Ойын жаттығуларын орындау футболшылардан жеңіске жетуге көп күш көрсетуді талап етеді. Ойын материалдары жалпы сабақ уақытының 50% алуы керек. Әр жаттығу бірнеше серия түрінде, демалу аралығы 2-3 минутпен қысқа уақыт аралығында (10-15 секунд) орындалады. 20 м дейінгі эстафета түріндегі жоғары жылдамдықпен қайта жүгіру өте маңызды. Эстафетадан басқа 10-15 метрге жүгіретін қорытынды жаттығуларды сабаққа қосуға болады. Күрделі қозғалу реакциясын дамыту үшін және қозғалысты жиілету үшін түрлі көру сигналына жүгіру бағытын өзгерте отырып орындалатын жылдамдық жаттығуларын кеңінен пайдалануға болады. Бұл жаттығулар әрбір сигналға әрекет ете отырып, ойын барысында туындайтын күрделі жағдайларды шешуде өз көмегін тигізеді [12, 244 б.].