ғой:

Осы сенбi, жексенбiде «Алатау» санаторийына барып, демалып қайтсақ қайтедi?

Сәбира тағы да түсiнбеген боп дiңкесiн құртады.

– Ой, аға, демалатындай шаршап жүргем жоқ қой, жұмысым жеп-жеңiл.

– Әртүрлi ванна, массаж кабинетi бар, емделесiң.

– Емделiп қайтем. Денiм сап-сау...

Бiрi атып, бiрi қағып арбасумен келедi. Сәбираға осы ойын бек ыңғайлы. Мауыққан мысықтай мияулаған есiрiк шал «жаным, күнiм» деп сыбырлағанға, қолынан ұстағанға мәз. Мейлi, күнiң үшiн күрмек же деген, одан ештеңесi кеми қоймас. Ары кет те демей, тым жақындаттырмай, сүйемдеп қуса, қарыстап қашып, мысын құртқан жөн. Бәлкiм дiңкелеген соң есi кiрiп, жыны басылар. Олай болмаған күнде емексiп жүре тұрсын. Балта шапқанша, жаңғырық жол табады. Уақыттың оза бергенi дұрыс. Екi арада оңтайлы iстiң орайы кеп қалса, «аңқит, аузыңа саңқит!» деп тайып тұрмай ма.

Бiрте-бiрте Шықаңның ықылас-iлтифатына етi үйрендi. Қара «Волгаға» мiнгенде бұрынғыдай қысылып-қымсынбайды; Шықаңның мейрамды сылтауратып сыйлайтын қымбат әтiр, қорапты конфеттерiн ләм демей сумкасына сүңгiте салады. Қимылы еркiн, батыл. Бұның бәрiн шалдың қолынан сүйiп, бiлегiнен сипағанының қарымтасындай сезiне ме, қалай өзi. Кейде жанын, сезiмiн саудаға салып жүрген саудагердей өзiнен жиiркенiп кетедi. Ал «алаған қолым береген» деп ойлайтын Шықаң су түбiнде ойнаған алтын балық қармағымды тереңiрек жұта түссе екен деп алақанын ысқылап мәз.



5

Мiне, шақырып жатыр деген соң, жұмысын тастай сап, тағы да ентiгiп жеткен қабылдау бөлмесiне.

– Неге iздедi екен менi?

– Сөз саптауына қарағанда... маңызды шаруасы бар, бiлем! – дедi ақ томпақ келiншек дауысын құбылта қабақ қағып. Бiле тұрып сұрағанына Сәбира ұялып қалды.

Қолдан сүю, сипау, телмiру... сияқты күнделiктi репертуарын орындағаннан кейiн Шықаң биiк арқалы, айналмалы жұмсақ креслосына барып үлкен iс тындырғандай жүзi албырап, балқып бiр дем қимылсыз отырды да, суырмадан бiр ақ конверт алып, Сәбираға ұсынды.

– Бұл не?

– Хат, сенi шексiз құрметтейтiн бiр ағаңнан.

Сәбира ештеңеге түсiнбей конверттi ашып қараған.

– Ақша ғой!

– Қалтаңа салып ал. Сегiзiншi март келе жатыр, мекеме атынан сыйлығымыз.

– Жоқ, аға, мынау көп ақша, алмаймын.

– Менi сыйлайсың ба?

– Сыйлаймын, әрине.

– Ендеше қолымды қақпа.

Шықаң бергенге алғандай қуанып отыр. Iшiнен «бұ да бiр бiткен iс болды» деп мұртынан жымиды да, басқа әңгiмеге ауысты.

– Қалай, сабаққа дайындалып жүрсiң бе?

– Аздап.

– Жұмыс деп жүрiп қарайып қалма. Қай оқуға бармақсың?

– КазГУ-дың не КазПИ-дiң филфагiне.

– Дұрыс, алдын ала сөйлесiп қояйын.

– Керегi жоқ, ағай. Өзiм түсем.

– Өзiң түсе алмайсың.

– Неге?

– Түссең, былтыр неге түспедiң?

– Сәтсiздiк болды.

– Тiрек, таянышың болмаса, ылғи да солай болады.

– Көп болса, түспеспiн. Әуре болмаңыз, аға. Онсыз да жасаған жақсылығыңыз аз емес.

– Ол не дегенiң. Еш қиындығы жоқ. Тиiстi адамдарға телефон шалса, жетiп жатыр.

Сол арада телефон шырылдады. Әйелi екен, саңқылдап естiлiп тұр.

– Шықашка, обедке келмейсiң бе, кешiктiң ғой?

– Бара алмаймын. Жиналыс боп жатыр.

– Уағында ыстық ас iшпесең болмайды, асқазаныңды құртасың.

– Жарайды, ештеңе етпес. – Әйелi тағы бiрдеңе дегелi жатыр едi, – Болды, уақыт жоқ! – деп зiлденiп, трубканы қоя салды.

????? ???? ???i? ?? ???? ????? ???i? ?i?????? ???. ????????? ??? ?????? ????i ?????????? ??????? ?????i? ?????, Шықаң одан кейiн де бұны көпке дейiн жiберген жоқ. Сәбираның көз алдына әдемi болашақтың санқилы суретiн тосып, ұзақ сөйледi. Шықаңның аузынан шыққан әр сөз – басынан төмен қарай сыңғырлап төгiлген сары алтын, өмiр сүрудiң сара жолын сiлтеген сиқырлы таяқша. Қалай бой алдырмайын десе де, кейде елтiп, қиялы құрғыр сол жарқын, бақытты болашаққа қарай ерiксiз қолынан жетелей жөнеледi. Шықаң бiрақ ол ғажайып ұжымақ дарияның арғы бетiнде, оған бару үшiн Көпiрден өту керек деген тәрiздi бiр жұмбақ құйтұрқы ишараны көлденең тарта бередi.



6

Жұмыс аяғына қарай екi иығынан дем алып, алқын-жұлқын боп бөлмеге Ұлбану кiріп келдi әдеттегісіндей. Бiр апта зым-зия жоғалып кеткенге алаңдай бастаған, жарқ етiп жетiп келгенде қуанып қалса да, Шықаң iш бермей, «үгiт-насихат» жұмысының нашар жүргiзiлгенiне ренiш бiлдiрiп, өкпе айтты.

Ұлбану Шықаңның бабын таппақ түгiлi өз басымен әуре боп кеткен. Әлгi бар болғыр, жалғыз қызы төртiншi баласын тауып, бұны төрт рет әже қылғанына күйiп-пiсiп жүрген. Әже болғаны кемпiр болдың дегендей жанына шаншудай қадалатын. Апта бойы соған сорпа-су дайындап, шуылдаған боқтышақтарына қарап, сiңбiруге мұршасы болды ма. Жандарын баға алмай жүрiп, бала неме керек десеңшi. Алдырып таста, қорғанудың мынандай тәсiлдерi бар деп сауатын ашып талай қақсады, дәрі -
дәрмек сымақтарын тіпті көзіне шұқып апарып та берді – ұқпайтын ақпа құлақ. Пәтерлерi бiр-ақ бөлме. Күйеуi де бiр сүйретiлген ынжық, жүз грамын сылқитып алып, төсек сықырлатқаннан басқа түк бiлмейдi. «Көсеуiн сайламай, отауын сайламайтын ба» еркек деген.

Қызы құрғыр мияулап, баланы бұл үшiн тапқандай жаңадан ән шығара бастады: «Екеуiңе екi бөлме не керек, бiзге берiңдер, ауысып тұрайық. Әйтпесе тағы да бiр-екi бала тауып, «мать – героина» атанып кезексiз үй алам. Басқа биход жоқ!» деп мияулайды зәре-иманын ұшырып.

– Бауы берiк болсын! – дедi Шықаң жаңалықты естiген бетте. Ұлбану қолын сiлтедi:

– Баладан көрген жақсылығымыз мынау. Сол ұшпаққа шығарар деп пе ең. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» деп қазақ білмесе айта ма.

– Желке неге ас болмасын – майы болса; жиен неге ел болмасын – малы болса.

– Мәселе сол малда боп тұр ғой. Малы болса, кiмдi ел қылмайсың. Бұлардың бала тапқаны маған мiндет болды. Тағы өзiңе келдiм, Шықа. Алақаныңа әкеп салып берген сары алтынның өтеуi қашан?

Шықаң тұнжырап төмен қарады.

– Витринадағы алтын ғой, көз сатып қарағаннан не пайда!

– Әдiсiн айттым емес пе әнеукүнi. Ауылдың түк көрмеген жалаңаяқ қызына сый-сияпат қыл, қызыл-жасылды жарқылдатып көзiн тұндыр. Кейiн сөйтем де, бүйтем деп сөзбен басына пейiш күнiн орнатып, буынына түс.

– Дегенiңнiң бәрiн iстедiм. Иiлiгетiн түрi жоқ.

– Қораңа әкеп, көгендеп берген көк тушаны жәукемдей алмай, әй, Шықа-ай! Қиқаңдаса, жұмыстан шығарам деп қорқытпайсың ба – табаныңды жаласын... Та-ак, тiсiң батпаса, бұл «товарды» басқа жаққа жөткейiн. Әлгi сары сақалға, режиссер Хасан-Ғалидi айтам, көшеде жолығып қап, Сәбираны көрсетiп ем, «мынау Примадонна ғой, киноға түсiру керек!» деп мысық көзi шоқтай жанып, сiлекейiн жұтты. Ол қасқыр қолына түскендi құтқармайды.

Шықаң шар ете түстi:

– Құрсын, жолатпа ол сақалды шайтанға!

– Қашанғы саған салмақ сап қинай берем. Ол сары сақалдың да бiр пайдасын көрейiн. Сәтi келiп тұр. Әлгi желiн бет «Ким-Ир-Сенмен» айрылмас дос, қызға да, тұзға да бiрге барады екен.

– Ким-Ир-Сенiң кiм едi? Қоймайтын аттарың жоқ осы.

– Үй беретiн жердiң мықтысы ше. Оған тек сақалды шайтанның ғана сөзi жүредi! – деп Хасан-Ғалидi көптен көрмесе де әңгiменi ойдан қосып, бiр бүлк еткiзiп алып едi, Шықаң өзi-ақ алдына түсiп елпеңдей жөнелдi.

– Ойбай-ау, ол өзiмнiң бауырым емес пе. Өз қолымызбен адам қылғанбыз. Оған тiрелiп тұрған iс болса, өзiм-ақ басына су құямын.

– Жақсылығы аталастарынан аспайтын жiкшiл пәле дейдi ғой. Жеңiл-желпi бiреулердi араға салып көрiп ем, «басқа жақтың қазағы» деп маңына жуытпапты.

– Жақсылықты орысқа-орманға да жасап жатқанда, басқа жақтың қазағы бөтен боп па. Бес қазақты онға бөлiп, көзiн шел қаптайын деген екен ол неменің! Не шаруа едi, желкесiнен басып суырып алайын.

– Қыздың әлегi ғой шырылдап жүргенiм. Үй керек. Алты адам ұйлығып бiр бөлмеде отыр. Көзi бақырайған жаман күйеу сегiз жыл бойы СМУ-да балташы. Бiр баласы екiншi топтағы мүгедек, туберкулез. Бәрi заңды. Сонда да кезектерi жылжымайды. Осы күнде тамыр-таныссыз iс бiте ме.

– Қисынсыз бiрдеңе ме десем... Бұның жарасы жеңiл. Қазiр-ақ мен оны...

– Тоқта, Шықа! – Ұлбану Шықаңның бірден телефонға ұмтылған қолын ұстай алды. – Осы менiң ақымақ басыма ақылды ойлар сап ете түседi кейде. Орайы кеп тұрғанда, төрт бөлменi ойып алып, ана бiр бөлменi Сәбираға қалдырсақ қайтедi?

– Қалай?

– Сәбираны пропискаға отырғызып алсақ, өз-өзiнен соған қалмай ма?

– Мынауың просто гениально, таптырмайтын ақыл! – Сағымдай бұлдыраған сәулелi арманы әне-мiне уысына түсердей елтiп, Шықаңның көзi жайнап кеттi. Сұңғыла Ұлбану сұқ саусағын шошайтып, сақтық айтты:

– Әуелi басына су құйып алайық ол қыздың, әйтпесе «Мә, Қоңқай» деп қолына ұстата салсақ, қалай деп бола ма, құйрығын аспанға шаншып, ендi көрмегенiм сендер болсын деп жер соқтырып кетсе қайтемiз.

– Қойшы, қайдағыны қауiп қылмай. Сөйтiп кеткен күнде де ұтылмаймыз. Орыс-орман итiне дейiн жеке бөлме ұстап отыр, жылап-еңiреп далада жүрген қазақтың бiр баласы болса да үй ала берсiн.

– Қайран, Шықа-ай, осы дарқандығыңды бiлер кiм бар екен менен басқа!

Шықаң ол көпшiгiне шынтақ тiреген жоқ. Анықтама кiтапшасын парақтап, сәл үнсiз отырды да, жүзiне сұс жиып, салмақтанып, «вертушкаға» қол созды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет