1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық
қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған
өтiнiштердi қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1)
алып тасталды - ҚР 2009.02.06 N 123-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-
баптан
қараңыз) Заңымен;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де
мiндеттердi
орындауға
мiндеттi.
Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.05.03 N 181
, 2009.02.06. N 123-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.