Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Оқылым
Жазылым
2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі
ойын анықтау
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы
мен іс-әрекетін бағалау
2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге
бөліп, жоспар құру
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбы
мен негізгі ойын анықтайды
Кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады
Мәтінге жоспар құрады
Қолдану
20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқы.
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі -бері тепті. Біраздан кейін
ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды.
Қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда
допты әрең тауып алды. Сыртқа шыға бергенде бұрышта тұрған шелекті қағып кетті.
Ішіндегі сүт төгіліп қалды.
Ораз не істерін білмей тұрып қалды.
- Қорықпа, сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз, - деді Асқар.
- Жоқ. Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін, - деді Ораз.
1) Мәтінге ат қой _________________________________________
2) Мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келетін мақалды анықта.
А) Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
В) Күлме досыңа, келер басыңа.
С) Ойыннан өрт шығады.
D) Қолмен істегенді мойныңмен көтер.
2. Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнамады? Неліктен? Сөйлемді толықтырып жаз.
Маған____________________________________________________,
себебі ________________________________________________________________ .
3. Берілген сұрақтарға сүйене отырып, мәтінге жоспар құр.
Мәтіннің бөліктері
|
Сұрақтар
|
Жоспар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басы
|
Оқиға неден басталды?
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ортасы
|
Ары қарай не болды?
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Соңы
|
Оқиға немен аяқталды?
|
3.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|