Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия



бет4/19
Дата14.03.2023
өлшемі240,92 Kb.
#172362
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар Химия

Балл қою кестесі



Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескрипторлар

Балл

Электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын жазады және мысалдар келтіреді.

1

Электролит анықтамасын жазады және 2 мысал келтіреді.

1

Бейэлектролит анықтамасын жазады және 2 мысал келтіреді.

1

Электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын көрсетеді.



2

Электролиттік диссоциациялану теориясының дұрыс тұжырымдарын көрсетеді.

3

Қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазады.

3

HBr–ң электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазады.

1

Ca(OH)2-ң электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазады.

1

NaHSO4-ң электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазады.

1

H3PO4-ң электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазады.

1

Күшті және әлсіз электролиттерге мысалдар келтіреді және оларды ажыратады, диссоциациялану дәрежесін анықтайды.

4

Күшті электролитке екі мысал келтіреді.

1

Әлсіз электролитке екі мысал келтіреді.

1

Электролиттік диссоциациялану дәрежесін анықтайды.

1

Күшті не әлсіз электролит екенін анықтайды.

1

Алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазады.

5

Берілген заттар арасындағы молекулалық теңдеуді жазады.

1

Берілген заттар арасындағы иондық теңдеуді жазады.

1

Барлығы

15


«Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау







Оқу мақсаты

9.4.1.8 - Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау
9.2.3.1 – әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы:




● Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізеді және сипаттайды
● Әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану







Орындау уақыты

20 минут



Тапсырма
1. Шыны таяқшаны біраз уақыт тұз қышқылы ерітіндісінде ұстап, оны литий тұзына батырып спирт шамы жалынына ұстаңыздар. Дәл осылай әртүрлі катиондардың әсерінен жалын түсінің боялуын анықтаңыз.



Катион

Жалын түсі

1

Li+




2




Сары

3

K+




4




Кірпіш қызыл

5

Ba2+




6




Шымқай қызыл

[6]
2. Массасы 14 г темірді 22,4 л хлормен (қ.ж) әрекеттестіргенде түзілетін темір (ІІІ) хлоридінің массасын есептеңіз.
Реакция теңдеуі:

Қай заттың артық мөлшерде алынғанын анықтау:


Массаны анықтау:


[3]
Балл қою кестесі





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Ескерту

Білім алушы

Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізеді және сипаттайды

1



Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізеді және сипаттайды.

6

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізеді

2

Реакция теңдеуін жазады.

1




Қай заттың артық мөлшерде алынғанын анықтайды.

1

Темір (ІІІ) хлоридінің массасын анықтайды.

1

Барлығы

9





«Химиялық реакциялар жылдамдығы» және «Қайтымды реакциялар»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау







Оқу мақсаты

9.3.2.2 – реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
9.3.3.2 – тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы:




● реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтайды және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді
● тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттайды және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Берілген химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.

Химиялық реакция

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін фактор

Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндірмесі

Магний мен темірдің күкірт қышқылымен әрекеттесуі







Көмірдің ауада және оттекте жануы







Темірдің ыстық және салқын тұз қышқылымен әрекеттесуі







[6]
2. Берілген қайтымды реакцияларға төмендегі факторлардың тепе-теңдікке әсерін анықтаңыз.

Хиимялық реакция

Температураның жоғарылауы

Қысымның артуы

Реагенттер концентрациясының артуы

CO(г) + 2H2 (г) ↔ CH3OH(г) + Q










2CO + O2 (г) ↔ 2CO2 (г) + Q










2SO3 (г) ↔ 2SO2(г)+ O2(г)- Q










CH4(г)↔ C (қ)+ 2H2(г)- Q










[4]
Балл қою кестесі



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Ескерту

Білім алушы

Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтайды және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді

1

Магний мен темірдің күкірт қышқылымен әрекеттесуі реакциясының жылдамдығына әсер ететін факторды анықтайды және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

2






Көмірдің ауада және оттекте жану реакциясының жылдамдығына әсер ететін факторды анықтайды және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

2




Темірдің ыстық және салқын тұз қышқылымен әрекеттесуі реакциясының жылдамдығына әсер ететін факторды анықтайды және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

2




Тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттайды және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжайды

2

1-реакция үшін тепе-теңдіктің ығысуын болжайды

1




2-реакция үшін тепе-теңдіктің ығысуын болжайды

1




3-реакция үшін тепе-теңдіктің ығысуын болжайды

1




4-реакция үшін тепе-теңдіктің ығысуын болжайды

1




Барлығы

10





«Тотығу-тотықсыздану» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
1-нұсқа

Оқу мақсаты

9.2.2.3 – тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану
9.2.2.5 – тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
9.2.2.7 – электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою

Бағалаукритерийі

Білім алушы
● тотығу дәрежесін анықтайды
● тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар ретінде көрсетеді
● электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындалу уақыты

20 минут


1-нұсқа
Тапсырма

1. Келесі қосылыстардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңыз.


1) H2SO4 _____________________________________________________________
2) Ca(NO3)2 ___________________________________________________________
[2]
2. a) Келтірілген реакциялардың ішінен тотығу-тотықсыздану реакциясын көрсетіңіз:
А) BaO + SO2 → BaSO3
В) Zn + 2HCl → ZnCl2 + H2
С) CaCO3 + SiO2 → CaSiO3 + CO2
Д) NaCl + AgNO3 → NaNO3 + AgCl
Е) CuSO4 + 2KOH → Cu(OH)2 + K2SO4
[1]
b) Таңдап алған жауабыңыздың тотығу-тотықсыздану реакциясы болуының себебін түсіндіріңіз.




[1]

3. Берілген реакцияларды электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз.


А. Cu+HNO3= Cu(NO3)2+ NO2+H2O
Б) NH3 + O2 → NO + H2O
1)Әр элементтің тотығу дәрежесін жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]

2) Жартылай реакция жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
3) Ортақ еселігін табыңыз.
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
[2]
4) Коэффициенттерді қойып, реакция теңдеуін теңестіріңіз.

[2]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет