Жылғы оқу жылында 9 (10)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі НҰСҚаулық



бет1/3
Дата06.06.2022
өлшемі22,8 Kb.
#146068
  1   2   3



2019-2020 жылғы оқу жылында 9 (10)-сынып
білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ


«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына
сәйкес (2019 жылдың 26 қарашадағы № 509 бұйрықпен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) 9 (10) сыныптар білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау келесі нысандарда өткізіледі:
1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан жазбаша емтихан (алгебра);
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика). 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемалары) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10) сынып оқушылары үшін және мектептердің 11 (12) сынып оқушылары үшін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дайындайды. Қорытынды аттестаттаудың мазмұны мен күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.
Әр пән мен оқыту тілі бойынша емтихан жұмыстарының материалдарын дайындау процесі келесі кезеңдерден тұрады.
1. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім басқармаларының мамандары (тренерлері) үшін «Жалпы білім беретін мектептердің 9 (10) сыныптар білім алушыларын қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» тақырыбы бойынша оқыту курстарын ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет