Практикалық бөлім. І Семинар сұрақтары мен тапсырмалары: 1. Буын дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Әрқайсысына мысал келтір. Буынның тасымалға қандай қатысы бар?
2. Қандай үндестік түрін буын үндестігі дейміз? Буын үндестігінің неше түрі болады? Буын үндестігі сақталмайтын орындарды ата. Мысал келтір. Буын үндестігінің сақталмау себебін түсіндір. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтір.
3. Қандай үндестік түрін дыбыс үндестігі дейміз? Дыбыс үндестігінің түрлерін атап, мысалдар келтір. Дыбыс үндестігінің дауыссыз дыбыстар жүйесімен қандай байланысы бар?. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысал келтір.