• Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Тілдік нормаларды сақтай отырып, ойын
жеткізеді
жүйелі
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.
Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер шарының төрттен үш бөлігін су алып
жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде атмосферада да болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі.
Су барлық тірі ағзаның құрамында бар. Адамның, өсімдіктер мен жануарлар денесінің белгілі бір бөлігі судан тұрады.
Су – негізгі тіршілік көзі. Сусыз тіршілік жоқ . «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.
Тірек сөздер: ________________________________________________________
Cұрақтарға жауап бер
.
Су жер шарының қандай бөлігін алып жатыр?
үштен бір бөлігін
үштен екі бөлігін
төрттен бір бөлігін
төрттен үш бөлігін
Су табиғатта қалай таралған?
2-тапсырма
Суды неліктен «тіршілік көзі» деп санайды? Судың тіршілік үшін маңызы туралы әңгімеле.
41