Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


Қазандықтарда және жылумен қамдау жүйесінде энергияны



Pdf көрінісі
бет30/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы

6 Қазандықтарда және жылумен қамдау жүйесінде энергияны 
үнемдеу 
Өндірістік және жылуландырулық қазандықтарда энергияны үнемдеу

жылумен қамдаудың жабық және ашық жүйелері үшін қазандықтардың тиімді 
жылулық сұлбасын жобалау және есептеуге; бу және су қыздырғыш 
қазандардың 
жұмыс 
істеуі 
кезінде 
энергоресурстарды 
үнемдеуге; 
қазандардағы суды сақтау және үнемдеуге; заманауи реттеуші, бақылаушы 
және басқарушы қондырғыларды қолдануға; қазандарды пайдаланғанда 
энергоресурстарды үнемдеуге негізделеді.
Бу және су ысытушы қазандары бар өндірістік-жылуландырулық 
қазандықтардың жылулық сұлбасының жұмысының негізгі шарттары мен 
әдістемесін 
құрастыру; 
жылуэнергетикалық 
қондырғыларды 
(жылуалмастырғыштар, сорғылар, үрлеп-итеруші машиналар және т.б.) таңдау 
және есептеу; жылулық жүктемелер мен отын шығынын анықтау – олардың 
энергоүнемді жұмысын таңдауға мүмкіндік береді.
Жылулық желілерде энергияны үнемдеу
жылумен қамтамасыз ету 
жүйесі үшін су сапасын арттыру, жылулық пункттерде заманауи 
жылуалмастырғыштарды қолдану, жылуды және су шығынын есептеуші 
аспаптарды орнату, жылулық оқшаулағыштардың заманауи технологияларын 
қолдану, элеватор түйіндерін температура және шығын датчиктері бар 
араластырғыш қондырғыларға ауыстыру сұрақтарын қамтиды.
 
6.1 Аудандық қазандықтар 
Аудандық қазандықтар 
өнеркәсіп пен 
тұрмыстық-коммуналды 
шаруашылықты орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үшін 
арналған, сонымен қатар олар жылуландыру жүйесінде шыңдық жылулық 
жүктемені толықтыру үшін қолданылады. Жылулық қуаты ЖЭО-ң қуатына 
сәйкес келетін аудандық қазандықты тұрғызуға қаражат аз жұмсалады, және 
ондай қазандықты аз уақыт ішінде салуға болады. Сондықтан көбіне ауданды 
жылуландыру үшін алдымен аудандық қазандықтар 
тұрғызылады.
Аудандарды 
ЖЭО-на 
қосуға 
дейін 
осы 
аудандық 
қазандықтар 
жылуландырудың негізгі көзі болып табылады, ал аудандарды ЖЭО-на 
қосқаннан кейін олар шыңдық жылулық жүктемелерді толықтыру үшін 
пайдаланылады (6.1 сурет).
Аудандық қазандықтарға су жылытуға арналған қазандарды немесе 
төмен қысымды (1,2÷2,4 МПа) бу қазандарын орналастырады. Газбен жұмыс 
істегенде су жылытуға арналған қазандарды, ал мазут және қатты отынмен 
жұмыс істегенде төмен қысымды бу қазандарын қолданған дұрыс. 
Технологиялық мұқтаждықтарға бу түрінде және жылуландыруға су түрінде 
жылу бергенде қиюластырылған су-булық қазандар қолданылуы мүмкін. 
Аудандық қазандықтарға қазандарды таңдау барысында олардың жұмысының 
тиімділігі, пайдалану күрделілігі, қаражат шығындары ескерілуі керек.


71 
1 – жүйелік сорғы; 2 – су ысытушы қазандар; 3 – кері айналым сорғысы; 
4 – химиялық тазартылған судың қыздырғышы; 5 – шикі су қыздырғышы; 6 –
вакуумдық дэаэратор; 7 – қосымша су сорғылары; 8 – шикі су сорғысы; 9 –
химиялық су тазалау; 10 – шықтанбаған бу салқындатқышы; 11 – су ағынды 
ілестіргіш; 12 – эжектордың шығындағыш багы; 13 – эжекторлық сорғы 
6.1 сурет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет