30
Жылуөткізгіштік коэффициенті 0,23 Вт/(м×К) төмен болатын
материалдар көбінесе жылулық оқшаулағыш ретінде қолданылады және
жылуоқшаулағыш материалдар
деп аталады.
Сұйықтардың жылуөткізгіштік коэффициенті λ=0,06 ÷ 0,7 Вт/(м×К), әрі
көптеген сұйықтарда (су мен глицериннен басқа) температура артқан сайын λ
төмендейді. Газдардың жылуөткізгіштік коэффициенті λ=0,005 ÷ 0,5 Вт/(м×К).
Конвекция
– масса мен жылудың тасымалдануын тудыратын орта
бөлшектерінің (газ, сұйық) макроскопиялық орын ауыстыруы.
Нақты
жағдайда конвекция жылуөткізгіштікпен бірге жүреді. Конвекция және
жылуөткізгіштікпен бірге тасымалданған жылу конвективті жылуалмасу деп
аталады. Сұйық пен қатты дененің арасындағы конвективті жылуалмасу
жылуберу
деп аталады.
Жылуберу процесін есептеу үшін ағылшын математигі және физигі
Исаака Ньютонның (1643 – 1727 жж.) заңы қолданылады:
f
w
T
T
F
Q
, Вт, (4.3)
Мұндағы α –
жылуберу коэффициенті, Вт/(м
2
×К); F – жылуалмасу
ауданы, м
2
; Т
W
, Т
f
– қабырға беті мен сұйықтың температурасы, К.
Исаака Ньютонның (1643 – 1727 жж.) заңындағы α жылуберу
коэффициенті ағынның қозғалысы мен беттің пішініне байланысты әртүрлі
критерийлер (Нуссельт, Прандтль және т.б.) арқылы анықталады.
Жылулық сәулелену. Барлық денелер өзін қоршаған ортаға түрлі
жиілікті электромагнитті толқындар таратады. Көптеген қатты және сұйық
денелер 0÷∞ ұзындықта толқын таратады, яғни тұтас сәулелену спектрі.
Газдар белгілі толқын ұзындығы бойынша энергия бөледі.
Кезкелген ұзындықты толқындардың сәуле
бөлуі жылулық энергияға
айналады. Бірақ, толқын ұзындығы 0,4 тен 800 мкм болатын светтік және
инфрақызыл сәулелер үшін бұндай түрленуден пайда болған сәулелер
жылулық деп аталады, ал олардың таралу процесі – жылулық сәулелену
немесе радиация деп аталады. Сәулелік жылуалмасу –
жылуберудің
жылуэнергетикада кең тараған түрі.
Әрбір дене сәуле бөліп қана қоймай, сәулелік энергияны сіңіреді. Егер
жылулық сәуле өзінің жолында қандайда бір денемен соқтығысса, онда денеге
түсетін жалпы сәулелік энергияның бір бөлігі шағылысады, ал бір бөлігі
денеге сіңіп, қалғаны дене қасынан өтіп кетеді де басқа денеге сіңеді.
Осылай денеге түсетін сәуле ағыны үш бөлікке бөлінеді: шағылысқан,
сіңірілген, жіберілген: E
о
=Е
от
+Е
пог
+Е
пр
.
Сәуле бөлу арқылы денелер арасындағы қосынды жылуберілу келесідей
анықталады:
4
2
4
1
0
12
100
100
Т
Т
F
с
Q
п
,Вт, (4.4)
31
мұндағы ε
п
– дененің келтірілген қаралық дәрежесі; с
0
–
абсолют қара
дененің сәулелену коэффициенті, с
0
= 5,67 Вт/(м
2
×К
4
); F – жылуберу бетінің
ауданы, м
2
.
Сәулелік жылуалмасуды қарқындату үшін сәуле бөлуші дененің
температурасын арттырып, жүйенің келтірілген қаралық дәрежесін күшейту
керек. Және керісінше сәулелік жылуалмасуды баяулату үшін сәуле бөлуші
дененің
температурасын азайтып, жүйенің келтірілген қаралық дәрежесін
төмендету керек. Ал, егер температураны өзгертуге болмайтын жағдайда,
сәулелік жылуалмасуды азайту үшін экрандар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: