Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет4/16
Дата12.10.2022
өлшемі180,31 Kb.
#152693
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
СОр Қазақ тілі Т2 орыс сынып 5-сынып

_____________________


Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:

  • Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? - деді.

  • Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл.

  • Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, - дейді түлкі.

  • Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - деді қырғауыл.

  • Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.

  • Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл.

Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.

  • Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл.

  • Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан естілді.



2-тапсырма Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.

Кейіпкер


Әрекеті

Түлкі

Орман ішінде жүріп келе жатады.

Жерге түсіп сөйлесуге қорқады.

Қырғауыл

Жан-жағына қарамастан қашып кетті.

Бұйрықты естіп қуанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет