Субъектив мәнді етістіктер: азсыну, менсінбеу, білгішсіну, масаттану, т.б.
Қарым-қатынас етістіктері. Бұл қатардағы ЛСТ-ты түрлі заттардың (әсіресе адамдардың) сан алуан қарым-қатынасына байланысты қимылдарды білдіретін етістіктер құрайды.
Теңестіру етістіктері: теңеу, салыстыру, шендесу, дәл келу, т.б.;
Иелену мәнді етістіктер: иелену, ие болу, меншіктеу, тәуелдеу, иемдену, еншілесу, ұрлау, жымқыру, алу, беру, т.б.;
Сәлемдесу, қоштасу етістіктері: қол беру, амандасу, қоштасу, қол алысу, бас изеу, танысу, т.б.;
Құрметтеу етістіктері: құрметтеу, алақанға асалу, ізет көрсету, арқаға қағу, сыйлау, өбектеу, бәйек болу, мәймөңкелеу, т.б.;
Өктемдік жүргізу мәнді етістіктер: әмір жүргізу, билік ету, бір шыбықпен айдау, бас ию, ырқына көну, құлақ асу, тізе бүгу, ауанына көшу, т.б.;
Көмектесу мәнді етістіктер: қол ұшын беру, жәрдем қылу, болысу, сөзін сөйлеу, аузына ақ тамызу, қамқор болу, т.б.;
Жауласу және достасу мәнді етістіктер: тайталасу, керісу, қызыл шеке болу, алқымынан алу, кесе көлденең тұру, дұшпан болу, елдесу, ауыз жаласу, татуласу, т.б..
Етістіктің лексика-семантикалық ерекшеліктері олардың басқа сөздермен лексика-семантикалық байланыс орнатуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |