Жыл мезгілдері. Көктем. Көктем. Өтепберген Ақыпбеков



Дата07.11.2016
өлшемі492,18 Kb.
#1250
Жыл мезгілдері.

Көктем.
Көктем.

Өтепберген Ақыпбеков.

Үстін жасыл түк басып,

Көктем келді нық басып.

Тоғандарға тығылып,

Кетті лезде қыс қашып.


Наурыз.

Қастек Баянбай.
Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.

Сәскеде жаз,

Түнде қыс

Секілді екен наурыз.
Төлдеп жатыр маламыз,

Қазан толы сары уыз.

Сүт көп те,

Көмір аз


Болады ғой наурыз.
Жайдарымыз бәріміз,

Дастарқанда дәміміз.

Көжесі көп,

Қыры көк


Қандай жақсы наурыз!


Наурызгүл.

Ел аузынан жинаған Серік Байшуақұлы.

... Ертеректе Қаратау өңірінде бағы асып, дәулеті тасыған жылқылы бай өтіпті. Сол төрт құбыласы түгел мырзаның жалғыз қызы ұзатылуға санаулы күн қалғанда мұрттай ұшып, ұшына ауырады. Қолы ұзын, қалтасы қалың, уәлі ауызды адамға не тұрады, ат тұяғы жететін жерден бақсы – балгер, емші – тәуіп, апталап, айлап қаратады. Бірақ ештеңеден тапшылық та, таршылық та көрмей бұла болып өскен қыздың дертіне дауа,табалмайды.

Бұл мезгілде қырын келген қыс қайтып, мұз бұзылып, қар еріп, көктем иісі бұрқырап біліне бастайды. Күннің осы жылт еткенін қапы жібермейтін байдың жылқышылары малды таудың еңіс етегіне түсіріп, өздері кір – қоңын жудыруға үйлеріне келеді. Жылқышылар арасында « бай болып көрмеген, кедей болып өлмеген» наһан намысты, кеудесін ешкімге бастырмайтын еті тірі сері жігіт болыпты. Байдың ерке қызы « ердің кебенек ішінен танып», әкесінің осы жылқышысын көптен ұнатып жұреді. Бірақ « қызға қырық үйден тыюдың» дәуірлеген шағында әдептен озбай, іш – құсадан дерті меңдей түседі. Дауасыз дерттің неден екенін қапысыз білетін жігіт таудан етекке түсерде кез келгеннің қолы жете бермейтін, мұзарт шыңында өсетін наурызгүлдің бір уысын ала келіп, есебін тауып, ардақ тұтқан аруына ұсынады. Жігіттің жүрек сәлемі дер кезінде, дәл мезгілінде тиеді.Ешнәрсеге зауқы соқпай, мең - зең күйде жатқан қыз қасат қарды жарып шыққан қайсар гүлді көріп, басын жастықтан жұлып алып. Ол ештеңеге елең етпей, дүниенің бәрін ұмытып, екі көзін гүлге қадап: « О, айналайын сенен, қадірім де қасиетім, сарғайтып, сағындырған Наурызгүлім, жанымның шипасы», - деп емірене иіскеп, кеудесіне құшырлана қыса беріпті...

Сырқат қыздың сол күннен бастап беті бері қарайды. Тазалық пен пәктілік, төзімділік пен қайсарлық тал бойына дарып,жинақталған осы асыл өсімдіктің емдік дәруінен бай қызы сауығып, әрі « ел мақтаған жігітке» көңіл толып, ауруынан айыққан екен дейді көнеден қалған аңыз.

Наурызгүлдің ерте көктемгі қара суық пен ызғардан ықпай бой көрсетіп, бүршік жаруы – нағыз қайсарлықтың дәп өзі деуге болады.Ол жылыжайдың гүліндей нәуетек емес, бекем де төзімді, ширақ та шыдамды, оған қоса Наурыз нышандарын бойына жинақтаған өзгеше өсімдік.


Жұлдыз - айлар.

Қазақ халқы құрала бастағаннан бері айлардың төрт жүйесі қолданылған. Олар: тоғыс, зодиак, азаматтық және араб айлары. Байырғы қазақ күнтізбесіндегі зодиак айлары, яғни жұлдыз – айлар төмендігідей:
Хамал – наурыз Ақырап - қазан

Сәуір – көкек Қауыс - қараша

Зауза – мамыр Жәди - желтоқсан

Саратан – маусым Дәлу - қаңтар

Әсет – шілде Хұт - ақпан

Сүмбіле – тамыз

Мизам – қыркүйек

Көктем лебі.

Ермахан Шайхыұлы.

Көктем күннің самал желі,

Қыр гүлдерін тербетті.

Жылықтың шаттық лебі,

Жүректерге күй төкті.
Адамзаттың жүзі жарқын,

Келген көтем күніндей.

Арман бар ма достар шалқып,

Өмір сүрсек бүгіндей.




Сәлем - сөздің анасы.

Балғожа Атығайұлы.
Ұлтық тәрбиесі әліппесі сәлемдесуден басталады. Салям – салям ( салам) арабша – мұсылманның « ассаляму лейкум» ( саған тыныштық тілеймін) деген сәлемінен шыққан тыныштық пен сәттілік тілегі. Бұған алейкум ас-салям ( сізге де тыныштық тілеймін), немесе бұдан да толығырақ

« ва алейкум ас-салям рахмат-уллахи ва баракатуху ( сізге де тыныштық болсын Алланың рахымы түсіп, береке берсін) деп жауап қайтару қажет.

Қазір сәлемдесудің түрлері көп, бірақ « Ассалаумағалейкум!» -ге жетері жоқ.

Әкеміз: « Үлкен кісіні көрсең, оны танысаң да, танымасаң да алдымен сәлем бер», -деп отыратын.

«Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бергенде үлкен кісілердің жүздері жарқырап: « Шырағым, кімнің баласысың?» деп сұрар еді.

Халықтық педагогика: « Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен танимын?», « Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені», « Сәлемің түзу болмай, ісің түзу болмайды», « Сәлем бермеу мен сәлемді алмау – күнәнің ауры» деп, атан түйеге татитын аталы сөздерін еске салып отырған. Сәлем, сәлем беру – қазақ халқының адамгершілігі мен ұлттық тәлім – тәрбиесінің, кісілік мінез – құлқының әліпбиі. Қазақ кісіні сәлеміне қарап таныған. Дұрыс сәлемдесу болмаған жерде, айтарлық нәтиже де бола қоймайды.



347-хадис.Сәлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі,- дейді.

655-хадис. Сәлем беріп кірмеген адаммен қарым – қатынас жасама,-дейді.

« Сөздің саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын», - деген жүз жасаған Жамбыл атамыз.

« Сәлем – сөздің анасы», дейді аталарымыз. Ендеше адамдық кейпімізді кемітпеуді осы бастан үйренейік, балалар!

Наурыздың 8-і – Халықаралық әйелдер күні.
Әжеме.

Ақманат Басанова.

Әжетайым, тірегім, Әжетай ұғып жанымды,

Кеудемде соққан жүрегім. Ойладың әркез қамымды.

Шаттансам шығып қияға, Тілегімді тілеумен

Қиналсам сен де жүдедің. Атқыздың талай таңынды.

Әжетайым, ардағым, Сен барда кетпес балалық,

Борышты өтеу арманым. Ісімде жетер шалалық.

Ұмытылмас мен үшін Нәр алып әркез келемін,

Ұйқыдан талай қалғаның. Мейіріміңнен аналық.

Түнімен бесік тербеттің, Өзің деп білем күн – көктем!

Тәй-тәйлатып, тер төктің. Қызметін де көрсеткен.

Әжетайым, адам боп Бар жылылық бойында,

Арқаңда сенің ер жеттім. Ұлы едің, әже, сен неткен!

Кешіксем жолды күзеттің,

Қатемді көріп түзеттің.

Жамандықтан жирентіп,

Ізіңе ерттің ізеттің.


Ана тілім.

Серік Кәттебайұлы.
Ана тілім – қуатым, Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – мұратым. Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім болмаса – Ана тілім болмаса -

Ай, күнім болмас туатын. Бүтінделмес кемдігім.


Ана тілім - ұраным, Ана тілім – байлығым,

Ана тілім – құралым. Ана тілім – ай, күнім.

Ана тілім болмас – Ана тілден айырылсам-

Мықты болмас тұрағым. Басымнан кетпес қайғы, мұң.


Ана тілім – ажарым, Ана тілім – жалыным,

Ана тілім – базарым. Ана тілім – арыным.

Ана тілім болмаса – Ана тілім сақтайды-

Белгілі азып, тозарым. Тазалығын қанымның.


Ана тілім – беделім, Ана сүтін ақтаңдар,

Ана тілім – көрегім. Ана тілін сақтаңдар!

Ана тілмен танылар – Ана тілмен безеніп,

Дүниеге өз елім. Арта берсін ақ таңдар!




Мен паровоз.

Әбдібай Табылдиев.
Бөп – бөп, пыш – пу...

Мен ең күшті!

Менен күшті

Кім бар? Пыш –ту!


Вагондардың

Тіркеп бәрін

Жүкті артып,

Кеттім тартып.


Темір жолшы,

Абай болшы:

Жол ашып қой

Жер қашық қой.


Бөө- бө-бө!

Бө-ге -ме!




Жұмбақтар.
Жуындырып жағаны,

Сылдыр қағып ағады.( су)


Отынды қылғытады,

Үйінді жылытады. ( пеш)


Ешкімге жоқ зияным,

Бергеніңді қиямын. (қайшы)


Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап)




Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Ә.Омарұлы.



  • Кішкентайнан көп жаза шеккен бала өскенде кінәмшіл болады.

  • Кішкентайынан қатыгездік әрекеттерді көп көріп өскен бала дау – дамайға бейім тұрады.

  • Кішкентайынан көп мазақ естіген бала ұялшақ болады.

  • Кішкентайынан ұялшақ болған бала өзін кінәлі сезінетін болады.

  • Кішкентайынан парасаттылықты көріп өскен бала сабырлы, ұстамды болады.

  • Кішкентайынан өзіне сенім білдіргенін сезіп өскен бала сенімділікті үйренеді.

  • Кішкентайынан ізеттілікті көріп өскен бала өзгені құрметтейтін болады.

  • Кішкентайынан теңдікті көріп өскен бала әділетті болады.

  • Кішкентайынан сенімді сезіп өскен бала иланғыш болады.

  • Кішкентайынан айналасындағылардың сүйіспеншілігіне бөленген бала өмірді сүйетін болады.

  • Кішкентайынан достық пен бауырмалдықты көріп өскен бала сүйіспеншілік іздеуді үйренеді.

  • Бала – отбасының, отбасы қоғамның бір бөлшегі. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

Мамырдың 1-і Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Мамыр.

Қадыр Мырза Әли.
О, Алланың әмірі!

Тағы келді мамырым.

Жақсылықтан нәр алған

Мамырымның тамыры!


Сәуір ептеп ығысып,

Шыға келді күн ысып.

Сыбырлайды жапырақ

Бір – бірімен ұғысып.

Мың ұяда мың бесік,

Қояр құстар тілдесіп.

Күркірейді көкте бұлт

Бір – бірімен үндесіп.

Біреулерге көзі ұнап,

Біреулерге өзі ұнап,

Қайтқан кезде өрістен

Жамырайды қозы – лақ.


Шіркін түйе!

Шіркін ат!

Көз тоймайды тұрқына!

Ботақаны боздайды,

Құлыншағы шұрқырап.
Қалада өстік,

Қырда өстік.

Күнделікте кіл « Бесік».

Тоғай тұрған тұтастық,

Бақша тұрған бірлестік!
Екі бала сабақтас,

Екі кәрі табақтас.

Туыстықсыз күн батып,

Татулықсыз таң атпас!



Мойындау.

Нұрхан Жанаев.

Ойнап жүріп құладым,

Құладым да жыладым.

Атам маған: - Тұр, - деді, -

Ұнамайды бұл « әнің».
Өзің жүріп құладың,

Кінәлі айтшы, оған кім?

Өз істеген ісіңді,

Өзің көтер, шырағым.


Бұл сөзіне тоқтадым,

Тоқтамасқа жоқ халім.

Біреу аяқтан шалған жоқ,

Және де жоқ соққаны.


Өзім жүріп құладым,

Құладым да жыладым.

Менікінің жөні не?

Әнтек екен бұл « әнім».


Жаңылтпаштар.

Өтепберген Ақыпбекұлы
Батыр

Шатыр


Тіккізіп

Жатыр.
Шын іскер – жұмыскер,

Жұмыскер – шын іскер.

Жұмыста кім істер,

Жоқ болса жұмыскер?
Алсам деп ем жерімді,

Желіп жерге төгілді.

Кім білген бұл желімді,

Ластады жеңімді.


Құрған ауға,

Қауға түсті.

Қауға

Құрған ауға түсті.


Еденіміз

Еменнен.


Емен еден

Неден кем?


Арпалысқан,

Алты арыстан

Шыға келді

Қалтарыстан.


Жұмбақтар.

Нұрлан Қалқа.

Күндіз – түні сыртылдайды,

Жүрісінен бір тынбайды. ( сағат)
Сөйлейді ол – тілі бар,

Алуан – алуан түрі бар.

Көз алдында – жер шары,

Қане, мұны біліп ал? ( теледидар)


Балдай тәтті,

Мұздай қатты. ( балмұздақ)


Елдің көзінше:

Кеуде кереді.

Қалса өзінше:

Тезек тереді. ( мақтаншақ)


Қалада да,

Далада да,

Хабарласа алады.

Бірақ кейде,

Біраз

Үнсіз қалады. ( ұялы телефон)


Балалар жақсы көреді,

Қыста ғана келеді.

Ән – жыр айтса қысылмай,

Сыйлық, кәмпит береді. (Аяз ата)


Жалауша.
Көл жағалай өсті жасыл балауса,

Қолымызда жалауша.

Мамыр келді,

Мерекені тойладық.

Сапқа тұрып шеру құрып ойнадық!

Ура! Ура!

Мамыр! Еңбек жасасын!
Ержүрек танкист ағалар.

Байбота Серікбайұлы Қошым – Ноғай.
Қан төгіп кеше

Бейбіт үшін жердегі,

Отанымыздың бір сүйем жерін фашисттерге де бермеді

Ержүрек, танкист ерлері.

Ерлігін мақтан етеміз танкист ағаның

Аманаттарын ақтаған бүкіл әлемдегі асыл ананың,

Шуақты күніні қорғаған барлық баланың!

Жаз.

Жұбан Молдағалиев.
Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ.


1- маусым – халықаралық балаларды қорғау күні.
Тұманбай Молдағалиев.

Балалар күні.
Өз бойында күллі арман,

Әуені ерке, жыры гүл.

Мейірленген, нұрланған,

Балалардың күні бұл.


Ояныпты таң күліп,

Елжіреп тұр, емес паң.

Аспан ашық, дәл бүгін

Бұлттанбайды көк аспан.


Бейбітшілік ізгі күн,

Бақытты алдан тосамыз.

Ән саламыз біз бүгін,

Биге бүгін саламыз.


Көңіліміз жаз айдай,

Жақсылыққа сенеміз.

Қатарымыз азаймай,

Шыңға шырқап келеміз.


Жердің қойнын жылытып,

Гүлдерді де егер бол.

Ақтар ана үмітін

Қолымыз да шебер қол.


Киді киім ең сәнді,

Қарындасым, інім де.

Мен де шырқап ән салдым,

Балалардың күнінде.




Ақ тайлақ.

Әнуарбек Дүйсенбиев.
Асау тайлақ, ақ тайлақ,

Мініп келем қақбайлап.

Желеді ол тайраңдап,

Жұрт қарайды қайран қап.

Бала біткен шулайды,

Тайлақ үркіп, тулайды.

« Шөк» дегенді ұқпайды,

Үй маңынан шықпайды.

Ақ тайлақ- ау, ақ тайлақ,

Бұл қылығың жақпайды – ақ.



Жаңылтпаштар.

Ұлықбек Есдәулет.
Гүлжанат қуыршаққа

үйірсек,


Нұрғанат құлыншаққа

үйірсек.


Гүлжанат Нұрғанатқа

Құлыншағыңды бер дейді,

Нұрғанат Гүлжанатқа

құлыншағын бермейді.


Түрі - алабажақ,

Тілі – шалақазақ.


Ешкіден көсем шықса да көсе шықпас.
Қайып Жайықта қайықпен жайын аулайды.
Жаңылтпаштар.

Ескен Елубаев.
Арба аунардай,

Тау жарлау,

Жол тарлау.
Сен – шешен,

Шешең – шешен,

Бір үйде неше шешен?

Қол ұстас -

Бұл ұстаз

Жас ұстаз

Сенімен тұстас ұстаз.
Келген Көпен көкең бе екен?

Келген Көпен көкем екен.

Менде өң он теңге,

Жоқ өңге теңге.


Жолда шаршаса,

Шал шаршар.

Шаншар шаршар

Басқа бар ма шаршар?


Қызға құрмет.

Өріс Яшүкірова.
Қазақ қыз баланы құрметтейді. Қыз – ару, болашақ ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. « Қыздың жолы жіңішке», « Қыз назы қырық кісіні мас қылады», « Қыздың қабағында құт бар», « Қыз қабағын күрең тартса – ел жұтқа шалдығады», « Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді», « Қызды қорлаған қызыл шақасынан айырылады», « Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді», « Қызды жылатқанның кесері қырық есекке жүк болады» деп ырымдап, қыз баланы адамның ең бақытына бағалаған.

Қазақ қонақ боп барған үйінде, қызды төрге отырғызады. Себебі, « қызда қырық көліктік бақыт бар». Төрде отырса, сол бақыттың жұғыны отырған төрде қалады. « Қызда қырық қырсық бар», қыз босағада отырса, сол қырсық сол үйде қалады. « Қызда оттай ыстық мейір бар», төрде отырса, сол мейір сол үйге бағышталады. « Қызда мұздай суық ызғар да бар», есік жақта отырса, ол ызғар сол үйді шалады. « Қызда қырық сайтан да бар», есік жақта отырса, сайтандар сол босағада қалады. Осындай ырымдарды сақтаған халқымыз, қыздарын аялай білген.


Балам.

Әбдікәрім Ахметов.
Балам, балам – бал бармақ,

Қырға шықты гүл қаулап.

Саяхаттап қайта ғой,

Қақпан құрып, аң аулап.


Балам, балам – бал бармақ,

Барып көлге, сал қармақ,

Ақ шабақты көп ұста,

Босқа келмей тал қармап.


Балам, балам – бал бармақ,

Тайың тұлпар таңдаулы – ақ!

Жарысқа түс, бәйгені ал,

Жігіт болғын, жан лаулап!


Балам, балам – бал бармақ,

Күн де батты алаулап,

Шаршадың – ау,

ұйықтай ғой,

Жатшы, жаным, манаурап.

Көбелек.

Асқаржан Сәрсек.
Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық, көбелек.

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді көре кет.


Тұтқиылдан састыра,

Жаңбыр жауса себелеп.

Тақиямның астына

Тығыла ғой, көбелек.


Мама.

Сырлыбай Мәуленов.
Өнері қол ұшында, Озып шығар қатардан,

Жұрттан алғыс жинаған. Мамам менің – тігіншім

Үздік шебер атанған, Тігіншінің ішінде,

Мамам менің сыйлы адам. Бас бармақтай бірінші.




Футбол.

Жарқын Әбдіреев.

Кілең жылтыр, қара,

Жиналдық топ, бала.

Бәрі де бар, бізде,

Желден жүйрік, дара.

Оңтайлап ап, оңға,

Жалт бұрылдым солға.

Тулап жатты дәлдеп,

Тепкен добым торда.
Командамыз мені,

Нағыз Пеле - деді.



Алатау.

Базарбай Исаев.
Орманымнан құстар үніні

Тыңдаймын да тұрамын.

Күлкісіндей достарымның

Күміс толқын бұлағың.


Бөктеріне қарай қалсам,

Қарағайлар не түрлі:

Ойға кетіп бара жатқан

Топ аттылар секілді.


Қарақу .
Нелер таңды атқызып,

Нелер кешті-

Келе жатыр өткізіп

Көл еркесі.


Ақ қозым .
Әй-әй қозыым, ақ қозым,

Ұйқың келсе жат, қозым.

Оятамын ақырын

Ұйқың қанған шақта өзім.


Тартынбайды көл десе,

Тамсанады шөлдесе.

Аямайды ешнәрсе

Ата-анам да ол десе.


Қос құлағы салбырап,

Құлақ жүні жалбырап.

Маңырайып сөйлемей

Бр міні осы – жалғыз-ақ.


Күн болам.
Ұл көп тұрған атылып,

Өссем ертең, кім болам?

Ақын Сұлтанмахмұт,

Сіздей мен де күн болам!


Жаям елге сырымды,

Жаям елге жырымды.

Шашам елген барымды,

Шашам елге нұрымды!


Елсіз адам оңбайды,

Елсіз қызық болмайды.

Елсіз ерік, күш қайда,

Елсізге бақ қонбайды.


Алып қайда елімдей,

Анық қайда елімдей.

Күн болам мен еліме,

Болам елден бөлінбей!


Жарқын жүзді ұстазым.

Шона Смаханұлы.
Келгеніме алдыңа

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім,- деп қуанып.


Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.


Добым менің.

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.
Шыбық тіктім аулама.
Шыбық тіктім аулама,

Жіңішке деп ойлама.

Жапырақ жайып, көкпеңбек,

Кетер әлі-ақ көкке өрлеп.


Өтірік өлеңдер.

Мұзафар Әлімбай.
Қасқыр жектім арбаға,

Тау тасыдым қамбаға.


Ақ қайыңнан алма үздім,

Қозыға жаңғақ жарғыздым.


Желді жықтым,

Көлді жұттым.

Жолбарысты састырды,

Қозы жеді қасқырды.


Таста өсіп тұр қамыс,

Суда өсіп тұр арыс.


Естігендер нанар ма,

Қағаз жазды қаламға.


Мақал- мәтел сөздің мәйегі .
Тіл – көңілдің кілті.
Тіл – қылыштан өткір.
Тілмен тіккенді де алады.
Тілге шешен, іске мешел.
Пілден тіл күшті.

Қотыр қолдан жұғады,

Пәле тілден жұғады.
Сөзге сөз келгенде сөйлемесе,

Сөздің анасы өледі.
Сөз қадірін білмеген,

Өз қадірін білмейді.


Жақсы бала .

Мақпал Бекманова.

Өкен қайда барса да,

Сырт теппейді жатсынып.

Себебі оның баршаға

Жасағаны жақсылық.
Қауын .

Ержан Жұмабекұлы.
Қауын иесін баптаған.

Күтіп жатыр сарғая.

Еңбегінді ақтаған

Қауын деген қандай, ә?!


Француз халық жұмбақтары.

Аударған Қадыр Мырза Әли.
Ұрған сайын әндетеді.

(пианино)


Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін-бірі көрмейді.

(екі көз)

Менің қалтам бос, бірақ бірдеңе бар. Ол не? (тесік)


Үш еркек суға түсті,
Екеуінің шашы ғана су болды. (үшіншісі таз)
Есіктен шықпайды, тесіктен шығады. (түтін)
Инесі бар, тікпейді. (шырша)
Өлген соң барып ұшады. (жапырақ)
Қай жерде жүзіп үйренген дұрыс? (суда әрине)
Таңғы ауа неге салқын? (өйткені ол түнімен далада болды)
Ең ұзын ай қай ай? (Қырқүйек. Өйткені ол сегіз әріптен тұрады)
Қандай ағаш өсуін тоқтатады? (Жаңа жылғы шырша)
Кім әйнекті сындырамай көктеп өтеді? (Күннің сәулесі)
Қандай ат қарғымайды және кісінемейді? (ағаш ат)
Баспана іздеп басын қатырмайды бөбек. (кенгурудың баласы)
Өзі дыбыс шығармайды,
Дыбыстың бәрін жұтып алады. (құлақ)
Мені мен сенің арамызда не бар? («мен» шылауы бар)
Қандай күбіге су құюға болмайды? (аузы мұрнынан шығып тұрған күбіге)
Бір жалқаудан асқан жалқау бар ма? (Бар. Екі жалқау)
Ұмытыла бастаған атаулар.

Мырзан Кенжебай .
Абыз – ел атасы, данагөй, әулие мағынасында.

Бастас – замандас, құрбы-құрдас, сырлас дегенді білдіреді.

Балдырған – жас, әлі жетіліп піспеген шөп.

Басыр – көз аурууы.

Бәлекей – жас келіншектерді, ертеде жас тоқалды айтқан.

Бәтен – емшектегі бала.

Дәйіс – жеңілтек, тұрақсыз, пәтуасыз адам.

Шартық – шала тартылған еркек.

Шепік – нашар, әлсіз адам.

Шаршысына келіп тұр – болып-толып тұр деген мағында.

Мешел – ауру, кемтар, мүгедек болған адам.

Жырынды әккі – пайдакүнем адам.

Сарық, сарықтық – суы қайтқан адам.

Сарық басу – шөл қандыру.

Сидалау – етін сыпырып, етін қалдыру.

Суын – бұлан.

Суындау – шөпті маяға, кебенге ұқсатып үю.

Қаркесте – қу, талайды көрген, айлакер.

Самсоз – адамның қажыған, шаршаған, дәрменсіз бір сәттері.

Құнттау – бір істі аяқтау, пысықтай түсу.

Пісенттеу – бұл да солай.

Қылағай – шортанның шабағы.

Лақса – көне-көскі, ескі-құсқы арба, қайық немесе жыртық-тесік үлкен астау, науаны айтады.

Бүлдірген.

Әбдібай Табылды.

Көп еккен бүлдірген,

Кең сайдан терейін.

Әуелі бір-бірден,

Есептеп көрейін.
Үш қостым екіге,

Барлығы бес болды,

Көп қостым жетіге:

Шелегім лық толды.


Бақшада.
Ала шапан киініп,

Теңкиіпті қарбыздар.

Жесең,тілді үйіріп

Сусыныңды қаңғызар.

« Еңбек түбі – зейнет» қой,

Мен де қарбыз жинадым.

Атам сыйға береді,

Құшағыма сиғаның.


Мен .

Фариза Оңғарсынова.
Халқымыздың сенімі,

Жақсылардың серігі.

Күрестерде шыңыққан

Ағалар мен іні.


Әнмен алға аттанған,

Ар-намысты сатпаған.

Жеткіншегім менің деп

Ағаларым мақтаған.


Туған елім – бай далам,

Даламда еңбек қайнаған.

Ұланымын Отанның

Қиындықтан таймаған.


Мен – елімнің күлкі, әні,

Болашағы, нұр таңы,

Ерліктерге бастаған

Бабалардың ұрпағы –

Ұланымын елімнің!
Осындай біздің отбасы.

Қабылхан Күзембай.
Ата.
Ата – үлкен, кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әуелідей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.


Апа.
Мейірімді апалар,

Балалар кеп бата алар...

Қалтасына кәмпит сап

Немелерге апарар.


Іні.
« Бір істеме қапа ма?»

Деп қарайды апама.

Сипаттырып басынан,

Еркелейді атама.


Тәте.
Таудай менің талабым,

Айна мен ақ тарағын –

Алып беріп тартпадан

Тәте көңілін табамын.


Мен.
Атам не айтсаи көнетін,

Апам көңіл бөлетін,

Мен осфыүйдің кенжнсі

Бәрі жақсы көретін.



Мақал – сөздің мәйегі.
Ата сөзі бата сөзі.

Ата сөзі ақылдың көзі.
Атадан өсиет,

Анадан қасиет.
Атадан жақсы ұл туса,

Елдің қамын жейді:

Атадан жаман ұл туса,

Елдің малан жейді.
Әкеге бағыну – Аллаға бағыну,

Әкеге қарсылық – Аллаға қарсылық.
Жеті атасын білген ұл,

Жеті елдің қамын жер:

Өзін ған білгне ұл,

Құлағы мен жағын жер.

Күз.
Күз.

Әли Ысқақпай.
Қарашы, күз келді, күз келді,

Сары алиын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?


Күз.
Келіп қапты – ау күз де міне,

Салқын тартқан тұз демі еді.

Көкте ұшқан тырналардың

Қызығамыз тізбегіне.

Ызғырықты жел өтіне,

Шыдап баққан тербетіле.

Ағаш біткен шашып жатыр,

Алтын теңге жер бетіне.

Тұратұғын құлап көктен,

Күн де салқын қыратты өпкен.

Момақансып сылдыр қақпай,

Жылтырайды бұлақ біткен.


Қыркуйек.

Тұрсын Елеусізұлы.

Мектепке келді балалар,

Үміттің жүгін арқалап.

Кім оларды алалар,

Бәрінде бар өр талап.
Қыркуйек – жарқын жыл басы,

Білміге тұңғыш баспалдақ.

Күні ертең – ақ түлегі,

Кететұғын аспандап!




Жақсылыққа асық бол!

Жамал Кәрімқызы.
( Адам бойындағы жақсы қасиеттерді аша түс)

  1. Еңбек сүйгіштік

  2. Саналылық

  3. Жаңқиярлық

  4. Шыншылдық

  5. Тәртіптілік

  6. Әділдік

  7. Азаматтық

  8. Жанаршырлық

  9. Кішіпейілділік

  10. Мейірімділік

  11. Қамқоршылдық

  12. Бауырмалдық

  13. Ақкөңілділік

  14. Сабырлылық

  15. Арлылық

  16. Сүйіспеншілік

  17. Тазалық

Жамандықтан қашық бол!

( Адам бойындағы жаман қасиеттері)

  1. Жағымпаздық

  2. Мақтаншақтық

  3. Өтірікші

  4. Ұрлықшы

  5. Екіжүзділік

  6. Залымдық

  7. Қараниеттілік

  8. Көркөздік

  9. Қорқаулық

  10. Дүниеқоңыздық

  11. Пасықтық

  12. Надандық

  13. Тәкәппарлық

  14. Бойкүйездік

  15. Тоғышарлық

  16. Жалқаулық

  17. Керенаулық


О, туған тіл!

Әбділда Тәжібаев.
О, туған тіл! Дүниеде

Сен болмасаң нетер ем? –

Аңмен бірге аң болып,

Шаңмен бірге шаң болып,

Ұстағанның қолында,

Тістегеннің аузында

Олжа болып кетер ем.
Сені берген атамнан,

Сені үйреткен әжемнен,

Қалай айналмаспын мен!

Сенен алған намыспен

Қырқып түсер қылыштай

Қалай қайралмаспын мен?


Ерлігімді мұқалтпай,

Елдігімді жұқартпай

Еңсемді еркін ұстауды

Қалай ойланбаспын мен!




Мұғалім.

Б. Қармысова.
Мектебім – ұям - өрісім,

Мұғалім білім көлісің.

Өзіңнен талмай үйреніп,

Келеміз өсіп ел үшін.


Бүлдіршін жазып шын атын,

Балғын жас тауып мұратын.

Жүрекке құйып нұр сәуле,

Жадымызда тұр атың.



Сағынып жеттім ғой.

Ербол Амандықов.
Бойымды жылытқан,

Білімнің ошағы.

Ұстазым күліп паң,

Алдымнан тосады.

Өмірдің қызығы

Өзіңде деп білемін.

Өзіңді қыдырып,

Өкпеге жетті дем.


Армансыз тағы да

Құшақта мектебім.

Бір сені сағына

Асығып жеткенім!


Мектеп.

Ақбота Хасанова.
Балалық шақ бүгінгі –

Қайталанбас асыл шақ.

Ойға тоқып білімді,

Есейеміз асыр сап.


Осында өтіп көп көктем,

Арманға арман жалғаймыз.

Түлеп ұшып мектептен,

Қияндарға самғаймыз.




Күзде.

Бақыржан Жақып.
Алма пісті,

Алмұрт пісті,

Алша пісті,

Жерге түсті.


Қияр пісті,

Қарбыз пісті,

Қауын пісті,

Қандай күшті!


Жидектердің

Таттық дәмін.

Жемістердің

Жейміз бәрін!




Қарттар аман болсыншы!

Жансая Кенжебаева.
Жапырақтар бір кездегі жап – жасыл,

Қалыпты бұл күн сарғайып,

Қарасам байқап атама,

Қалыпты қазір қартайып.


Көрмепті теуіп допты да,

Көбелекті қуалап.

Қатал тағдыр сұм соғыс...

Кетіпті жастық қол бұлғап.


Бетіне түскен әжімдер,

Самайындағы ақ шашы,

Өткен өмір белгісін,

Тұрғанда – ай көрсетіп.


Қарттар жүрсін ортада,

Өткенді көрген шежіре,

Аман – сау жүрсін әрқашан,

Сыйлаған бақыт біздерге.



Сирек естілітін атаулар.
Бірішек – арлан қасқыр.

Құмай – тазының бір тұқымы.

Қанден – иттің ұсақ тұқымы.

Сарымақ – жолбарыстың күшігі.

Қаншыр – ұрғашы арыстан.

Кірекей – ұрғашы аю.

Қонжық – аюдың баласы.

Сарлық – қодас.

Сарық – қойдың бір тұқымы.

Арқар – жабайы қой.

Құлжа – қой тектес жабайы жануар.

Бөкен, ақ бөкен – киік.

Сайғақ – киіктің текесі.

Құралай – киіктің лағы.

Тайхар – тай есек.

Қодық – құланның құлыны.

Қодыға – есектің құлыны.

Мегежін – ұрғашы шошқа.

Торай – шошқаның баласы.

Жәндік – құрт – құмырсқа.
Қош бол, күрең күз.

Зарина Серікқызы.
Қоңыр күздің жанға жайлы күндерінің бірінде Сара апай бізді мектепке жақын жердегі саябаққа саяхатқа алып шықты.

Мақсатымыз – « Күз келбеті» тақырыбында шығарма жазуға дайындық жасау еді.

Саябақ іші көңілсіз. Ағаштар жапырағынан айырыла бастаған. « Ағаш көркі – жапырақ» дегені рас екен – ау. « Менмұндалап» өзіне шақыратын ақ балтыр биші қайыңдар да мұңлы күй кешкендей мүлгіп тұр.

Мен өзгелерден оқшауланып, әдемі өскен егіз қайыңның қасына жақындадым. Әне, соңғы бір жапырағы да үзіліп түсті. Ол бұрала ұшып келеді. Енді ол жапырақ бұрынғыдай ғұмыр кешпейді. Өмір үзілді, бұл – оның соңғы сәні. Мен алақанымды тоса қойдым. Ол дірілдей ұшып жерге түсті.

Кенет алақаныма жаңбыр тамшылары тырс – тырс тама бастады. Тамшылар өмір - өзенмен қоштасқан жапырақтардың көз жасындай елестеді.

Көңілім құлазып қалды. Ойыма кеше теледидардан тамашалаған « Нұрғиса атаны еске алу кешінде» қанат қаққан, көрермен жүрегін мұңлы жалынмен шарпыған « Құстар» әнінің бір – екі тармағы оралды.



Ал, адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай қалады...

Жылай да алмай.

Неткен ғажап, сырлы әуен деп тамсанып едім – ау!

Неге екенін, көзімнен бір тамшы жас үзіліп түсті. Толқыған сезімімді әрең тежеп: « Ертең – ақ көктем келіп, өкініштің орны толар», - дедім.

Сен, жапырақ, мағыналы ғұмыр кештің. Жаз бойы айналаңа көрік бердің, өмір бердің, сұлулық сыйладың. Өз міндетіңді адал атқардың. Бір – ақ рет берілетін өмірде мағынасыз ғұмыр кешкендерден сақтасын! – дедім тағы да іштей толғанып.



Қазанның 25 –і Республика күні.
Менің туым.

Болат Үсенбаев.
Желбіресе көк туым,

Көтерілер шоқтығым.

Қазақты әлем таныды,

Егеменді ел боп бүгін.


Таңдай қаққан шартарап,

Көк туымда барша бақ.

Қыран самғап барады,

Күнді иыққа арқалап.

Көк туымнан нәр алдым,

Сол қыранға сыңармын.

Ерікті елдің елшісі –

Еркіндігі қыранның.


Ұланымын халқымның,

Ұлы істерге талпындым.

Тыныштықтың – дәміндей

Туымдағы алтын күн.



Астана.

Өтепберген Ақыпбекұлы.
Сарыарқаның төсінде,

Төне түсіп Есілге:

Бой көтеріп Астана,

Ілесті өмір көшіне...


Тауып тыңнан текті жол,

Сағат сайын өсті ол:

Әлемді жалт қаратып,

Шуақ нұрын төкті мол...


Ел тілегі бұрынғы

Астана боп тірілді:

Көне Отырар, Сауранның,

Көзіндей ол бүгінгі...


Тасқа қашап текті өлең,

Арпалысқан өртпенен:

Күлтегіннің

Астана –


Ақ арманы көксеген.
Еркін елдің – қызыры

Қазығы да:

Қыз, Ұлы!

Гүл жайнаған Астана

Тәуелсіздік тұғыры!

Тұғырлы ел – ғұмырлы!



Жалғассын десең тіршілік.

Мырзахан Ахмет.
Балалар ұя бұзбаңдар,

Жартасқа шығып, қиялап.

Сарыуыз онда өмір бар,

Өмірге етпе қиянат.


Жалғассын десең тіршілік,

Оған да тыныш жай керек.

Сындырма бекер бір шыбық,

Ертеңгі ол да бәйтерек.


Бекерге гүлді үзбеңдер,

Оның да білсең парқы бар.

Бастаудың көзін ашпасаң,

Бұлақ та бір күн сарқылар...


Арын сатпас текті бар.

Әли Ысқақбай.
Әке жүрегі асқар тау,

Ана жүрегі аспан тау.

Сөзден шығады

Бітпес дау - таласы.

Сөзден жұғады

Қара күйе – жаласы.
Баталы елдің аруағы азбас,

Тектінің түбірі тозбас.
Бедірейген бетті бар,

Елпілдеген епті бар.

Тектіні тілдер тепкі бар,

Арын сатпас кекті бар.
Қарттан көмек күтпе,

өзің демеп жібер.
Ақылың болса арыңды сақта,

Барыңды сатсаң да, арыңды сатпа.
Атаның наласынан сақтан,

Баланың шаласынан

сақтан.

Ағайынның аласынан

сақтан,

Дұшпанның табасынан

сақтан.
Мақал – сөздің мәйегі.
Шебердің қолы ортақ,

Ақынның сөзі ортақ.
Ұстаны соққан пышағынан таниды.
Қолың ұста болсын,

Сөзің қысқа болсын.
Тігінішіні инесі асырайды.
Жаман іс жоқ,

Жаман ісші бар.
Әр нәрсеге асық болғанша,

Бір нәрсеге машық бол.
Қой семізі қойшыдан.
Бірінші сынып.

Бақыт Бұқарбек.
Көздері қарақатты

Кіші мен ұлық та.

Таныған әріпті

Бірінші сыныпта.


Бәрінен жоғары

Тұратын Рух та.

Кеудеге қонады

Бірінші сыныпта.


Ардақты, арайлы

Салт – дәстүр, ғұрып та.

Бойыңа тарайды

Бірінші сыныпта.

Екеулеп балалар

Көндігіп ырыққа,

Оң – солын саралар

Бірінші сыныпта.


Таң атып, күн шығып,

Бұғады күн ыққа.

Біл сырын, құлшынып,

Бірінші сыныпта.


Біртіндеп бойлайсың

Тұмса әлем – тұныққа.

Ғалымша ойлайсың

Бірінші сыныпта.


Асқанда асқардан

« Ұяңды» ұмытпа!

Ұлы арман басталған

Бірінші сыныпта.



Қыс.

Қыс.

Оспанәлі Иманәлиев.
Құлақтарын үсіткен

Шынықпаған қай бала?

Осы болар қыс деген,

Айтсақ жауап жай ғана.


Қансонар.

Бақытжан Тобаяқ.
Желтоқсанда қансонар,

Бұл кезең ғой аң соғар:


Қыста қақпан, ауыңды

Аңшылыққа сайлайсың.

Кезіп қыр мен тауыңды,

Қанжығаңды малайсың.


Қырғи төнер түлкіге,

Жүні жұнттай жылтырақ.

Шығады екен ілкіде

Бір түлкіден бір тымақ.


Бүркіт алар қасқырды,

Қалар көкжал бүгішіп.

Шығады екен рас, құнды

Бір қасқырдан бір ішік.


... Қыс – ызғар деп ұқсаң да,

Тұрар көкте Күн күліп.

Қансонарда шықшы аңға,

Салшы сонда бір бүлік!



Желтоқсан тұрар басында.

Сұлтан Молдажанов.
Далаға, тауға қарашы,

Өзгерді адам санасы.

Міндетті, мықты болуға

Тәуелсіз елдің баласы.

Желбіреп туың тұрады,

Самғайды көктің қыраны.

Міндетті ойлы болуға

Тәуелсіз елдің ұланы.


Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатар биік ғасырға.

Азаттық дейтін ұғымның

Желтоқсан тұрар басында.


Жырлайды оны ақындар,

Уақыттың өзі мақұлдар.

Сондағы апай – ағаның

Барлығы түгел батырлар.


Солар ғой шырқап асқақ ән,

Азаттық ұран тастаған.

Отаршыл, озбыр алыпқа

Тайсалмай күрес бастаған.


Не жақсы, не жаман?

Сейтқұл Оспанов.
Бала тіл - бал, бала не айтса да мәз боп күлесің, тіпті кейде оқыс ойланып та қаласың.

Біздің үйде осындай тілі тәтті, жүрген – тұрғаны қызық – қуаныш, базар мереке Айжан дейтін бүлдіршін қызымыз бар. Бүгін кешкі тамақ тан соң сәті түсіп, жақсы бір көңіл – күймен қарма – жарма бәріміздің басымыз құралып, Айжанды ортаға алып, тілін қызықтап әрнені сұрай бастадық.



  • Әжең жақсы ма, мамаң жақсы ма?

  • Әжем жақсы.

  • Неге?

  • Ол ешқашан ұрыспайды.

  • Ауыл жақсы ма, қала жақсы ма?

  • Қала жақсы.

  • Неге?

  • Ауылда ештеңе жоқ, қалада бәрі бар.

Енді « саяси сауатын» да байқап көрейік деп ойладық.

  • Ельцин жақсы ма, Назарбаев жақсы ма?

Айжан сұрақтан тосылмады.

  • Назарбаев жақсы, - деді.

  • Неге?

Бала ұғымымен президенттің елге істеп жатқан жақсы істерінің бірін айтатын шығар деп күттік. Жауабы басқаша болып шықты.

  • Өйткені ол қазақ тілінде сөйлейді.

Маған ол ана тілінде сөйлей алмайтын, ана тілін білмейтін адамдардың бәрі жаман деген секілді болып көрінді.
Сақ шешеннің батасы.

Төлен Қаупынбайұлы.( « Қыран тағдыр» кітабынан алынды)
...Шоқанның жеті – сегіз жасар еді. Троицк, Орынбор аралап, қолына ғұсни кітаптарын түсірген соң, Сырымбет қайырылған. « Ат болатын тай – саяққа үйір, адам болатын бала – қонаққа үйір». Алыстан жолаушылап келіп, аға сұлтан ауылына тоқтаған Сақ шешенге сәлем бере келгендер аз болған жоқ. Кісі аяғы басылған бір сәтте Шоқан жасқыншақтамай, аса бір бала мінезге де салмай:

  • Сақ ата, менің білмек сауалым бар, - деді.

  • Көрмек, білмек елге жақсы. Алмақ, бермек ерге жақсы, ботам. Айта бер, тартынба, - деді шешен насыбай шақшасын ішкі жұқа бешпетінің қалтасынан алып жатып.

  • Біреу жолдан адасар болса, кімнен сұрайды, ата?

  • Шоқанжан, есіңе сақта, көнеден сұрайды.

  • Көне адасса, кімнен сұрайды?

  • Көргенді жаннан сұрайды.

  • Көргенді адасса, кімнен сұрайды?

  • Көргенді адасса, көптен сұрайды.

  • Көп адасса, кімнен сұрайды?

  • Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды.

  • Көп оқыған адасса ше?

  • Көп оқыған – көзі шықпай неге адассын?!

  • Ата, көне кім?

  • Көне дегеніміз – сенің әкең Шыңғыс болар. Көп тоқыған Шыңғыс секілді уәлі ауыз ел адамы болар.

  • Көргенді кім?

  • Көргенді сенің Мұса атаң. Біліп туар, ақыл қонған дана болайын деп тұр екенсің, ботам. Атаң Абылайдың жолын қуар бала екенсің.

Өсе берсін бақытың,

Үстіңде ағар тақытың.

Аллауәкпар!

Жұмбақтар.

Ақманат Басанова.

Күркірегенкүндей үні бар,

Жүрегінің түгі бар.

Жануарлар табынар,

Аң патшасын тауып ал.

(арыстан)

Кезетін жері көп,

Ұшқалақ ұшқыр шөп.



(қаңбақ)

Жүгіріп сынап көрсетер

Жазулы санды баспалы.

Ыстық, суық өлшенер,

Түтікті тапшы аспалы.

(термометр)

Етем мақтан тырма -

ағамды,


Болсаң білмек шамамды.

Түзетемін шашыңды

Білесің бе атымды?

( тарақ)

Септік ата баласы

Атау, Ілік оның ағасы.

Кімге? Неге? сұрағы,

Үшінші орын тұрағы.

Төртінісі тағы бар

Атын өзің тауып ал.

( барыс септік)

Тазартамын киімді,

Тазартатын үйіңді.

Тіске де өте тиімді

Не дейді бұл бұйымды?

( тарақ)
Желтоқсанның 16-сы – Тәуелсіздік күні.
Отан.

Нұрсұлтан Ғалымбекұлы.
Егемен елдің ұлымын,

Ертеңгі күннің нұрымын.

Отанын сүйген азамат,

Болатындардың бірімін.


Білімнен жұпар жинаймын,

Еліме бақыт сыйлаймын.

Жүрекпен сүйіп Отанды,

Жүректен мәңгі жырлайын.


Отаным гүлге бөленсін,

Өзге елдермен теңелсін.

Амандық болса ағайын,

Бәрін де бірге көрерсің.



Намыс.

Болат Үсенбаев.
Намысыңды кірлетпе,

Дақ түспесін арыңа.

Үлгілі боп жүр көпке,

Жігерінді жаны да.


Намыс оты бар ұрпақ,

Арқалайды нар жүгін.

Жүре алмайды жабырқап,

Жүзі жарқын - арлының.


Намыс қанда бұрқанса,

Орындалар нұрлы арман.

Қамал бұзған ұл қанша.

Тау қопарып, шыңды алған.

Намысы жоқ ынжыққа –

Көлеңкесі үрейлі.

Мойынсұнып құлдыққа,

Иіні түсіп жүдейді.


Туын көтерер жұртының

Көзіңді тік алысқа.

Қыранға ұқсап сілкінгін,

Мәселе – ұлттық намыста.


Қаһармандық қартаймас.

Несіпбек Айтов.
Қабанбай батыр қартайыпты, сырқат көрінеді, жортуылдан қалған екен деген сыбысты жымысқы жау жоңғарлар естіпті.

« Ә, балам, өмірі сол Қабанбайдан –ақ көресін көріп едік. Талай шабуылдасақ та, туымызды шағып еді. Енді бір жеңетін тұс осы шығар. Көзі тірісінде Қабанбайды жер қаптырып, ауылын шауып қайтайық» - десіп, жоңғар жасақтары жорыққа аттаныпты.

Жаман хабар Қабанбайға да астыртын жетеді. Жоңғарлар қапыда бас салғалы келе жатыр деген қауіп қазақтарды қатты үрейлендірді. Кеше ғана тас – талқаны шығып жеңілген жау күтпеген жерден қайта айналып соғады деген ешкімнің ойында жоқ еді. Ауылдастары аяқ астынан келген жауға қарсы тұруға өздерінше қам жасайды.

Бұл кезде Қабанбайдың қартайған шағы еді. Батырдың болаттай бұлшық еттері босап, ауыр денесі әрең қозғалып, қайраты қайтып, ауру мендеген кезі екен. Жау келе жатыр дегенді естігенде, Қабанбай төсектен басып жұлып алыпты.



  • Қубас атқа ер салыңдар! Денемді қырық құлаш кездемемен мықтап таңып тастаңдар. Қатты шапқанда, бойым босамайтын болсын! – деп, әмір беріпті. Жасы кіші серіктері Қабанбайдың денесін сымдай ғып ширата қысып таңыпты. Көк сауытын кигізіп, көк найзасын қолына ұстатып, қубас атты көлденең тартыпты.

  • Аттан! – деп, атқа мінген екен, батыр Қабанбайдың дауысының зорлығы сондай, күншілік жерден естіледі екен дейді. Аз ғана қолдың басын құрап, Қабанбай келе жатқан жауды тосып алыпты.

Жаудың қарасы көрінгенде, батыр арыстандай ақырып, қарсы ұмтылыпты.

Қабанбайдың дауысын жоңғарлар да күншілік жерден таниды екен.



  • Ойбай, Қабанбай өлгелі жатыр дегендерінің қайда?! Әлі сол қалпы ғой мынауың. Енді құрыдық! – деп, аттарының басын жалт бұрып, тұра қашыпты.

Ізденіп келген ежелгі жауды Қабанбай батыр өкшелей қуып, сазайын тартырыпты.

Кәрілік жеңіп, ауру меңдеткен батыр осы жорықтан қайтып келе жатып, жолда қаза тауыпты. Содан қайтып жау Қабанбайдың өлгеніне де сенбейтін болыпты...


Шымшық.

Жақан Смақов.
Күн шықты, күн шықты,

Үйінен кім шықты?

Мен шықтым, сен шықтың,

Шымшық!


Шымшық!

Ұяңнан сен шық!

Күн шықты, күн шықты,

Мен көрдім шымшықты.

Шымшық!

Шымшық!


Ұяңнан сен шық!
Шымшық, шымшық, жем әкел,

Көп, көп әкел, тез әкел.

Балапаның тойсын,

Шырылдауық қойсын.

Шымшық! Шымшық!

Ұяңнан сен шық!


Қар атаулары.
Қар – қыста жауатын ақ түсті тоңазыған атмосфералық тосап.

Ақша қар – жаңа жауған таза қар.

Ала қанат қар – бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай жерге ала түскен қар.

Жапалақ қар – ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.

Көбік қар – жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.

Күртік қар – беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.

Қасат қар – ұзақ жатқан қалың қар.

Қиыршық қар – жентектелген түйіршік қар.

Қырбақ қар – жұқа жауған қар.

Мұздақ қар – үстін мұз торлаған, көкшіл түсті беті жылтыр сырғанақ қар.

Омбы қар – ат бауырлайтын қалың қар.

Сүрі қар – ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.

Сіреу қар – ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу, қатты үрпек қар.

Үйіме қар – боранды жел сырғытып, бір жерге тау – төбе үйілген қар.

Үрме қар – жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.

Қаңтардың 1-2-сі – Жаңа Жыл.
Жаңа Жыл қарсаңында.

Сұлтан Қалиұлы.
Безендірдік

Аулада


Өсіп тұрған шыршаны.

Әсемдеуге әр бала

Бар өнерін жұмсады.
Жасап келді бірі – піл,

Бірі – барыс, арыстан,

Бірі – қораз, бірі – құр,

Бірі – бүркіт, сауысқан.

«Қырау» да бар, « қар» да бар,

Іліп жаттық тырмысып.

Төбемізде қарғалар

Әрі – бері жүрді ұшып.


Шыршамыз тұр жасанып,

Ойыншықтар тізіліп.

Көз алмай біз,

Тамсанып,

Қарап тұрмыз қызығып.
Қуаныстық:

«Шамдары


Тіпті ғажап болды» деп.

Ал қарғалар

Маңдағы

Қарағайға қонды кеп.


Бізге де жұрт тамсанып,

Тұрсын дей ме қызығып,

Өздерінше

Жасанып,


Күтіп отыр тізіліп.
Жаңа ғасыр.

Базарбай Исаев.
Баста, жаңа ғасыр!

Шашпа далағы сыр.

Тасып төгілші бір,

Ашып балаға сыр!


Туа дарыны бар,

Елдің ары бұлар.

Үлгі, өнегенің

Бала бәрін ұғар.


Сөзге тоқтай қалып,

Тұрар шоқтай жанып.

Өсек, өтірікті

Бала соқпайды анық.

Баста, жаңа ғасыр,

Шашпа далаға сыр.

Құмар құпияңа

Айтшы балаға сыр!



Батыр Бауыржанның ғибратты сөздері.
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгіріп қызмет еткін.

***


Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.

***


Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

***


Отан үшін, отқа түс – күймейсің.

***


Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.

***


Ердің түбі – намыс.

***


Сынаспай сырласпа.

***


Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

***


Ердің Еділ тобығынан келмейді.

***


Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

***


Қарғаның өзі де, көзі де батыр.

***


Опасызда Отан жоқ.

***


Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың.

Өлтірмесең - өлімге тұтылдың.

***

Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға.



***

Ерлік елеусіз қалмасын.

***

Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып көрген бейнет артық.



***

Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырай бақыты.

***

Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.




Қызғалдақ тере барғана

немесе балалық шақтан бір елес. Мырзахан Ахмет.
( Баллада)

I
Қызғалдақ тұнған кез еді,

Қырмызы қырдың төсіне.

Құлпырды дала безеніп,

Ілесіп мезгіл көшені.
Келеміз, міне, топ бала,

Жаңғыртып жаудың қойнауын.

Қарамай соқпақ, соқтаға,

Тұрғандай күтіп тойлы ауыл.


Астында қалды қырқаның,

Қосыла жайған қойымыз.

Ұсынысы еді Нұрқаның:

Қызғалдақ теру – ойымыз.


Сенгісіз шын ба, елес пе,

Саулады көктен нұр қандай!

Шығып ек жасыл белеске,

Шоқ болып жанып тұрғандай.


Шоқ болып жанып тұрғандай.

Қыр төсін жапқан қызғалдақ.

Қарайсың қалай нұрланбай,

Қойғандай бейне бізге арнап.


Әп – сәтте кеттік жарысып,

Жүгіре теріп қызғалдақ.

Балбырап бойда қан ысып,

Бір сезім ойды сүзді алдап.

Толса да лезде қолымыз,

Аз болып бізге көрінді.

Алыстап кеткен жолымыз,

Қырмызы дала керілді.


Күн бата қайттық ауылға

Еске әзер түсіп қойымыз.

Құшақта бау – бау қызғалдақ,

Мақтаныш тұнған бойымыз.


Жол үсті бізге кездесті

Ақсақал ата Елемес.

Мінезге жан ба төзбес – ті,

- Бұларың, - деді, - жөн емес.


Байлығын туған даланың,

Тонауға, сірә, бола ма?

Ісі ғой, әттең баланың

Өкініші орны тола ма?!


Мезгілсіз солған ару гүл

Қалайша тұқым шашады?

Күндерде бір күн зәру бұл,

Орынын тікен басады.-


Айтты да осы сөздерді,

Атамыз тартты қиялап.

Кенеттен реңім өзгерді,

Кеудеме кірбің ұялап.


Биледі кенет бір елес,

Мезгілсіз күн де батқандай.

Құшақта гүлім гүл емес.

Сәбилер жылап жатқандай.


Үйіме жеттім әзер мен

Өзімнен өзім ұсақтап.

Қызғалдақ емес, сол күні

Өксіген өкініш құшақтап.


II

Арадан өтті сан жылдар,

Сондаға ұлдар ержеттік.

Сан тарау жолдай тағдырлар

Әр қиырларда тербетті.
Оралдым туған далама

Балалық шақты сағынып.

Қараймын сай мен салама,

Құштарлық сезім ағылып.


Күн ұзақ кездім түз, белін,

Жабырқап жатыр айналам.

Қызғалдақтарды іздедім,

Қып – қызыл шоқтай жайнаған.

Қайда деп көңілім сұрайды,

Бұрынғы сырбаз сұлулық.

Жұпыны далам мұнайды,

Сезілмей жүзден жылылық.


Қызғалдақ көрдім жалғыз түп,

Тас түбін өскен сыналап.

Жанына батып жалғыздық,

Тұрғандай мені кінәлап.


Санамда сынсып бала мұң

Пәсейдім кенет көк белдей.

Балалық шағым даланың

Байлығын тонап кеткендей...


Ат ерттеу.

Тоқбай Исабеков.
Тайымды алдым жүгендеп,

Сипап шықтым бір түсін.

Тұрманымды түгендеп,

Ерттеуге кеп кірістім.


Салдым жұмсақ пішпегін,

Үстіне оның тоқымды.

Тоқымға кеп түсті ерім,

Болды ерекше қонымды.


Құйрық – жалын ұйысқан,

Тал – тал қылып тарадым.

Салып оған құйысқан,

Сәл шегініп қарадым.


Төс тарпаған айырып,

Үзеңгіні түсірдім.

Мықтап тарттым айылын,

Жеткенінше күшімнің.


Омырауға әдемі,

Өмірділік байладым.

Мініп атқа ал енді,

Көкпар тартып ойнадым.




Ат әбзелдері.

Әзірлеген Қыдыралы Қойтай.
Жүген Бұзауөрме

Салғардылық Бұзаутіс

Белдік Тізгін

Шапайыл Тартпа

Тоқым Төсайыл

Аткөрпе Доғабас

Қанжыға Аткөпшік

Үзеңгі бау Бөктерме

Атсоғар Үзеңгі

Дойыр Құйысқан

Бүлдірген Қамшы

Ауыздық Бұзауөрім

Айыл Ер

Керайыл Боқан ер



Айылбас Бежін ер т.б.

Терлік


Бөктергі

Ердің қасы

Өмірділік

Атышулы қалалар.

Ескен Елубаев.
Қалалар бар әлемде,

Тамсындырған халықты.

Ол қалалар әр елде

Несіменнен даңқты:

Париж – Эйфель

мұнарасымен,

Нью – Йорк – Бродвейімен,

Лондон – Скотланд

Ярдымен,

Москва – Кремлімен,

Вашингтон – Ақ үйімен,

Рим – Корлизейімен,

Афины – Акрополімен,

Стамбул – Ая София

мешітімен,

Дели – Тәж Махал

мавзолейімен,

Санкт – Петербург –

Эрмитажымен,
Копенгаген –

Русалкасымен,

Түркістан – Қожа Ахмет

кесенесімен,

Мехико – халқының

санымен,


Сочи – курорттарымен,

Милан – « Ла Скала»

театрымен,

Ал, Алматы ше?



Меніңше, « Арасан»

моншасымен...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет