Жиынтық бағалауға



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.10.2019
өлшемі289,16 Kb.
#50612
  1   2   3
Байланысты:
Қазақ тілі сор
кезекшілік кестелері — копия, Ағылшын сор и соч, Автоматизированная информационная система «Махамбет» — Поиск расписания, Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1)

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жиынтық бағалауға арналған 

әдістемелік ұсыныстар 

 

 



Қазақ тілі 

(оқыту қазақ тілінде) 

 

 



7-

сынып 

Әдістемелік  ұсыныстар  мұғалімге,  7-сынып  білім  алушыларына  «Қазақ  тіліі»  пәні 

бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде 

құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні 

бойынша  оқу  бағдарламасы  (орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясындағы)  мен  оқу 

жоспарының негізінде дайындалған. 

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім 

алушылардың  тоқсан  бойынша  жоспарланған  оқу  мақсаттарына  жету  деңгейін  анықтауға 

мүмкіндік береді. 

Әдістемелік  ұсыныстарда  бөлім  /  ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалауды 

өткізуге  арналған  бағалау  критерийлері  мен  дескрипторлары  бар  тапсырмалар  ұсынылған. 

Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) 

сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

Әдістемелік  ұсыныстар  мұғалімдерге,  мектеп  әкімшілігіне,  білім  беру  бөлімінің 

әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа 

да мүдделі тұлғаларға арналған. 

 

 



Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді 

ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



Мазмұны 

 

1-



ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ...................... 4 

«

Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау................................... 4 



«

Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау..... 7 

2-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .................... 11 



«

Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................... 11 

«

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау................. 14 



3-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .................... 18 

«

Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ..................................... 18 



«

Қазақстандағы  ұлттар  достастығы»,  «Дұрыс  тамақтану.  Гендік  өзгеріске  ұшыраған  тағамдар» 

бөлімдері бойынша жиынтық бағалау................................................................................................ 21 

4-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .................... 24 



«

Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі  бойынша жиынтық бағалау......................................... 24 

«

Ғылыми фантастика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............................................................. 27 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





1-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 

 

«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

 

Оқу мақсаты 

 

 



 

Бағалау критерийі 

 

 



 

 

 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Орындау уақыты 

7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен 

деректер келтіре отырып, дәлелді  жауап беру, өз жауабын 

өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 

 

Білім алушы 

฀

Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді 



жауап береді 

฀

Өз  жауабын  өзгелердің  жауабымен  салыстырып, 



талқылайды 

 

Жоғары деңгей дағдылары 



 

 

15-20 



минут 

 

Тапсырма 



Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздерді қатыстыра 

отырып,  2  проблемалық  сұрақ  құрастырыңыз.  Сұрақтарыңызды  жұбыңызбен 

алмастырыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап 

беріңіз. Өзгенің жауабын өз болжам жауабыңызбен салыстырыңыз.  Келісу, келіспеу 

себептерін талқылаңыз. 

 

Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен 



алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. 

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым 

қалыптасқан. Жерді  өз  Анасындай, Анасын  Күндей  қастерлеу -  Ата  қостаған  салтымыз. 

«

Жер  шоқтығы  –  Көкшетау»,  «Жер  жаннаты  –  Жетісу»  деп,  бабаларымыз  туған  жерге, 



табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. 

Сондықтан  орман-тоғайларды  сақтап,  қоршаған  ортаның,  өзен  мен  көлдердің 

ластанбауына  ерекше  мән  берген.  «Су  ішкен  құдығыңа  түкірме»,  «Бұлақ  көрсең,  көзін 

аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. 

Табиғатта  үздіксіз  өзгерістер  болып  жатады.  Мысалы,  жанартаудың  атқылауы, 

найзағайдың  жарқылы,  судың  мұзға  айналуы  сияқты  құбылыстар  табиғаттағы 

өзгерістерді  көрсетеді.  Аспан  денелерінің  қозғалысы,  гүлдердің  шешек  атуы,  ағаштың 

жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы 

да  қоршаған  ортадағы  өзгерістер.  Әлемде  орын  алатын  сан  алуан  өзгерістер  табиғат 

құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды 

физика,  астрономия,  география,  геология,  биология,  химия  сияқты  ғылымдар  зерттейді. 

Әр  ғылымның  табиғатты  зерттеуде  өз  мақсаты  мен  міндеті  бар.  Мысалы,  физика, 

негізінен,  механикалық  қозғалысты,  жылу,  электр,  жарық  құбылыстарын  зерттейді. 

Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады. 

Астрономия  ғылымы  физика  заңдарына  сүйеніп,  бақылайтын  аспан  денелері  мен 

құбылыстарының  табиғатын  түсіндіреді.  Олардың  қасиеттері  мен  көрінісін  ұғындыруға, 

құбылыстардың  себеп-салдарын  ашуға  тырысады.  Мысалы,  физика  мен  астрономияға 

ортақ  құбылыстар  –  күн  мен  түннің  ауысуын  және  Күннің  тұтылуын  қарастырайық. 

Жарық  күн  мен  қараңғы  түннің  алма-кезек  ауысуының  себебі  Жердің  өз  осінің 

төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық 

бір  айналып  шығады. Жердің  айналуы  барысында  оның  Күн  сәулесі  түскен  беті  жарық 

 

 





болады  да,  ал  қарсы  көлеңке  бетін  түн  басады.  Сөйтіп  күн  мен  түн  үнемі  алмасып 

отырады. 

lektsii.com/12-34114.htm 

 

 



 

Бағалау  критерийі 

 

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

 

Проблемалық 



сұрақтарға деректер 

арқылы дәлелді 

жауап береді. 

негізгі тірек сөздерді анықтайды; 



екі проблемалық сұрақ құрастырады; 

сұрақтарына деректер келтіре отырып

дәлелді жауап береді. 



Өзгелердің 

жауабымен 

салыстырады. 

өзгенің жауабын өз жауабымен 

салыстырады; 

келісу, келіспеу себептерін талқылайды. 

 



Барлығы 


 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты 

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 

 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________ 

 

 

Бағалау критерийі 



Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орташа 

Жоғары 

Проблемалық сұрақтарға 

деректер арқылы дәлелді 

жауап береді. 

Негізгі тірек сөздерді 

анықтауда, проблемалық сұрақ 

құрастыруда, сұрақтарға 

деректер келтіре отырып, 

дәлелді жауап беруде қиналады. 

Негізгі тірек сөздерді анықтауда

проблемалық сұрақ құрастыруда, 

сұрақтарға деректер келтіре 

отырып, дәлелді жауап беруде 

қателеседі. 

Негізгі тірек сөздерді 

анықтайды, проблемалық 

сұрақтар  құрастырады, 

сұрақтарға деректер келтіре 

отырып, дәлелді жауап береді. 

Өзгелердің жауабымен 

салыстырады. 

Өзгенің жауабын өз жауабымен 

салыстыру,  келісу, келіспеу 

себептерін талқылау қиындық 

туғызады. 

Өзгенің жауабын өз жауабымен 

салыстыру,  келісу, келіспеу 

себептерін талқылауда қателіктер 

жібереді. 

Өзгенің жауабын өз жауабымен 

салыстырады, келісу, келіспеу 

себептерін талқылайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



«

Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық 

бағалау 

 

Оқу мақсаты 

 

 

 



 

 

 



Бағалау критерийі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Орындау уақыты 

7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін 

қолданылған тілдік құралдар  арқылы тану 

7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай 

көркемдегіш құралдарды орынды  қолдана отырып, шағын 

мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 

 

Білім алушы 

฀

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін 



ажыратады 

฀

Тілдік құралдарды ажыратады 



฀

Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып 

жазады 

฀ 


Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік 

ерекшелігіне сай қолданады 

 

Білу және түсіну 



Қолдану 

 

15-20 



минут 

 

Тапсырма 



Мәтінді  мұқият  оқып,  төменде  берілген  кестені  үлгі  ретінде  пайдаланып,  өзіндік 

талдау жасаңыз. 

 

Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері 

Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия  даласында  скиф- 

сақ  тайпалар  одағы  өмір  сүрді.  Ұшы-қиыры  жоқ  кең  даланы  игеріп,  әртүрлі 

патшалықтар  бірлестіктерін  құрып,  күшті  жауынгер  елге  айналды.  Оларды 

батыстағылар  (гректер)  скифтер  десе,  парсылықтар  (Иран,  парсы  патшалықтары) 

сақтар  деп  атады.  Бірақ  та  осы  екі  атау  да  Еуразия  даласын  жайлаған  халықтардың 

ортақ  аты  еді.  Скиф,  сақ  тарихын  тілге  тиек  етіп,  тереңірек  үңілетін  болсақ,  оларды 

құрайтын  бірнеше  тайпалар  көне  жазба  шежірелерде  жиі  кездесетінін  көреміз, 

сарматтар,  дайлар,  аландар,  массагеттер,  үйсіндер.  Кезінде  осы  тайпалар  бірлестіктері 

Қазақстан  территориясын  жайлаған,  қазақ  халқының  арғы  ата-бабалары  болып 

табылады.  Бұлардың  ішінде,  әсіресе,  массагеттер,  аландар,  үйсіндер  туралы  тарихи 

деректер  көбінесе  Иран,  парсы,  грек  жазбаларында  біршама  кездеседі.  Ал  аландар 

туралы  көне  қытай  жылнамаларында  дәйекті  де  айшықты  жазылған.  Ең  бір  көне 

деректер ежелгі парсылардың діни кітабы – Авестада көрініс береді. 

Сонымен  бірге  дайлармен  бірге  Иранның  шығысында  орын  тепкен  көшпелі  тайпа 

«

тұрларды» да атап өтеді. Ал осы «тұрларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын 



айтсақ, кітаптан түркі тектес халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата-

бабаларының  географиялық  жайлап  жатқан  аймағын  танып  білеміз.  Массагеттер  мен 

тұрлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы 

атанған Геродот та жазып кеткен. 

Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі 

массагеттер,  аландар  болды.  Олар  әрдайым  көрші  патшалықтармен  қарым-қатынаста 

болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, 

ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық 

жасаған.  Жаулардың  ешқайсысына  да  берілмей,  қайта  өздеріне  айықпас  соққы  беріп 

отырған.  Скифтердің  әйелдері  де  батыр,  қайсарлықтарымен  тарихта  өз  аттарын 

 



қалдырып отырды. 

Соның  бірі,  әйгілі  әйел  патша  –  Томирис.  Массагеттер  патшасы  Томирис  өз 

кезегінде  ешкім  тоқтата  алмаған  парсы  патшасы  Кирге  қатты  соққы  беріп,  әскерін 

талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот өзінің әйгілі «Тарих» 

шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынадай дәйекті келтіреді: «Парсыларды жеңгеннен 

кейін  массагеттер  падишасы  Томирис  торсыққа  толтырып  қан  құйғызып:  «Сен  қанға 

құмартып едің, енді шөлің қансын!» - деп, оған Кирдің басын салдырған. 

kitaphana.kz 

 

Тақырыбы 



Мәтін не туралы екенін жазыңыз. 

Көзделген аудитория 

Мектеп оқушылары 

Жалпы оқырмандар 

Мақсаты 

 

Автор бұл мәтінді жазғанда қандай мақсатты көздеп отыр? 



Стилі 

Ресми тілді қолданып отыр, демек .... 

Тілі 

Лексика 


ғылыми, ресми лексикасы — терминдер 

кейбір жерде бағалау 

Ұсыныстары 

күрделі сөйлемдердің басымдылығы 

жазбаша тілдің сипаттамасы ретінде есімшелі тіркестері 

Мәтін 


анық құрылымы бар мәтін 

мәтін бөлімдерге бөлінген, әрбір бөлім өз идеясын дамытады 

мәтін логикамен құрылған, бірақ, кіріспесі болмауы мүмкін 

 

«Адамның денсаулығы  қоғам байлығы»  тақырыбында кеңес бере отырып, 



шағын мақала жазыңыз. Сөз саны 50-60. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



 

Бағалау  критерийі 

 

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Публицистикалық және 

ресми стиль 

ерекшеліктерін 

ажыратады. 

мәтіннің тақырыбын, көзделген 



аудиториясын, мақсатын жазады; 

мәтіннің стилін анықтап, дәлелдейді





Тілдік құралдарды 

ажыратады. 

мәтіндегі сандық мәліметтерді табады; 

жалпы, жалқы есімдерді ажыратады; 



ресми лексиканы табады; 

Шағын мақала, 



нұсқаулық, әңгіме 

құрастырып жазады. 

оқырманға кеңес береді; 



шағын мақала жазады; 



Көркемдегіш 

құралдарды мәтіннің 

стильдік ерекшелігіне 

сай қолданады. 

көркемдегіш құралдарды 



қолданады. 

Барлығы 



10 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





«Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық   зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты 

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 

 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________ 

 

 

Бағалау критерийі 



Оқу  жетістігі деңгейі 

Жоғары 

Орта 

Төмен 

Публицистикалық және 

ресми стиль 

ерекшеліктерін біледі 

Мәтіннің тақырыбын, көзделген 

аудиториясын, мақсатын 

мәтіннің стилін анықтап, 

дәлелдеуде қиналады. 

Мәтіннің тақырыбын, көзделген 

аудиториясын, мақсатын 

мәтіннің стилін анықтап, 

дәлелдеуде қателеседі. 

Мәтіннің тақырыбын, көзделген 

аудиториясын, мақсатын жазады, 

мәтіннің стилін анықтап, 

дәлелдейді. 

Тілдік құралдарды ажырата 

алады 


Мәтіндегі сандық мәліметтерді, 

жалпы, жалқы есімдерді, 

ресми лексиканы табу қиындық 

туғызады. 

Мәтіндегі сандық мәліметтерді, 

жалпы, жалқы есімдерді, 

ресми лексиканы табуда  қателеседі. 

Мәтіндегі сандық мәліметтерді 

табады, жалпы, жалқы есімдерді 

ажыратады, ресми лексиканы таба 

алады. 

Шағын мақала, нұсқаулық, 



әңгіме құрастырып жазады 

Мақала жазуда оқырманға кеңес 

беруге қиналады. 

Мақала жазуда оқырманға кеңес 

беруде қателеседі. 

Оқырманға кеңес береді, шағын 

мақала жазады. 

Көркемдегіш құралдарды 

мәтіннің стильдік 

ерекшелігіне сай 

қолданады 

Көркемдегіш құралдарды қолдану 

қиындық туғызады. 

Көркемдегіш құралдарды 

қолдануда  қателеседі. 

Көркемдегіш құралдарды 

қолданады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

10 



 

2-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 

 

«Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

 

Оқу мақсаты 

 

 



 

 

 



Бағалау критерийі 

 

 



 

 

 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Орындау уақыты 

7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған 

ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 

7.ӘТН3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды 

мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану 

 

Білім алушы 

฀

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады 



฀

Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік 

ерекшеліктерін ажыратады 

฀

Сөйлемде тиімді қолданады 



 

Білу және түсіну 

Қолдану 

 

15-20 



минут 

 

1-



тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша 

ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз. 

 

Екі дос 

Ертеде,  ел  арасында  жаугершілік  жиі  болған  кезде  қазақтың  екі  жауынгері  төс 

қағысып, дос болады. 

Бірде  әскерлер  бір  өзеннің  бойына  шатыр  тігіп  дамылдайды.  Сонда  тұтқиылдан 

жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға 

түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. 

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр 

күздің  қара  суығын  елеместен  өзенді  малтып  өтіп,  жау  жатқан  жағаға  келеді.  Анталаған 

жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. 

Алып барған соң, ол жаудың қолбасына: 

Мен  қолдарыңа  түскен  бір  жауынгерге  құн  төлеп,  сатып  алуға  келдім.  Менің  оған 



айырбасқа  берер  мал-мүлкім  жоқ.  Бір-ақ  нәрсе  беремін.  Ол  -  өзімнің  өмірім.  Досымды 

босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді. 

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: 

Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін 



ғана берсең болды, - дейді. 

Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт. 



Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. 

Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей 



өтеді. 

Әлгі  жауынгер  тұтқыннан  босанған  досының  иығына  қолын  артып,  зағип  күйі  қуана 

күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:  «Мұндай ерлері бар халықты 

тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға 

соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. 

 

 



 

 

 



11 

Негізгі ақпарат 

Қосымша ақпарат 

Көзқарас 

 

1. 



 

 

2. 



 

 

 



3. 

 

1. 



 

 

2. 



 

 

 



3. 

 

1. 



 

 

2. 



 

 

 



3. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет