Жіктемесі Клиникалық жіктелуі: Целиакия жіктелуі, балалар гастроэнтерологтары XI съезінде қабылданған (Мәскеу, 2004) [2,16, 19]: Түрлері



бет1/11
Дата14.05.2024
өлшемі64,91 Kb.
#202190
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Целиакия


Целиакия (глютенді ауру, глютенді энтеропатия, тропикалық емес спру, Ги–Гертер–Гейбнер ауруы) – глютенді көтере алмаушылық себебінен, жіңішке ішектің шырышты қабатының атрофиясымен, айқын мальабсорбция синдромымен көрінетін созылмалы генетико-детерминатты ауру [2,3].
 
Жіктемесі

Клиникалық жіктелуі:
Целиакия жіктелуі, балалар гастроэнтерологтары XI съезінде қабылданған (Мәскеу, 2004) [2,16, 19]:

Түрлері:
• типті;
• атипиялыі (аз симптомды);
• жасырын (латентті).

Кезеңдері:
• белсенді (клиникалық манифестация);
• ремиссиялар;

Негізгі диагностикалық шаралар

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер: [16]:
• бағалау кестесі бойынша қауіп-қатер тобындағы балаларды таңдау; 
• қарау (антропометрия, іш айналымы, 10 жастан асқан балаларда жыныстық жетілуін бағалау);
• ЖҚТ;
• қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, глюкоза, сарысулық темір, калий, натрий, кальций, фосфор);
• нәжісті зерттеу (копрограмма);
• иммунохроматографиялық әдіс арқылы капиллярлық қанды целиакияға зерттейтін экспресс-диагностика [13].

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
• нәжісті дисбактериозға бактериологиялық зерттеу;
• іш қуысы ағзаларының УДЗ.

Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі:
• ЖҚТ;
• патогенді және шартты-патогенді микрофлораға бактериологиялық зерттеу;
• перианальды қырындыны зерттеу.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық зерттеулер жүргізіледі):
• ЖҚТ;
• ЖЗТ;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы Ig A (жалпы) анықтау;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы Ig A (жалпы) целиакияға анықтау;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы Ig G (жалпы) целиакияға анықтау;
• ЖІШҚ ФЭГДС биоптат алумен ( 3 фрагменттен кем емес);
• Электронды микроскопия әдісімен гистологиялық материалды зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет