Практикалық жұмыс 4
«ТЕТІКБӨЛШЕК ӨЛШЕМДЕРІН ШТАНГЕНЦИРКУЛЬМЕН
ӨЛШЕУ»
Мақсаты:
Тексерілетін тетікбөлшектің жарамдылығын анықтау үшін
штангенциркулмен қолдану әдістерін үйрену
Тапсырма:
Штангенциркульдің құрылысымен танысу, штанга мен нониус
шкалалары бойынша өлшеу нәтижелерін тұжырымдау. Тетікбөлшектерді
тексеріп, олардың жарамдылығын анықтау
Материалды-техникалық көрнекілігі:
Штангенциркуль макеті, ШЦ-I-125-
0,1 (ГОСТ 166-89), ШЦ- II-250-630-0,05 (ГОСТ166-89), ШЦ-III-500-0,05
(ГОСТ 166-89), «білік», және жазық беттермен шектелген тетікбөлшектер,
тетіктің сызбасы не эскизі, кестелер
Қысқаша теориялық мәлімет:
Штангенциркуль ШЦ-I-125-0,1-дің өлшеу
диапазоны 0-125мм, бетінде бөлік бағасы 1мм болатын шкаласы бар
штангадан-5, оның бетімен жылжитын бөліктерінің үлесін есептеуге
арналған көмекші шкаласы (нониус) -7 бар рамкадан тұрады. Қарастырып
отырған штангенциркуль нониусының бөлік бағасы 0,1мм. Штангенциркуль
сыртқы беттерді өлшейтін ернеулермен-8 және ішкі беттерді өлшейтін
ернеулермен-1 және қысқыш винтпен-2 жабдықталған.Нониус рамкасына-3
тереңдікөлшегіш сызғышы-6 және жазық серіппе-4 бекітілген. Өлшеу кезінде
милли-метрдің бүтін бөлігін штанга шкаласы бойынша, нониустың нөлдік
сызығына жақын орналасқанының кішісін алып, анықтаймыз. Ал
миллиметрдің ондық үлесін нониус шкаласы бойынша анықтаймыз. Ол
үшін нониус шкаласы бойындағы штрихтардың штанга шкаланың
штрихына сай келгенін алып, бөлік санын штангенциркульдің бөлік
бағасына көбейтеміз. Өлшеу нәтижесін есептеу үшін анықталған
миллиметрдің бүтін бөлігі мен ондық үлесін қосамыз.
1-сурет
Кесте-1 «Білік» бөлшегінің шақтамасы мен шекті өлшемдері
Өлшем, мм
Шақтама, мм
Шекті өлшемдер
ең үлкен
ең кіші
20
+0,3
2-сурет
Кесте-2 Жазық беттермен шектелген тетікбөлшектің шақтамасы мен
шекті өлшемдері
Өлшем, мм
Шақтама, мм
Шекті өлшемдер
ең үлкен
ең кіші
25
+0,3
38
+0,1
50
+0,2
18
-0,1
40
-0,3
Тапсырма
1-суретті қолдана отырып штангенциркуль эскизін түсіру. Негізгі
элементтерін сандармен белгілеп, атауларын көрсету. 2-сурет қолданып
тетікбөлшектің эскизін сызу, Кесте бойынша өлшеу нәтижелерін
салыстырып, тетіктің жарамдылығын анықтау және өлшеу нәтижулерін
кесте түрінде дәптерге түсіру.
Өлшем, мм
Нақты өлшем, мм
Қорытынды
20
+0,3
20,1
17,9
25
+0,3
25,4
38
+0,1
38.1
50
+0,2
49,9
18
-0,1
18,0
40
-0,3
39,7
Достарыңызбен бөлісу: