Жеткіншіктердің психикалық даму ерекшеліктері



Дата16.11.2022
өлшемі26,56 Kb.
#158450
Байланысты:
Жеткіншіктердің психикалық даму


Жеткіншіктердің психикалық даму
ерекшеліктері
1. Адам дамуының осы жастағы әлеуметтік жағдайы балалық шақтан, дербес және жауапты ересек өмірге өтумен ерекшеленеді. Басқа сөзбен айтқанда, жеткіншектік кезең балалық пен ересектік кезеңнің арасын қамтиды. Физиологиялық деңгейдегі өзгерістер жүреді, ересектер және құрдастарымен қатынастары өзгеше құрылады, танымдық қызығушылықтарының, ақыл-ой мен қабілеттерінің деңгейлерінің өзгерістерін бастарынан өткізеді. Рухани және физикалық дүниелері үйден бөлек сыртқы әлемде орналасады. Құрдастарымен қарым-қатынастары байсалды бола бастайды.Жеткіншектер бірлескен іс-әрекетпен айналысып, өмірлік маңызды тақырыптарды қозғайды, ал ойын болса өткен шақта қалады. Жеткіншектік шақтың бастапқы кезеңінде үлкендерге ұқсауға деген тілек пайда болады, психологтар оны ересектік сезім деп атайды. Олар өздеріне ересектерше қарауды қажет етеді. Олардың сезімдерін бір жағынан түсінуге болады, себебі ата-аналары бұрын шек қойған әрекеттерге рұқсат береді. Мысалы, бұрын көруге болмайтын көркем фильмдерді көрулеріне болады, қыдыруларына болады. Ата-аналары күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге қатыстырады. Бір жағынан, жеткіншек ересектерге қойылатын талаптардың барлығына толық жауап бере алмайды, себебі олар әлі де болса тәжірибе (дербестік, жауапкершілік, өз міндетіне дұрыс қарау) жинақтай қойған жоқ. Тағы да бір ерекше маңызды сәт -олардың отбасымен, мектеппен, құрдастарымен байланысты құндылықтарында өзгерістер жүреді. Мұның себебі рефлексия болып табылады. Ол кіші мектеп жасының соңына қарай дамып, жеткіншектік кезеңде белсенді дамуға ие болады. Ересек адамға тән қасиеттерге ие болуға кез келген жеткіншек барынша талпынады. Осының салдарынан ішкі және сыртқы қайта құрулар жүреді. Ол өз мүмкіндіктерін еліктеумен бастайады. 12­ 13 жастан бастап өздері үшін маңызды болып табылатын ересектердің әрекеттері мен сырт келбеттерін өздеріне көшіре бастайды. Ер балалар үшін өздерін «нағыз еркектер» сияқты ұстайтын адамдар үлгі болады. Сондықтан 12-13 жастан бастап ер балалар өздерінің физикалық жақтарына көп көңіл бөле бастайды: спорттық секцияларға жазылады, күштерін дамытады. Қыз балалар нағыз әйел сияқты жүретін әйел адамдарға: әдемі, сүйкімді, өзгелердің арасында танымалдыққа иелерге еліктейді. Олар бояуға, киімдеріне көңіл бөліп, еркелік тәсілдерін меңгереді. Қазіргі таңда жеткіншектердің қажеттіліктерінің қалыптасуына көбінесе жарнамалар ықпал етеді. Осы жаста белгілі бір заттардың болуына көп көңіл бөлінеді: жарнамадағы затты ала отырып жеткіншек қоғамдық ортада және құрдастарының арасында құндылыққа ие болады. Осыған байланысты жарнама, теледидар, БАҚ қандай да бір деңгейде жеткіншектердің қажеттіліктерін қалыптастырады деп айтуға болады.
2. Жеткіншектік шақта балалардың мінез-құлықтарын өзгертуге ұшырататын физиологиялық өзгерістер жүреді.Бас миының қыртыстарының белсенділік кезеңі қысқарады. Нәтижесінде зейін шоғырлануы ұзақ мерзімге бармай, тұрақсыз болады. Дифференциацияға деген қабілет нашарлайды. Бұл баяндалған материал мен мәліметті меңгерудің нашарлауына әкеледі. Сондықтан да сабақта қызықты, түсінікті материалдар айтып, көрнекі құралдар қолданған орынды. Қарым-қатынас барысында мұғалім оқушының материалды дұрыс түсінгендігіне көз жеткізіп отыруы керек: сұрақ қою, қажет болса анкета, ойындар жүргізу. Рефлекторлық реакциялардың латенттік (жасырын) кезеңдері ұлғаяды. Реакция баяулайды, қойылған сұраққа жеткіншек бірден жауап бере алмайды, мұғалімнің талабын бірден орындамайды. Ситуацияны өршітіп алмау үшін,балаларды асықтармауы керек, оларға ойлану үшін уақыт беру және жәбірлемеу қажет Қыртыс асты үрдістері бас миының қыртысына бағынбайды. Жеткіншектер жағымды және жағымсыз эмоцияларды басқаруға қабілетсіз болады. Жеткіншектік жастың осындай ерекшелігін біле отырып, мұғалім шыдамдылық танытып, эмоцияның пайда болуына түсіністікпен қарауы керек, конфликті пайда болса, зейінін өзге нәрсеге аударуға тырысуы керек. Балаларды өзін өзі ұстау тәсілдерімен мақсатты түрде таныстыру керек. Екінші сигнал системасының қызметі әлсірейді. Сөздері қысқа, стереотипті болады. Жеткіншектер аудиальді (сөздік) мәліметтерді нашар түсінулері мүмкін. Оларды асықтырмаған жөн, қажетті сөздерге байланысты көмек беру керек. Әңгімелеу кезінде көрнекі құралдарды қолданып, мәліметтерді визуалды түрде бекітіп, кілттік сөздерді жазып алып, суретін салып алу керек. Қандай да бір мәліметті хабарлау кезінде сөздерді жарқын мысалдармен келтіре отырып, эмоциямен айтқан орынды. Жеткіншектік кезде жыныстық даму басталады. Ербалалар мен қыз балалар бір біріне өзгеше қарай бастайды, яғни қарама-қарсы жыныс өкілі ретінде. Жеткіншек үшін оған деген өзгелердің қатынасы маңызды болады, өзінің сырт келбетіне зор көңіл бөле бастайды. өзгелермен өзін салыстырады. Жалпы жеткіншектік кезең аумалы, күрделі, әсіресе жыныстық даму кезеңі болып табылады. 3. Жеткіншектік жастағы психологиялық өзгерістер келесідей жүреді. Барлық танымдық үрдістер мен шығармашылық белсенділіктердің дамуы жоғары деңгейге жетеді. Естің қайта құрылуы жүреді. Логикалық ес белсенді түрде дами бастайды. Біртіндеп бала логикалық, еркін, тікелей есте сақтауды қолдана бастайды. Мектепте оқу пәндерінің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты балалардың көптеген мәліметтерді механикалық жаттауына тура келеді, ес процесінде қиындықтарпайда болады. Нашар есте сақтауға шағымдану жиі кездеседі.
Есте сақтау мен ойлаудың арасындағы қатынас өзгереді.
Ойлау есте сақтаумен анықталады. Ойлау - яғни еске түсіру.
Жеткіншек үшін еске түсіру - ойлану болып табылады.
Материалды есте сақтау үшін логикалық байланыс орнату
керек.
Оқуда, монологтық және жазбаша сөйлеуде өзгерістер
жүреді. Сөйлеу баи түседі.
Жеткіншек ұғымдарды меңгере бастайды, оларды
пайдалану біліктілігін дамытып, логикалық және абстрактілі
түрде ойлана алады. Осының салдарынан ойдау теориялық,
ұғымдық бола бастайды. Жалпы және арнайы қабілеттер, оның
ішінде болашақ мамандыққа қажетті қабілеттер қалыптасады.
Сырт келбетіне, біліміне, қабілеттеріне байланысты
қоршағандардың пікіріне деген қызығушылық танытуы олардың
өзін -өзі тану сезімдерінің дамуына байланысты. Жеткіншектер
өкпешіл болады. Олар бәрінен әдемі болып көрініп, ең жақсы
әсер қалдырғылары келеді. Олар үшін айтып салып,
қателескеннен гөрі үнсіз қалу тиімдірек болады, осы
ерекшеліктерді ескере отырып, ересек адамдар оларға тікелей
баға беруден аулақ болу керек. Олардың инициативалары
орынсыз болған күнде де, оларды қолдауға тырысу керек.
Жеткіншектердің әрекеттерінен демонстративтілік,
ересектердің қамқорлығынан арылуға деген талпыныс айқын
көрініп тұрады. Олар ашық түрде ережелерді бұзып,
адамдардың сөздері мен әрекеттерін дұрыс түсінбесе де оларды
сынға алуы мүмкін.
Сенімді қарым-қатынасқа деген қажеттілік пайда болады.
Жеткіншектер өз пікірлерін сыйлауды қажет етеді. Оларды
соңына дейін тындамай, сөздерін бөлсе қатты ашуланады.
Ересек адамдар олармен тен сөйлесуі керек.
Жеткіншектерде қарым-қатынас пен достыққа деген
қажеттілік жоғары болады, олар қажетсіз болып қалудан
қорқады. Олар ұнамай қаламын деген қорқынышқа байланысты
қарым - қатынастан қашады. Осыған байланысты көптеген
жеткіншектерде құрдастарымен, ересек адамдармен байланыс
орнату мәселесі пайда болады. Осы үрдіс жеңіл өту үшін оларға
қолдау көрсету керек және өздеріне сенімсіз жеткіншектерге
адекватты баға беру керек.
Тәуекелге бейімділік пайда болады. Жеткіншектер
эмоционалдылықпен ерекшеленетіндіктен, олар кез-келген
мәселені шеше алатындай сезінеді. Бірақ іске келгенде бұлай
болып шықпайды, себебі олар өздерінің әлдерін адекватты
бағалай алмайды, өздерінің қауісіздіктері туралы ойланбайды.
Осы жаста достарының ықпалында болу жоғарылайды.
Өздерінің жеке пікірлері жоқ және дербес шешім қабылдау
дағдылары қалыптаспаған жеткіншектер психологиялық және
физикалық жағынан күшті өзге балалармен заңға қайшы
әрекеттерге баруы мүмкін.
Жеткіншектерге стреске деген шыдамдылық төмен
болады. Олар ойланбай әрекет етуі мүмкін.
Осы жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерге байланысты
ересектер жеткіншектермен ересек адамдар секілді тендей
қарым-қатынасқа түсе отырып, бірақ олардың әлі де көмек пен
қолдауды қажет ететін балалар екенің естен шығармауы керек.
Жеткіншектік дағдарыс 12-14 жасқа сай келеді.Ол
мерізіміне байланысты өзге дағдарыстардан ұзақ жүреді.
Л.И.Божовичтің айтуы бойынша, бұл жеткіншектердің
физикалық және ақыл - ой дамуының жылдам қарқынына
байланысты.
Жеткіншектік дағдарыс олардың қоршаған ортамен өзара
әрекетінің өзгеріске ұшырауымен ерекшеленеді.Олар өзіне және
ересектерге жоғары талаптар қоя бастайды, өздеріне бала
ретінде қарауға қарсы шығады.
Осы кезеңде балалардың мінез-құлықтары түбегейлі
өзгереді: олардың көпшілігі дөрекі, басқаруға келмейтін бола
бастайды, барлығын ересектерге қарсы істейді, оларға
бағынбайды, ескертулерді елемейді немесе тұйық болып
қалады. Егер ересектер баланың қажеттіліктеріне түсіністікпен
қарап, бірінші негативті көріністерден-ақ балалармен
қатынастырын қайта құрса, онда осы аумалы кезең екі жаққа да
жеңіл өтер еді. Ал енді керісінше болғанда жеткіншектік
дағдарыс өте қарқынды өтеді. Оған ішкі және сыртқы факторлар
әсер етеді.
Ересектердің бақылау жасауы, тәуелділік пен қамқорлық
ішкі факторларға жатқызылады. Жеткіншек өзін дербес шешім
қабылдауға қабілеттімін деп санап олардан құтылуға тырысады.
Жеткіншек қиын жағдайда қалады: бір жағына ол ересек бола
бастаса, екінші жағынан, оның психологиясы мен әрекеттерінде
балалық ерешеліктер сақталып қалған - ол өзінің міндеттеріне
немқұрайлықпен қарайды, жауапты және өз еркімен әрекет ете
алмайды. Осылардың барлығы ересектердің оларды өздеріне тән
етіп қабылдауларына мүмкіндік бермейді.
Дегенмен де ересектер оған деген қарым-қатынастарын
өзгертуі керек, олай болмаған жағдайда жеткіншек тарапынан
қарсылық пайда болып, ол тұлғааралық конфликтіге, одан кейін
тұлғалық дамудың тежелуіне ұласуы мүмкін. Осындай
мәселелерден аулақ болу үшін, ересектер жеткіншектермен
сенімді, сыйлы, достық қарым - қатынас құрулары керек.
Ішкі факторлар жеткіншектердің тұлғалық дамуларын
бейнелейді. Әдеттері мен мінез-құлық сипаттары өзгереді.
Тұлғалық жағынан өзін дамытуға деген талпыныс пайда болады,
ол өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету арқылы жүзеге асады.
Жеткіншек өзінің физикалық және тұлғалық кемшіліктеріне
сынмен қарайды.
Осы кезде организімнің өсуі жылдам жүреді. Оның
салдарынан мінез-құлықта өзгерістер пайда болады: жеткіншек
тез ашуланады, өз әлсіздігі үшін кінәлайды, ол ішкі күйзеліске
әкеледі. Жеткіншектер үшін шек қойылғандардың барлығы
қызықты болып көрінеді. Олардың көпшілігі осы кезде ішімдік
ішіп, нашаны пайдаланып көреді, шылым шеге бастайды.
Осы жас кезеңінде рухани жағынан өсіп, психикалық
статустары өзгереді.
Сонымен жеткіншектік кезең- жыныстық даму және
психологиялық есеюдің күрделі кезеңі. Жеткіншектік кезеңді
зерттеушілердің бір қатары олардың психикалық ерекшеліктерін
биологиялық пісіп-жетілу арқылы түсіндіреді. Олардың бірі -
Ш.Бюлер. Жас дамуының басты факторы деп, ол жыныстық
пісіп-жетілуді айтты. Бұл пісіп-жетілу ерекше психикалық
құбылыстармен қатар жүреді,-деді, Ш.Бюлер, оны психикалық
пубертаттылық деп атады. Бұны келесілер арқылы сипаттады:
- жоғары сезімталдық;
- дене немесе жанының мүшкілдігі;
- өзіне және әлемге қанағаттанбаушылық;
- әлемге жаушылықпен қарау;
- тыңдамау, тыйым салған нәрселермен айналысу;
- пассивті меланхолия және агрессивті өзін-өзі қорғануы;
- жұмыс икемділігінің жалпы төмендеуі.
Жүректері жиі қағады, қан қысымы артады, басы ауырады,
құлап қалулары мүмкін, қаны азайып сұрлануы мүмкін.
Жыныстық пісіп-жетілудің 2-кезеңінде жыныс мүшелерінің
жұмысы дұрысталады, басқа жыныс өкіліне қызығушылық
туады.
Әдетте, қыздарда пубертатты пісіп-жетілуі 2 жылға ерте
басталады. Жас жеткіншектің портреті, жеткіншектік кезең -
бүкіл балалық кезеңдегі ең қиын кезең, өте қарама-қарсылықты.
Осы кезеңдегі жетекші іс-әрекет - құрбы-құрдастарымен
эмоционалды қарым-қатынас жасау.
Осы кезеңнің басты мазмұны - балалықтан ересек өмірге
ауысу болады. Бозбала теңдік мораліне бағытталады. Ол өзін
сыйлағанды, ересектермен теңдескенді мақсат етеді.
Психологиялық портреттері келесі сипат - белгілерді көрсетеді:
негізсіз тыйымдарға қарсылық көрсету, өз мүмкіндіктерін асыра
бағалау, спортқа жоғары қызығушылық тудыруы, ісәрекеттерінің түрлілігі.
Олардың құрбы-құрдастарының қоғамы 3 негізгі функцияны
атқарады: тәрбиелік, ақпараттық, эмоционалды контакт. Осы
кезеңдегі сана сезімінің деңгейі бір жағынан құрбылары мен
қарым-қатынас жасау деңгейіне және мазмұнына, ал 2-жағынан
құрбы құрдастарына қарым-қатынасынан байқалады.
Достарымен қарым-қатынас жасай отырып, бозбалалар
әлеуметтік мінез-құлықтық норма, мақсат-шараларын белсенді
түрде меңгереді, сөйтіп, «әлеуметтену мектебін» өтеді.
Әлеуметтенуі келесі кезеңдерден тұрады:
- адаптация;
- жекелену;
- интеграция(рефлексия), (қалпына келтіру, толықтыру);
Ж.Пиаже 11 -15 жас аралығындағы балалар ойлануы
гипотетика-дедуктивті (теориялық ойлау) болады деді. Оқу
материалы ойлау әрекетінің жоғарғы даму деңгейін қажет етуі,
және ең 1-ші кезекте интеллектінің дамуына бағытталған. Ойлау
сапасы ретінде сыншылдығы дамиды - олар мұғалім тілінен
қателер іздеуді жақсы көріп тұрады. Мимикалық әрекетінде
өзгерістер болады, кіші оқушыларда есте қалдыруда - түсіну
орын алады. Олардың есінің өнімділігі жақсарады - есте тез
сақтайтын болады, ұзақ мерзімдік ес көлемі артады.
Л.С.Выготский бозбалалардың қызығушылықтар мәселесін
ерекше бөліп көрсетті, оларды ол доминанталар деп атады. Ол
келесі доминанталардың болуын атап көрсетті:
- эгоцентрикалық (өз бойына қызығуы);
- алыстық доминантасы (кейде өзін-өзі мамандық йесі деп
көруі);
- романтика доминантасы.
Жеткіншектегі мінез акцентуацияларының байқалуы.
Мінез акцентуациялары деп - жекелеген мінез сипаттары
ерекше күшейген, байқалған, акцент жасалған кездерін айтамыз.
Әдетте акцентуациялар мінездің қалыптасу кезеңінде
дамиды да, ересектенуге қарай басылады. Байқалу дәрежесіне
қарай 2 түрін бөлуге болады:
Мінез акцентуациялары кезіндегі динамикалық
өзгерістерінің де 2 негізгі тобын ерекшелеп бөлуге болады. 1-ші
топты транзисторлы өзгерістер құрайды. Бұның құрамында
аффективті реакциялар бар. олар: бозбалалар қиын
жағдайлармен кездескендегі пайда болатын психогенді
эмоционалды бұзылулар. Ол бірнеше минуттан 1-2 күнге дейін
созылады. Аффективті реакциялардың бірқатарын бөледі:
1. Интропунитивті реакциялар - аутоагрессия жолымен
аффектінің байқалуы. Аутоагрессия деген - өзіне
зиян келтіру, өзін-өзі өлімге итеру;
2. Экстропунитивті реакциялар - сыртқы агрессия
түрінде байқалады. Мысалы, ренжіткендерге бас
салу. Бұл реакциялар гипертимді, лабильді,
эпилептоидті акцентуацияларға тән болады;
3. Имунитивті реакциялар - тұрақсыз және шизоидті
акцентуацияда кездеседі;
4. Демонстративті реакциялар - спектакль ойнау
сияқты, яғни өзін-өзі өлтіру сияқты көрініс көрсетуі,
т.б.
С.Холл теориясы бойынша жеке бастың дамуы
(онтогенез) адамзаттың әлеуметтік даму деңгейінің кезеңдерін
қайталайды (филогенез).
Акцентуацияның түрлері мыналар:
1. гипертимді акцентуация;
2. циклоидті акцентуация;
3. лабильді акцентуация;
4. шизоидті акцентуация;
5. эпилептоидті акцентуация;
6. астеноневротикалық акцентуация;
7. сензитивті акцентуация;
8. демонстративті (истероидті) акцентуация;
9. тұрақсыз акцентуация;
10. комформды тип түрі;
11. аралас акцентуация;
Кемістігі артта қалушы мінез-құлық девиантты деп
аталады (девиация - артта қалу). Егер де балалармен әлеуметтік
ортада жеткіншектер арасында олардың қажеттілігіне,
мүмкіндігіне қарай дұрыс жауап беретін қарым-қатынас орнаса,
бұны дұрыс мінез-құлық дейміз.
Девиациялар девиантты, деликвентті, криминалды
болып бөлінеді. Девиантты мінез-құлықты тәртіпке қарсы десе
де болады. Оған тән сипаттар мыналар: демонстрация, агрессия,
оқудан немесе әрекеттен өз бетімен қашу, үйден жиі кетіп қалу,
қаңғып жүру, ішу, маскүнемдік, ерте нашақорлық және соған
байланысты әрекеттер, жыныстық сипаттағы қоғамға қарсы
қылықтар, өзін-өзі асып өлтіру сияқты әрекеттер.
Деликвентті мінез-құлық заң формаларын бұзатын, бірақ
жас ерекшеліктеріне қарамай қылмыстық жауапкершілікке
тартылуынан көрінетін әрекеттер:
- агрессивті, зорлық қылықтар (ұру, өртеу, садистік
әрекет, негізінен адамға бағытталған әрекеттер);
- майда ұрлық, транспорт алып қашу, зорлық жасау, ақша
сұрау, т.б.;
- есірткілерді сатып-тарату, т.б.;
Деликвентті мінез-құлық жеке деформацияға байланысты
(құндылық бағдарларының бұзылуы, ішкі реттелуінің
әлсізденуі);
Криминалды мінез-құлық заңға қарсы қылықтар деп
есептеледі де, олар белгілі қылмыстық кодекске жауап береді.
Криминалды мінез-құлыққа девиантты және деликвентті мінезқұлық формалары қатысты болады.
Мұндай теріс мінез-құлықтарға түрлі өзара тиісті, өзара
байланысты факторлар әсер етуі мүмкін:
1. Биологиялық факторлар;
2. Психофизиологиялық;
3. Жас ерекшелік және жеке ерекшеліктер;
4. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар;
5. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Пубертатты дағдарыс
Жеткіншектік кезең бала ағзасының қайта құрылуымен
байланысты. Яғни дене мүшелері дамып гормондар бөліп
шығара бастайды. Бойы және салмағы ұлғаяды. Бойы мен
салмақтың өсуі дене пропорциясының өзгеруімен қатар жүреді.
Ең алдымен басы ұлғаяды, кейін аяқ жағы мен қолдары ұзарады.
Осы кезеңде балалар өздерін қолайсыз сезінеді.
Қосалқы жыныстық белгілер пайда бола бастайды.
Ұлдардың дауыстары өзгереді. Қарқынды дамумен қатар жүрек,
өкпе, бас миының қан айналымы өзгерістерге ұшырайды.
Эмоционалды тұрақсыздық жыныстық жетілу процесімен қатар
жүретін сексуалды қозуды күшейтеді. Ұлдардың көбісі бұл
қозудың қайнар көзін түсінеді. Осы кезеңде жыныстық
теңдестірлу жоғарғы деңгейге жетеді. Ағзаның қайта
құрылуының арқасында өзінің сыртқы пішініне қызығушылық
пайда болады. Жаңа физикалық “М ен” қалыптасады.
Психикалық функциялардың дамуы.
Танымдық процестеріне келсек, қабылдауында оқу
материалын көрнекі материалды, түсінуге интеллектуалдығы
қажет болады. Кез-келген жұмыста жеткіншекті ойлауға
итермелеп отыру қажет. Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді
қолдану осы кезеңде қалыптасады. Өзіндік ерекшеліктерді білу
қажеттілігі, өзіне деген қызығу, өзі туралы ойлану - жеткіншек
кезеңінің өзіндік ерекшелігі. өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу,
осы кезең бойында сақталады.
Жеткіншектік жаста теориялық рефлексивті ойлау
дамиды. Бастауыш жасында қалыптасқан операциялар
формальды-логикалық операцияға айналады. Жеткіншек
интеллектуалды тапсырманы шеше отырып гипотеза қоя алады.
Проблеманы шешуде түрлі бағыттарды іздеуге ұмтылады.
Классификация, аналогия, жалпылау сияқты операциялар
дамиды. Теориялық рефлексивті ойлау ерекшеліктері
жеткіншектерге абстарктілі идеяларды талдауға мүмкіндік
береді. Қабылдаудың және естің интеллектуалдылығы дамиды.
Өзіндік сананың ерекше формалары: ересектік сезімі
және “Мен тұжырымдамасы” пайда болады. Ересектік сезіміөзіне ересек адам ретінде қатынаста болу, өзін ересек адам
ретінде сезіну. Ересектік сезімі мінез-құлықтың этикалық
нормасымен тығыз байланысты. “Мен тұжырымдамасы” - өзі
туралы ішкі үйлескен көзқарастардың, бейнелердің
жиынтығы.11-12 жаста өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық
пайда болады, кейін өзін-өзі тану күрделеніп, тереңдетіледі.
Жеткіншек өзінің ішкі әлемін ашады. Жеткіншектік жаста
өзіндік бағалау өзінің деңгейі бойынша төмен және тұрақсыз
болады. Жеткіншек жастағы “Мен” бейнелері әртүрлі.
Физикалық “Мен” өзінің сыртқы көрінісі, тартымдылығы, өзінің
ақылы , әр түрлі салалардағы қабілеті туралы көзқарастарының
жиынтығы біріге отырып, “Мен тұжырымдамасының” -
шынайы “Менін” қалыптастырады. өзін, өзінің түрлі
қасиеттерін тани отырып “Мен тұжырымдамасының ”
когнитивті компоненті қалыптастырылады. Шынайы “менмен”
қатар идеалды “М ен” болады.
Жеткіншектік кезең 11-12, 14-15 жас аралықтарын
қамтиды. Бұл жас кезеңі өтпелі, қиын кезең деп аталады. Бұл
кезде даму ерекшелігі- (дене, ақыл-ой, адамгершілік,
әлеуметтік) балалық шақтан ересектік кезеңге өту. Балада өзінөзі қайта бағалау, барлық жағынан қауырт өсу болғандықтан
қарым-қатынасы, танымдық оқу әрекеттері де өзгереді.
Негізгі даму факторы - жеткіншектің әлеуметтік
белсенділігі. Бала дамуында 2 түрлі жағдай 2 жағынан қарамақарсы әсер жасайды. 1) ересектікке көшуді тежеуші - бала тек
оқумен айналысады, өз бетімен маңызды міндет атқармайды,
ата-аналары баланы көп нәрседен аластатып, қиыншылық
түсірмеуге тырысады; 2) есейтетін фактор: әр жақтан
алынатын хабарлардың ағыны, ата-аналардың көбінесе жұмыста
болып, балаларға көп көңіл бөле алмауы. Осыған байланысты
кейбір жағдайда баланың өзіндік қасиеттерінің өсуі,
акселерация (дене және жыныстық дамудағы секіріс) орын
алады.
Жеткіншектік жаста өмірге деген әртүрлі көзқарас
қалыптасады, осы кезеңде әр адамға тән адамгершілік және
әлеуметтік құрылымдар қалыптасуына негізгі бағыт беріледі.
Ересек өміріндегі қарым-қатынасқа ережелерге, өмірдегі
құндылықтарға көзқарастары қалыптасады.
Балаға қойылатын тілек-талаптар жеткіншек кезеңде
үлкендерге қойылатын талаптармен алмаса бастайды.
Үлкендердің балаға бағытталған құықтары шектеліп өзінің
құқықтары кеңейеді- өзін сыйлауға, жеке адам деп қарауға
ересектермен бірдей орын алуға тырысады. Осыған байланысты
үлкендермен түрлі қайшылықтарға келу пайда болады
(тыңдамау, қарсы тұру), қарым-қатынаста бала арасындағы
қатынастан ересек арасындағы қатынасқа көшу. Бұл жерде
бұрынғы қарым-қатынас сақталуына бірнеше жағдай әсер
етеді:1) жеткіншек қоғамдық тұрғыдан әлі де болса оқушы; 2)
ата-анасына материалдық тұрғыда тәуелді; 3) ересек баланы
бақылап, бағыттап отырады; 4) балаға тән қасиеттердің әлі де
болса сақталуы;
Білім көлемі, тереңдігі жеткіншекті бағалаудың негізгі
критерийіне айналады. Сондықтан да білімді толықтыруға
жалпы мәдениетті көтеруге бағытталған әрекеттер жасалынады.
Жеткіншектік реакциялар
Қызығушылық - жеткіншектің бір ерекшелігі, ол жаңа
қызық мәнді нәрсені қабылдауға ашық даяр болады.
Әуестенулер - дәл осы кезеңде белгілі бір іс-әрекетке
күшті қажеттіліктің болуы. Д.Б.Эльконин бойынша
жеткіншектік кезең оқу іс-әрекетіне өте сензитивті (сезімтал)
кезең. Әдетте әуестену оқу сипатына ие болмайды. Мектептегі
оқумен тек интеллектуалды-эстетикалъщ әуестену
байланысты болуы мүмкін. Олар, сүйікті - тарих, радиотехника,
музыка, сурет сабақтарына деген терең қызығушылықпен
байланысты болуы мүмкін. Дене -мануалды қызығушылық
өзінің күшін нақтылау, шыдамдылық, қандай-да бір мануалды
дағдыны игерумен байланысты. Әуестенудің ең қарапайым түріақпаратты коммуникативті әуестену. Жинақтаушы әуестенуколлекция жинаудан көрінеді.
Құрдастарымен қарым-қатынасы. Құрдастарымен
қарым-қатынас та әуестену сияқты өте эмоционалды болады.
Осы кезеңдегі жетекші іс-әрекет интимді-тұлғалық қарымқатынас.
Достық қарым-қатынаста жеткіншектер өте таңдағыш келеді.
Бірақ олардың ортасы тек достарымен ғана шектелмейді, едәуір
кеңейеді. Осы уақытта көптеген таныстары пайда болады,
формальды емес топтар пайда болады. Жеткіншектер бірбірімен тек ұнату арқылы ғана емес, қызығушылықтары арқылы
топқа бірігуі мүмкін. Топтың даму деңгейін анықтау үшін,
Л.И.Уманский көрсеткен даму критерийлеріне тоқталып
кетейік. Бұл мақсаттың, мотивтің, топ мүшелерінің құндылық
бағдарларының бір болуы, ұйымдастырушы бірлік, белгілі бір
іс-әрекет сферасында топтық дайындық, психологиялық бірлік.
Диффузды топ, дамудың төменгі деңгейіне ие, тек формальды
түрде ғана өмір сүреді, мысал ретінде жаңа мектептегі сыныпты
айтуға болады. Дамыған үлкен топ - ассоциация, ол жалпы
мақсаты және құрылымы бар. Кооперация тобына- мақсат пен
іс-әрекеттің бірлігі тән.
Неғұрлым дамыған топтар - корпорация және ұжым. Олардың
айырмашылығы бағыттылығында. Корпорация үшін басқа топқа
қарсы тұра алатын топтық эгоизм және индивидуалдылық тән.
¥жым неғұрлым кеңпейілді, бұл жерде топтық эгоизм
болмайды. Ұжымда өзара көмектесу және өзара түсінісу
қалыптасқан. Ұжым мүшелерінің эмоционалды бірлігі жағымды
психологиялық атмосфераны құруға мүмкіндік береді.
Ересектермен қарым-қатынасы. Жеткіншектердің атаанасымен қарым-қатынасы олар үшін мәнді сфера болып
табылады. Қарым-қатынасқа түсуде қиындық ата-анасының
баласының мінез-құлқын, оның оқуын, достар таңдауда
араласуынан пайда болады. Отбасындағы тәрбие де
жеткіншектің дамуына үлкен әсер етеді. Отбасылық тәрбиенің
кең таралған түрлеріне тоқталып кетейік.
Демократиялық ата-ана жеткіншектің мінезқұлқындағы дербестілікті және тәртіптілікті бағалайды.
Авторитарлы ата-ана жеткіншектен сөзсіз бағынуды
талап етеді, өздерінің бұйрықтарымен, шектеулерінің себебін
түсіндірмейді.
Гипоопека-бақылаудың болмауы, ата-аналық
қатынастың парықсыз енжар болуы- отбасылық қатынастың
жағымсыз нұсқасы.
Гиперопека- жеткіншекке эмоциялы байланысқа
негізделген, шамадан тыс қамқор болу бұл баланы енжар
болуға, өз бетінше орындай алмаушылыққа алып келеді.
Қиындықтың бір түрі ата-ананың жоғарғы күтімдерінен болады.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас жеткіншек өмірінің маңызды
жағы болып табылады. Ересектермен және құрдастарымен
қарым-қатынаста қажеттілік қанағаттанбаса, онда балада ауыр
күйзелістер пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет