Жетпісбай бекболатұЛЫ


Корпорациялардың баспасөз қызметі. Коммерциялық



Pdf көрінісі
бет35/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

3.3. Корпорациялардың баспасөз қызметі. Коммерциялық 
банктердің қоғаммен байланыс және баспасөз қызметі
 
Ірі  коммерциялық  құрылымдардың,  корпорациялардың  қоғаммен 
байланыс  қызметінің  ауқымы  кеңдігімен,  сондай-ақ    әралуандығымен 
ерекшеленеді.  PR-құрылым    баспасөзбен,  корпорация  акционерлерімен  және 
бөлімшелерімен, 
қаржы 
топтарымен 
және 
жергілікті 
ұйымдармен, 
клиенттермен, жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты жолға қоюы қажет. 
Мұнымен қатар мына төмендегі мәселелермен:
 
Әрбір  кәсіпкерлік  топ  үшін  тұрақты  коммуникациялық  стратегия 
жасаумен;
 
Кәсіпорын  персоналының  түрлі  бөліктерінің  мекемеге  жағымды 
көзқараста болуын қамтамасыз етумен;
 
Акционерлердің 
әлеуметтік-қоғамдық 
мүдделерінің 
кәсіпорын 
мүдделерімен тоғысуын көздейтін күш-жігерді бағыттаумен;
 
Қоғамдық пікірді зерттеумен;
 
Ортақ  іс-қимыл  бағытына  қол  жеткізу  үшін  жарнама,  маркетинг  және 
тауар жылжыту департаменттерімен қоян-қолтық жұмыс істеумен;
 
Кәсіпорын басшылығына кеңесшілік қызмет көрсетумен;
 
Қоғамдық іс-шаралар өткізумен;
 
Конференциялар мен тыңдаулар, симпозиумдар ұйымдастырумен;
 
Лоббилік қызметпен;
 
Өзге ұйымдармен, БАҚ-пен хат-хабар алмасумен;
 
Жылдық есептер түзумен;
 
Нормативтік-құқықтық қызметпен;
 
Қоғаммен  байланыс  жөніндегі  халықаралық  ұйымдармен  ынтымақтаса 
жұмыс істеумен айналысады.
 
Осы келтірілген тізімнен баспасөз қызметі атқаратын іс-шараларды бөліп 
көрсетейік.    Қоғаммен  байланыс  құрылымының  құрамына  ене  отырып, 
баспасөз қызметі:
 
Компания өміріндегі айтулы оқиғаларға немесе саладағы шешімін тосқан 
проблемаларға арналған баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырып, өткізеді;
 


Компанияның  президенті  мен  вице-президенттерінің  интервьюлерін 
ұйымдастырады;
 
Баспасөз релиздерін, ақпараттық материалдарды, құжаттарды таратады;
 
Компанияның  БАҚ  өкілдерімен  байланысын  жолға  қоюға,  ақпараттық 
ашықтықты  арттыруға  жәрдемдесетін  журналистердің  пресс-турларын 
ұйымдастырады;
 
Корпоративтік сайттың жұмысына ақпараттық қолдау көрсетеді;
 
Жұмысты  үйлестіру  үшін  еншілес  компаниялар  мен  аймақтық 
бөлімшелердегі әріптестермен іскерлік байланыстар орнатады. 
 
Кез  келген  бизнес  құрылымы  сияқты,  корпорация  үшін  де  жағымды 
имидж  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Ақпараттық  ашықтыққа,  мөлдірлікке 
(транспаренттікке) ұмтыла отырып, компанияның қызметі, қаржылық жағдайы 
туралы жұртшылыққа барынша толық мәлімет беріп отыру арқылы қоғамдық 
пікір  қалыптастырылады.  Бұл  орайда  дәстүрлі  БАҚ-пен  қатар  корпоративтік 
баспасөз,  теледидар,  радио,  яғни  корпорацияның  төл  ақпарат  құралдары 
қолданылады.  Осындай  құралдардың  бір  түріне  корпорацияның  басылым 
түрінде  жарық  көретін  жылдық  есебі  жатады.  Әдемі  безендіріліп,  жақсы 
қағазға  басылатын  ол  таралымының  аздығына  байланысты  арнайы  тіркеуден 
өтпесе  де,  корпорация  имиджін  қалыптастыратын  құралдардың  бірі  болып 
табылады.    Корпорацияның    жылдық  есебінің  беташарында  әдетте  мынадай 
материалдар беріледі:
 
Төрағаның кіріспе сөзі, клиенттер мен акционерлеріне арнау сөз;
 
Тарихи анықтама;
 
Корпорацияның    капиталы,  оның  акционерлері,  есепті  кезең  ішіндегі 
өзгерістер;
 
Өткен  жылдың  экономикалық  ахуалын  талдау,  корпорация  жүйесінің 
дамуы;
 
Өткен жылдағы корпорацияның мақсаттары, жұмыс қорытындылары;
 
Корпорация кеңесінің құрамы;
 
Корпорацияның басқарма мүшелері;
 
Корпорацияның құрылымы;
 
Корпорацияның негізгі акционерлері.
 
Жылдық  есепті  құрастырып,  оның  мерзімінде  әрі  сапалы  шығуын 
қамтамасыз ету баспасөз қызметінің негізгі атқарымдарының біріне жатады. 
 
Коммерциялық  банктердің  қоғаммен  байланысы  және  баспасөз  қызметі.
  
Банктер  қазіргі  Қазақстан  экономикасында  экспортқа  бағытталған  шикізат 
кешенімен  қатар  түйінді  рөл  атқарады.  Ел  экономикасы  қаржылық  жағынан 
тұрақты  дамығанда  ғана  банктер  толыққанды  қызмет  көрсетіп,  кредит 
ұйымдары  жоғары  рентабельділікке  жете  алады.  Екінші  жағынан,  банктердің 
өздері де жалпы экономикалық ахуалға, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, 
қызмет  көрсету  салаларының  өркендеуіне  елеулі  әсер  етеді.  Кез  келген  елдің 
банк  жүйесінде  оның  элементтері:  түрлі  типтегі  банктер,  банктік  емес 
мекемелер,  банктік  құрылымдар,  банк  бірлестіктері  және  басқалар  жеткілікті 
мөлшерде болады.
 


Құрамдас  бөлік  ретінде  банк  жүйесі  үлкен  жүйеге-елдің  кредит  жүйесіне 
кіреді.  Ал  кредит  жүйесі  болса  елдің  экономикалық  жүйесіне  енеді.  Өзінің 
практикалық  қызметінде  банктер  мен  банк  жүйесі  бюджет-салық  және  басқа 
жүйелермен  тығыз  бірлесе  отырып,  экономикалық  өмірді  реттеу  мен 
басқарудың ортақ тетігіне жымдаса кірігеді.
 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңына сәйкес  ҚР 
Ұлттық  банкі  және  оның  аумақтық  органдары  банк  жүйесінің  жоғарғы 
деңгейін  білдіреді және  елдің  эмиссиялық,  резервтік,  есеп  айырысу,  кассалық 
орталығы болып табылады, норма шығарушылық, бақылаушылық құқыққа ие, 
соңғы инстанциядағы кредитор рөлін атқарады, ақша-кредит, валюта саясатын 
белгілейді.  Оның  қызметінің  басты  мақсаты  пайда  табу  емес,  ақша-кредит 
саясатын өмірге енгізу, елдің кредит жүйесіне басшылық жасау.
 
Ұлттық  банк  мемлекеттік  биліктің  атқарушы  органдарынан  экономикалық 
және саяси тәуелсіздікке ие. Оның қаржылық тәуелсіздігі ұйымдастырушылық 
және 
қаржылық 
қырларында 
көрініс 
табады. 
Ұлттық 
банктің 
ұйымдастырушылық  тәуелсіздігі  оның  мемлекеттік  бюджеттен  жарғылық 
капиталмен,  мүлікпен  қамтамасыз  етілген  және  оларға  иелік  ету,  пайдалану 
және басқару өкілеттігін жүзеге асыратын дербес мемлекеттік орган болуынан 
байқалады.  Ұлттық  банктің  қаржылық  тәуелсіздігі  оның  мемлекет 
міндеттемелеріне  жауап  бермеуінен,  ал  мемлекеттің  оның  міндеттемелеріне 
жауап бермеуінен көрініс табады.
 
ҚР  Ұлттық  банкінің  саяси  тәуелсіздігінің  көрінісі  ретінде  оны  мен  ҚР 
Үкіметі 
арасындағы 
формальды 
байланыстардың 
жоқтығын, 
кадр 
мәселесіндегі тәуелсіздігін атауға болады, заң бойынша ол тек ҚР Президенті 
мен Парламентіне ғана есепті. Оның қызметіне республикалық және жергілікті 
атқарушы органдар араласа алмайды.
 
Өз  құзіретінің  мәселелері  бойынша  ҚР  Ұлттық  банкі  мемлекеттік  биліктің 
орталық органдарына және олардың аумақтық органдарына, жергілікті билікке, 
сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға міндетті нормативтік актілер шығарады.
 
ҚР  Ұлттық  банкі  екінші  деңгейдегі  барлық  банктерге  (Қазақстан  Даму 
банкісінен басқаларға) олардың қызметін реттейтін бірыңғай нормативтер мен 
талаптар белгілейді.
 
Орындайтын  операцияларының  сипатына  қарай  банктер  әмбебап  және 
мамандандырылған болып бөлінеді. Әмбебап банктер банктік операциялардың 
кең  ауқымын  орындайды:  кредит  беру,  депозиттік,  валюталық  және 
инвестициялық  операциялар,  экономиканың  барлық  салаларында  жеке  және 
заңды  тұлғалармен  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысуларды  және  басқа 
дәстүрлі,  сондай-ақ  қазіргі  заманғы  операцияларды  жүргізу.  Қазақстанның 
барлық  екінші  деңгейдегі  коммерциялық  банктері  әмбебап  болып  табылады.  
Банктердің  әмбебаптық  мәртебесі    қызметтерді  әртараптандыру  арқылы 
тәуекелді  кемітеді,  клиенттерге  кешенді  қызмет  көрсетуді  қамтамасыз  етеді 
және  жалпы  алғанда    Қазақстан  экономикасының  қазіргі  сұраныстарына  сай 
келеді, банк жүйесінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет