Сабақтың мазмұны:
Етістік туралы түсінік;
Етістіктің мағыналық ерекшеліктері;
Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері;
Көмекші етістіктер;
Етістіктің аналитикалық формалары;
Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары;
Етістіктің синтаксистік ерекшеліктері.
Сабақ мақсаты:
Етістіктің семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін таныту.
Теориялық бөлім:
Етістік – сөйлемде заттың қимыл-қозғалысын, әрекеттерін, өзгерістерін, динамикалық және статистикалық қалып-күйін атайтын сөздер.
Етістіктің семантикалық ерекшеліктері.
Қазақ тіліндегі етістіктерді лексикалық мағыналарындағы ортақ мағына арқылы М. Оразов 12 лексика-семанткалық топқа бөледі:
Амал-әрекет етістіктері. Бұл қатардағы етістіктерде іс-әрекеттің объектіге бағытталғанын білдіретін ортақ мағына бар. Сондықтан амал-әрекет етістіктері лексика-грамматикалық мағынасы арқылы сабақты етістік қатарына жатады. Амал-әрекет етістіктері өз ішінен бірнеше лексика-семантикалық топтарға жіктеле алады:
Қоректену етістіктері: ішу, жеу, ұрттау, қарпу, қарбыту, жұту, сораптау, жалау, сору, сораптау, т.б.;
Жасау, құру етістіктері: құру, жасау, жарату, сөгу, өру, тоқу, тігу, т.б.;
Қыру, жою етістіктері: бұзу, күлін көкке ұшыру, жырту, шабу, сою, бауыздау, балталау,т.б.;
Өзгерту етістіктері: бояу, өрнектеу, қырлау, тазалау, бұйралау, өңдеу,т.б.;
Объектіні қозғалту етістіктері: алу, беру, итеру, қозғау, шашу, көтеру, лақтыру, түсіру, құлату, т.б.;
Объектіні толық қамтымайтын етістіктер: керту, найзалау, шымшу, қамшылау, сипау, түрту, сұғу, т.б.;
Объектінің қалпын өзгертетін етістіктер: төңкеру, аудару, бүктеу, жазу, т.б.;
Даралау, бөлшектеу етістіктері: ажырату, жіліктеу, бөлу, боршалау, т.б.;
Достарыңызбен бөлісу: |