Жиырма төртінші сөЗ



Дата18.12.2021
өлшемі13,98 Kb.
#103124
Байланысты:
24соз


ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СӨЗ

Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?



Менің ойым:

Ұлы ақын бұл сөзінде халқымыздың бірін-бірі аңдуы, көре алмауы, ұрлық, өсекке жақын болуы жайында айтады. Осылай жалғаса берсе әлемдегі халықтар тізімінің ең соңында боламыз деген. Шынымен, кейде болады біреудің баласы көлік алса, оқуға түссе оны көре алмайтындар бар. Айтады – “Ой таныс арқылы ғой”, “ол ондайды ала алмайды, мүмкін емес” және тағы басқа пікірлерін айтады. Бұл дұрыс емес. Оның орнына сол адамды барып құттықтайық, бізге де жұғысты болсын дейік. Ислам дінде айтылады әрдайым жақсы ойда бол деп. Сол үшін кім не істеп қойсада ол жайында жақсы ойда болған дұрыс, себебі оның өзінің сіз білмей тұрған себептері болуы мүмкін. Тағы айтатын жайыт – жұрттың баласы. Бізде қазақта болады – анау жұрттың балаларын қарашы деген. Ол да дұрыс емес деп санаймын. Абай атамыздың бұл қара сөзде жеткізгенін мен осылай түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет