1. Азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк
беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтердi сот тәртiбiмен терiске шығаруды талап етуге
құқылы.
2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе
iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса,
олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат
алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес
келмейтiндiгi
туралы
адресатқа
мiндеттi
түрде
хабарлануға
тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi.
3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске
шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай
жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол
таратылған жағдайда, сотта қаралады.
4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, адiр-қасиетiне
немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай
мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың
немесе
моральдық
зиянның
орнын
толтыруды
талап
етуге
құқылы.
Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.02.06 N 123-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан
қараңыз) Заңымен.